10. Келісімдік жүйелер
Бюрократиялық авторитарлы жүйелердің трансформациясы және келісімдік жүйелерге өтуі. Билік етуші бюрократияның үлкендігі, полицияның жазалаушылығы, партиялық жүйенің жеткіліксіз институциализациясы, қуатты тәуелсіз кәсіподақтардың болмауы – плюралистік демократияның қалыптасуына немесе тиімді келісімдік жүйеге жол бермеу. Келісімдік саяси жүйенің қалыптасу шарттары. Келісімдік саяси жүйенің негізгі белгілері.
11. Мобилизациялық жүйелер
Мобилизациялық саяси жүйе жүйелердің бір типі ретінде. Мобилизациялық саяси жүйелердің қағидалары. Мобилизациялық жүйенің негізгі белгілері. Мобилизациялық типтің популистік және элитистік саяси жүйелері (ел тануды талдауға бағытталған баяндама).
12. Латын Америка елдеріндегі әскери төңкерістер. Латын Америкасындағы әскери режимнің ыдырауы
Мобилизациялық саяси жүйелердің күйреуі. Латын Америка елдеріндегі әскери төңкерістер. Латын Америкасындағы әскери режимнің ыдырауы.
13. Әлем саяси жүйесінің негізгі даму үрдістері
Жаһандану қазіргі заман әлемнінде негізгі даму үрдісі ретінде. Жаһандық және аймақтық интеграция жағдайында қазіргі мемлекеттердің әмбебапты және ұлттық-мемлекеттік мүдделердің саяси жүйесі. Әлемнің саяси жүйелеріне заманауи жаһандық қауіп-қатерлер.
14. Қазақстанның саяси жүйесі мен трансформация тәжірибесі. Қазақстан саяси жүйесінің бейімделу механизмдері
Қазақстанда посттоталитарлы модернизацияның негізгі кезеңдері. Модернизация кезеңдерінде даму парадигмалары. Қазақстанда саяси биліктің жүзеге асу механизмдері. Саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы – мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірегей және біртұтас ұстаным. ҚР Конституциясын келешекте қолдану әлеуеті. Атқарушы биліктің реформалары. Заң шығарушы биліктің саяси беделін нығайту. Азаматтарды құқықтық қорғау және сот жүйесінің реформалары. Азаматтық қоғам институттарының таңдауы және дамуы. Жемқорлық пен қылмыстылықпен күрес.
Жалпы ұлттық саяси реформа бағдарламасын жүзеге асыру негізінде саяси жүйені нығайтуда Н.Ә. Назарбаевтың ұлт Лидері ретіндегі рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |