Философия тарихында сана жөнінде сұрақтардың қойылуы антика заманынан бастау алғанымен, тек ХІХ ғасырдың ортасында ғана ғылыми тұжырымдамасы қалыптасты
Зигмунд Фрейд
(1856-1939)
З. Фрейд «Мен және Ол», «Тотем мен Табу» және т.б. Еңбектерінде адамның іс-әрекетінің саналылық деңгейден өзге, бейсаналы (санасыздық) деңгейде жүретінін мәлім қылды.
«Super ego» («өзіндік санадан жоғары») – қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары
Сана концепциялары
К. Юнг психикасы бұзылған науқастардың көрген түстерін сараптай келе, түсте онда халықтардың тарихи аңыз-әңгімелеріндегі кейіпкерлердің бейнелерін байқайды. Ол бүкіладамзаттық тәжірибені қамтитын «ұжымдық бейсаналықтың» бар екенін байқап, оны «архетиптер» деп атады
Карл Юнг
(1875-1966)
Архетиптер – адамның түсіне кіретін халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, жіни сенімдеріндегі бір-біріне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, перілер т.с.с. нақтылы мазмұны жоқ бейнелер
Рух
Рухқа қатысты анықтауды қажет ететін сұрақтар:
Рух деген не?
Рух туралы не білеміз?
Рух пен қазақ халқының дүниетанымындағы «аруақтың» байланысы қандай?
Руханилық пен рухани мәдениет жайында не айтуға болады?
Рух адамдар үшін нақтылы зат емес, ол адам болмысында бар болғанымен, денелік түрде сезілмейтін, бірақ бар нәрсе деп қабылданған феномен
Тіл
Тіл – қоғам мүшелерінің бір-бірімен мән-мағыналар алмасудың басты тетігі, сөйлеу, жазу немесе ишара сияқты символдардың көмегімен байланысу қабілеті
Бір мәдениеттің тілін білмейінше оған толық араласу мүмкін емес.
Тілдің жоғалуы мәдениеттің жоғалуына әкелуі мүмкін
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» философиялық трактаты
Шәкәрім Құдайбердіұлы
(1858-1931)
Шәкәрімнің 1928 жылы басылып шыққан «Үш анық» философиялық трактатында өзінің қырық жылғы ізденісіне «анықтар» ретінде тұжырым жасайды. Анық деп тапқан тұжырымдары: