Рәміздер-киелі құндылық \



Дата15.06.2023
өлшемі178.34 Kb.
#475087
Рәміздер


«Сұраншы батыр атындағы орта мектебі»КММ



Рәміздер-киелі құндылық



\
Сұраншы батыр ауылы,2023

Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.


Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі - көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.
Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920 - 1991 жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.
Ал, күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.
Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дуниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек ол - мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.
Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен.
Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу.
Екінші кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді.
Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, тертінші - рулық таңба, бесінші - аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей - ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың әрқайсысының өз таңбасы болды.
Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.
1992 жылдың 4-маусымы – тарихи күн. Сол кездегі Республика жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Ресрубликасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсысында за мемлекетілігінің белгісі- рәміздері болып табылады. Терминнің дұрыс пайдаланылуына байланысты 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде «нышандар» деген сөз «рәміздерге» ауыстырылды.
«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деген мағына үстейді. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.
Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпы ұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынылады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік мәртеге ие.
Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдалану тәртібі контитуциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген. Бұл заң Қазақстан Республикасы рәміздерінің 15 жылдығына орай – 2007 жылдық 4 маусымында күшіне енген болатын
Жас мемлекеттің рәміздерін жасауға бүкіл Қазақстанның халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси мәні анық айшыұталған шешімді табу қажет болатын.
Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жауепкершілік кезінде шығарылып отырған. Тудан айырылу -өліммен тең болған. Көңе заманда ұлы дана бабаларымыз Төле би, Әйтеке би Ордабасында кездескеннен кейін Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан.
Мемлекетті туымыздың авторы – еліміздің өнер қайраткері Шакен Ниязбеков.
Жалауды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түсті таңдалуы кездейсоқ емес, ол – адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске алады. Аспандай ашық көк түс, қазақтардың ұлттық түсі. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат, мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар өмірінің ажырамас бөлігі болатын. «Көк» сөзі ежелгі түріктердің тілінен аударғанда «Шығыс» деген мағына білдіреді. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасқан, ежелгі шығыс мәдениетінің қасиетті екенін.
Туымыздың ортасында шұғылалы күн оның астында қалықта ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған. Күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғылысы, қыран және ұлттық өнер бейнесі алтын түстес.
Бүгінгі Елтаңбаның иелері сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханның. Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Шаңырақ әлімнің біртұтастығын, мемлекетің бастауы, отбасы ошағын бейнелейді.Дөңгелек – шығыс халықтарының байырғы дүние танымына етене жақын, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар – мамыржай шуақты өмірмен мейірім – шапағат жылылықтың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін. өгіздің күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдылығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың,тоқшылықтың және материалдық ырыс- несібенің белгісі. Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз – біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес құрылық өкілдеріне ашық деген сөз.
Осы күнгі мемлекеттердің әрқайсысының өзінің ұлттық Әнұраны бар. Олардың бәрін « көру, есту, түсіну дегеніміз- табиғаттың ең тамаша сыйы»,- деген екен ұлы ғалым Альберт Энштейн. Қазақстан Республикасының Әнұраны за адамға зор рухани әсер ететін күш. Қазақтан Республикасы мемлекеттік әнұранының негізі – ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың тас-түйін қорытпасы. Әнұранның авторлары – Шәмші Қалдаяқов (әні), Жумекен Нәжімеденов және Мемлекет басшысы Нурсултан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақтанның болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазастандықтардың ортақ рухани қазынасына айналып кетті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Мемелекетті Елтаңбасының эталондары Елбасының Резиденциясында сақталады.
Рәміздер – бұлар біздің еліміздің, Қазақстанымыздың, яғни Республикамыздың бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Қазақстанның әрбір азаматы оларды құрметтей, қастерлей білуі қажет деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет