63-топ, «Мейірбике ісі» қолданбалы бакалавриат Реабилитациядағы нормативті-құқықты актілер Курс атауы



бет1/5
Дата12.04.2023
өлшемі466.07 Kb.
#472138
  1   2   3   4   5
137039.pptx


Қызылорда медициналықжоғары колледжі
63-топ, «Мейірбике ісі» қолданбалы бакалавриат
Реабилитациядағы нормативті-құқықты актілер
Курс атауы: «Функционалды мүмкіншіліктерді жақсарту»
Курс жетекшісі: Жундабекова С.С
Орындағандар: Айтқожаева Аида
Әбіләшімова Майра
Жарылқасын Айдана
Қали Махат
Мәлік Ақгүл
Қызылорда 2017жыл
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығы)
Медициналық оңалту – науқастардың және мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жойылған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтердің кешені
Медициналық оңалтудың мақсаттары :
  • денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті;
  • тұлғалық және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру,;
  • қоғам өмірінің қалыпты жағдайында интеграция, реинтеграцияның материалдық;
  • әлеуметтік тәуелділігіне қол жеткізу болып табылады

Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 27 ақпандағы № 98 бұйрығы)
  • Мультитәртіптік команда – (бұдан әрі – МТК) медициналық ұйымдардың басшылары МО барлық кезеңдерінде құратын үйлестіруші дәрігердің басшылығымен медициналық оңалту және кешенді оңалту көрсететін әртүрлі мамандардың тобы;
  • биоәлеуметтік функциялар – бұл тіршілік әрекеті мен денсаулық шектеулері жұмыс істеуінің халықаралық жіктемесіне сәйкес индекстер бойынша анықталатын, өзіне қызмет көрсетуге, кеңістікке бейімделуі және уақытқа, қозғалысқа, сезінуге, экономикалық және әлеуметтік тәуелсіздікке, еңбек және шығармашылық қызметке қабілеттілігі.
  • оңалту әлеуеті – биоәлеуметтік функциялар, сонымен қатар әлеуметтік-қоршаған орта факторларын есепке ала отырып, оңалтудың айқындалған мақсатына жетудің белгілі бір уақыт аралығында клиникалық негізделген мүмкіндігі

  • Оңалту мақсаты – жоспарлы, өзіндік, өлшеулі, нақты қол жеткізілген, уақытпен белгіленген жүргізілген оңалту шараларының нәтижесі;
  • Оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асыру бойынша өткізілген оңалту іс-шараларынан кейінгі күтілетін нәтиже;
  • Жеке оңалту бағдарламасы – науқастарға және мүгедектерге өткізілетін оңалтудың нақты көлемін, түрін және мерзімін анықтайтын құжат;
  • Оңалту картасы – зерттеу жүргізілген, оңалту емінің нәтижесі көрсетілген науқастың объективті жағдайы туралы деректер жазылған (ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 107-е нысаны) бастапқы медициналық құжаттаманың нысаны;

  • Халықаралық өлшемдер (индекстер, шкалалар, тестер) – медициналық оңалту көлемін, тактикасын, кезеңділігін анықтайтын адамның оңалту әлеуетін, биоәлеуметтік факторлар бұзушылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін медициналық оңалту құралдар;
  • Әлеуметтік қызметкер – денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнайы әлеуметтік қызметте қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес қажетті біліктілігі бар қызметкер;
  • Емдеуге жатқызу бюро порталы – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға пациенттерді бағыттауды электронды тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет