Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ұлттық университеті
«6D020500 – ФИЛОЛОГИЯ» (ҚАЗАҚ ТІЛТАНУЫ) МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
бағдарламасы
Астана, 2014
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «6М020500 – Филология» мамандығының типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды
Бағдарламаны құрастырған:
филология ғылымдарының докторы, доцент Г.О.Сыздықова
Бағдарлама қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде қаралды.
«30» маусым 2014 ж. № 10 хаттама
Кафедра меңгерушісі: ______________________________ Қ.Қ.Сарекенова
ТҮСІНІК ХАТ
«6D020500 – Филология» (қазақ тілтануы) мамандығы бойынша философия докторларын (PhD) даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады:
- мемлекеттік стандарт негізінде;
- Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының Классификаторы негізінде;
- оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттар негізінде;
- докторанттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;
- белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде.
Докторантурада «6D020500 – Филология» (қазақ тілтануы) мамандығы бойынша мамандар даярлау екі бағытта жүргізіледі:
- бейіндік;
- ғылыми және педагогикалық.
Докторантураның білім беру бағдарламасын толық меңгерген және докторлық диссертация қорғаған тұлғаға «6D020500 – Филология» (қазақ тілтануы) мамандығы бойынша «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.
«6D020500 – Филология» (қазақ тілтануы) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы – 3 жыл.
Докторантураға қабылданушы қазақ тілтануы, оның ішінде қазақ тіл білімінің диахронды және синхронды аспектілерінен, тіл біліміндегі жаңа бағыттар мен басымдықтардан докторлық дәрежеге ізденуші ретінде ғылыми бейімділік қалыптастыратындай жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, қазақ тілтану ғылымының іргелі қағидалары, жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланысы, ғылым дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелері бойынша білім-пайымын таныта алуы қажет.
Емтихан қабылдау формасы. Емтихан ауызша түрде қабылданады. Емтихан сұрақтары кафедра мәжілісінде мақұлданып, университет ректоры бекіткен.
Емтихан тақырыптары
Тіл білімінің өзекті мәселелері
1.Тіл білімі іліміндегі парадигма ұғымы.
Ғылыми парадигма ұғымы. Тіл біліміндегі парадигма ауысымын анықтайтын факторлар. Тіл білімінің қазіргі кезеңдегі мәселелері. Тілдің парадигмалық айрықша белгілері. Тіл білімімен байланысты жаңа ғылымдар парадигмасы: лингвогносеология, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, нейролингвистика, лингвопраксеология, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, лингвопалентология.
2. Функционалдылық және функционалды грамматика.
Функционалды лингвистиканың негізгі ғылыми мектептері Функционалды грамматиканың зерттеу нысаны, негізгі принциптері. Функционалды-семантикалық өріс теориясы, оның сипаты мен құрылымы Моноцентрлі (бір орталықты), полицентрлі (көп орталықты) функционалды-семантикалық өрістер. Дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың арақатынасы.
3. Мәтін және дискурс. Дискурс және дискурстық зерттеулер.
Мәтіннің қоғамда атқаратын қызмет түрлеріне қарай бөлінуі, құрылымы, олардың бір-бірінен айырмашылығы, ортақ заңдылықтары. Мәтіннің ақпараттық, коммуникативтік, эстетикалық, кумулятивтік қызметі, олардың уақыт және кеңістік ұғымдарымен байланысы. Дискурс туралы жалпы түсінік. Дискурстың теориялық негіздері мен талдау әдістері, зерттелуі.
4. Антропоөзектік бағыт.
Антропоөзектік бағыттың қазақ тіл білімінде қалыптасуы, зерттеу нысаны. «Тілдегі адам» немесе «адамның тілі» проблемасының антропоөзектік бағыт бойынша зерттелу сипаты. Бұл бағыттың лингвистиканы ғылымның басқа салаларымен жалғастырудағы рөлі, маңызы. Негізгі қағидаттары мен ұстанымдары. Ұлттық сана, оның тілдегі көрінісі.
5. Аталым теориясы.
Аталымның лингвистикалық табиғаты; онтологиялық және гносеологиялық мәселелері; аталым, референттілік, мағына, мән, аталымның когнитивтік аспектісі; аталым теориясы және сөзжасам мәселелері. Екінші аталым, тілдік семантика, лексикалық таксономия; функционалды грамматика; функционалды синтаксис мәселелері. Аталымның жасалуындағы сананың, танымның, ойлаудың тілдегі таңбасы. Таңба-аталымның қалыптасуы, белгілері, дамуы. Ұлттық таңбалардың негіздері – белгі, нышандар халық болмысындағы әмбебап категориялар.
6. Семиотика.
Семиотиканың негізгі бағыттары мен ұғымдары. Семиотикадағы таңба ұғымы және таңбалар жүйесі. Таңбалардың функционалды категориялары. Лингвистикалық зерттеулердегі семиотиканың рөлі. Ғылым мен мәдениеттегі семиотиканың даму бағыттары.
Тіл білімінің/қазақ тіл білімінің философиялық-әдістанымдық мәселелері
1. Лингвистика және тіл философиясы.
Лингвистика және тіл философиясы: ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Лингвистикалық білімнің жалпы ғылыми және философиялық аспектілері. Тіл мен философияның байланысы. Тілдің мәні, таңбалық сипаты, шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің арақатынасы және т.б.мәселелердің зерттелуінің философиялық бағыт-бағдары, принциптері. Тіл философиясының зерттеу салалары: тіл, болмыс және ойлау. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі жаңа бағыттардың философиялық негіздері.
Тіл білімінін философиялық проблемалары: тілдің табиғаты мен мәні, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл жүйесі мен құрылымы, тілдің таңбалық сипаты, тілдік мағына, тілдің шығуы, эволюциясы мен тарихы, тіл философиясының пайда болуы мен дамуы т. б. Тіл туралы анықтамалардың онтологиялық және гносеологиялық аспектілері.
2.Тіл антиномиялары және тіл білімі антиномиялары.
Антиномия ұғымы туралы Ф. де Соссюрдің лингвистикалық концепциясы. Тіл білімі антиномиялары. Тіл және сөйлеу антиномиялары. Таңбаланушы (белгіленуші) және таңбалаушы (белгілеуші). Синтагма және ассоциациялар теориясы. Сөйлеу әрекеті антиномия ретінде.
Тіл, ойлау және тұрмыс. Тіл және қоғам. Мағына және мән. Сөз туралы философиялық рефлексия және оның лингвистикалық ілімдердің дамуына әсері. Уақыт диалектикасы және тіл. Тілді талдау әдістері: талаптарға жарамдылық, репрезентативтілік (сыпаттылық); әдістер қоспасы (синтезі); сандық және сапалық әдістер; интроспекция; контент-талдау, интент-талдау және басқалары. Жеке лингвистикалық пәндердің (әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика т.б.) әдістері.
3. Қазақ тіл білімінің философиялық-әдістемелік негіздері.
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі жаңа бағыттар мен мектептердің философиялық негіздері: когнитивтік лингвистика, экологиялық лингвистика, функционалдық және коммуникативтік грамматика, психологиялық және әлеуметтік лингвистика, т.б.
Тіл білімінің жаңа бағыттары
1. Компьютерлік лингвистика.
Компьютерлік лингвистиканың қолданбалы тіл біліміндегі жаңа бағыт ретінде қалыптасуы мен дамуы, зерттеу нысаны, мақсаты. Компьтерлік лингвистиканың маңызды мәселелері: автоматты оқылатын лингвистикалық жүйе мен лингвистикалық курс арасындағы автоматтандырылған және автоматтандырылмаған қатынасты анықтау.
Компьтерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар: табиғи тілді автоматты өңдеу, компьютерлік лексикография және машиналық аударма, ақпараттық-іздеу тілдері және тезаурус, қарым-қатынасты модельдеу, гипермәтіндік технологиялар, тілдерді оқытудағы компьютерлік технологиялар, тілдердің ұлттық корпусы, зерттеушілерге арналған ресурстар (қорлар), лингвистикалық порталдар мен лингвистика бойынша блоктар.
2.Психолингвистика.
Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Тіл онтогенезі, сөйлеудің өңделіп шығуы, сөйлеуді қабылдау (түсіну), психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, патопсихолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері.
3.Нейролингвистика.
Нейролингвистика – неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Нейролингвистиканың негізгі ұғымдары.
Қарым-қатынас теориясы, сөйлеу актілерінің теориясы, прагматика.Тіл қызметінің үш құрамы: фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау) және церебрация (мида болатын процесс). Мидың зақымдануы кезіндегі сөйлеу үдерісінде болатын өзгерістер; афазия және оның түрлері; нормадан ауытқушылық және норма. Нейролингвистикалық зерттеулердің неврология мен тіл білімі теорияларын дамытудағы маңызы. Нейролингвистиканың тіл білімі (фонетика, семантика, морфология және синтаксис) салаларымен байланысы.
4.Этнолингвистика.
Тіл және этнос, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, диахрониялық және синхрониялық этнолингвистика, тіл және мәдениет, объективтік шындық және тілдік таңбалау, кеңістік, уақыт және тілдік таңбалау, халықтық таксономия, әлемнің тілдік бейнесі, тіл және стереотиптер (таптаурындар).
5. ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикадағы басым бағыттар.
Антропоцентризм: тілдік тұлға ұғымы, оның когнитивтік және прагматикалық позициядан талдануы. Тілдік семантика қазақ тіл білімінің басым бағыттарының бірі ретінде. Семантикалық зерттеулерді жүргізудің логика-семантикалық амалы. Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық семантикасындағы «концепт» ұғымы, концептілердің типтері. Функционалды грамматика мәселелері, функционалды-семантикалық өріс проблемасы, функционалды-синтаксис, сөйлем түрлерінің және оның мағыналарының функционалдық сипаты. Қазақ тіл біліміндегі паралингвистикалық, прагмастилистикалық, семантикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттану бағыттары.
Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістер
1. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі кездегі қазақ тіліндегі мәдени-тарихи жаңа тенденциялар.
Қазақ тіліндегі тіл дамуының соңғы жылдардағы динамикасы. Қоғамдағы тілден тыс жағдаяттар. Мың жылдықтар шегіндегі қазақ тіліндегі динамикалық үдерістердің комуникативті-прагматикалық сипаты. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы тілдің стилистикалық динамизмі.
2. Қазіргі қазақ тіліндегі термин қабылдау үдерісі және варианттылық, оның тілдік нормаға әсері.
Терминжасам үдерісі. Терминография. Лексикадағы жүйелі үдерістер: кейбір лексикалық топтарды деидеологизациялау, саясаттандыру, метафоризациялау – қоғамдық-саяси жағдайлардың бағасын көрсететін кұрал.
3. Лексикалық семантика және үйлесімділік трансформациясы.
Тілдің пассив құрамындағы лексиканы қолдану ерекшеліктері. Сыртқы және ішкі алмасулардың тілді таратушылар өміріндегі динамикалық үдерістерге жауап беруі. Қазіргі қоғамдық өмір контексіндегі шетелдік сөздер. Жаргондық лексиканы қолданудың ерекшелігі. Қазіргі қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі неологизация типтері. Тілдегі жаңа фразеология, грамматикадағы актив үдерістер: септік функцияларының әлсіреу тенденциялары, синтаксистік ережелердің бұзылуы, морфологиядағы аналитизмнің дамуы. Екпін саласындағы актив үдерістер. Тілдегі жеке бастаманың күшеюі. Ауызша көпшілік коммуникациясы және оның сөйлеу мәдениетіне әсері.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
-
Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы:Ғылым, 2002.
-
Авакова Р. Фразеологиялық семантика. –Алматы,2002.
-
Аяпова Т.Т. Сөйлеу әрекетінің онтогенезі: синтаксистік семантиканың дамуы. –Алматы, 2003.
-
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы:Санат,1996.
-
Ахметжанова З.К. Функциональные-семантические поля русского и казахского языков. −Алма-Ата: Наука, 1989.
-
Әзімжанова Г. Көркем проза прагматикасы. –Алматы, 2005.
-
Әлкебаева Д. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы. –Алматы, 2005.
-
Байтұрсынұлы А. Тіл-құрал. –Алматы:Сардар, 2009.
9. Бондарко А.В. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. −Ленинград, 1983.
10. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. М., 1981.
-
Глухов В.П. Основы психолингвистики. –М., 2005.
-
Ерназарова З.Ш. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық негіздері. –Алматы, 2002.
-
Жакупов Ж. Қазақ тілінің функционалды синтаксисі. – Алматы,1999.
-
Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алматы, 1998.
-
Жұбанов А. Қолданбалы лингвистика: қазақ тілінің статистикасы. –Алматы, 2004.
-
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 2010.
-
Золотова Г.А. Очерк функционального синтаксиса русского языка. – М.,1973.
-
Карлинский А.Е. Методология и парадигмы современной лингвистики. –Алматы, 2009.
-
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1987.
-
Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002.
-
Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. −Алматы, 2007.
-
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы: Ана тілі, 1998.
-
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 2005.
-
Копыленко М.М. Основа этнолингвистики. – Алматы, 1995.
-
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы:Рауан, 1991.
-
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. – Алматы, 1995.
-
Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. –Алматы: Ғылым, 1997.
-
Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. – Алматы: Арыс, 2009.
-
Оразов М.Қазақ тілінің семантикасы. –Алматы: Рауан, 1991.
-
Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасу мен дамуы. –Алматы: Арыс, 2007.
-
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. -Алматы:Қазақ университеті, 2005.
-
Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. -Алматы: Триумф, 2008.
33. Сүлейменова Э. Дискурс в дискурсе казахстанской лингвистики / Современные проблемы дискурса: теория и практика. – Алматы, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |