Унитарлық мемлекет – федерациядан өзгеше, өз құрамында федерациялық бірліктер (штаттар, жерлер,
автономиялар, автономиялық республикалар мен округтер) болмайтын, тек әкімшілік-аумақтық бірліктерге
(аудан,облыс т.б.) бөлінетін мемлекеттік құрылымының формасы.
Урбанизация – қала тұрғындарының өсуі.
Утилизация – пайдаға асырып қолдану.
Учредительное собрание – мемлекеттік мәселелер қарастырылатын үлкен жиын.
Уық – шаңырақ пен керегені жалғастырып тұратын иінді ағаш.
Ұжымдастыру – 1) қоғамдастыру. Социалистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдавстыру – ұсақ шаруа
шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социалистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашылық
артельдері т.б. етіп қайта құру: 2) КСРо-дағы 20-жылдардың соңы – 30-жылдардың басындағы ауыл
шаруашылығын өкіметтің қысым жасауымен жаппай ұжымдық шаруашылықтар (колхоздар) етіп құру.
Ұлттық мүдде – үкімет белгілейтін мемлекет мүддесі.
Ұлтшылдық – ұлтты қоғамдық бірліктің жоғарғы формасы ретінде қарастыратын идеология мен саясат.