6. тақырып «Формуляр – үлгі және оның негізгі бөліктері»
Құжаттардың деректемелерінің құрамы:бланкілердегі деректемелердің орналасуы Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат, және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі 33 бұйрығымен белгіленген. Реквизит латын тілінен аударғанда талап етілген , қажет етілген деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасынла қазір ең жоғарғы жиынтық 27. Олар мыналар:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;
ұйым нышаны немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі);
жоғары тұрған органның ресми атауы;
ұйымның ресми атауы;
ұйым туралы анықтамалық деректер;
құжат түрінің атауы;
құжаттың күні;
құжаттың тіркеу нөмері;
кіріс құжатының тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме;
құжаттың құрылған немесе басылып шығарылған жері;
құжатқа қолжеткізуді шектеу белгісі;
хат алушы;
құжатты бекіту белгісі;
бұрыштама;
мәтіннің тақырыбы;
бақылау туралы белгі;
құжаттын мәтіні;
қосымшасы бары туралы белгі;
қойылған қол;
құжаттың келісілу белгісі;
құжаттың келісілу рұқсатнамасы;
мөр;
көшірменің куәландырылғаны туралы белгі;
орындаушы туралы белгі;
құжаттың орындалуы және іске бағытталуы туралы белгі;
құжаттың ұйымға келіп түскен туралы белгі;
құжаттың электронды көшірмесін сәйкестендіргіш.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы құжат бланкісінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ҚР СТ 989 – 96
« Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық талаптары. Стандартының талаптарына сәйкес орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |