Жүйелі оқытуға бейімделу
Біріншіден бейімделу ұғымына анықтама бере өтсек. Жалпы «бейімделу» ұғымы XIX ғасырда пайда болған және биология ғылымында кең тараған, яғни тірі ағзаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде олардың өмірге және іс-әрекетке оңтайлану үдерісі ретінде қарастырылған. Бейімделу ұғымы кейіннен тек тірі ағзаларға ғана емес, сонымен бірге жеке адам мен ұжымның тәртібіне қатысты да қолданыла бастады. Психология ғылымының бейімделу теориялық сипаттамасында адам кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну үшін әр түрлі жағдайларға икемделе, бейімделе алуы өте маңызды екендігі көрсетілген. Латын тілінен аударғанда «бейімделу»— икемделу, үйлесу деген мағынаны білдіреді.
Бейімделудің негізгі мақсаты–оқушылардың бір-бірімен, мұғалімдермен, жаңа оқу жағдайларымен, мектеппен және мектеп ережелерімен танысуына көмектесу.
Мектеп жасындағы оқушылар 1-5-10 сынып кезеңдерінде түрлі бейімделу кезеңдерін бастарыннан өткізеді.
Сатылары:
бірінші сынып оқушыларының мектеп жағдайына бейімделуі;
бесінші сынып оқушыларының орта буын жағдайларына;
оныншы сынып оқушыларының бейіндік оқу жағдайларына бейімделуі.
1-ші сыныптағы бейімделу
Бірінші сынып оқушысы:
эмоционалдық оқушы;
тым әсерленгіштік қасиетке ие;
жұмыс қабілеттілігі төмен;
тез шаршайды;
зейіні орнықсыз;
тәртібі сыртқы жағдайларға байланысты;
үлкендерге тәуелді.
Ол қандай қиындықтармен бетпе-бет келеді:
мектепте жаңа талаптар қойылады: назар салып тыңдау, алаңдамау, белгіленген тәртіп пен ережелерге бағыну;
ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібінің өзгеруі, өзіндік мінез-құлқының пайда болуы, өзіне-өзі қызмет көрсету жөніндегі тапсырмаларды орындау;
құрдастарымен жаңа қатынастарға енеді: толқи бастайды, барлық балалар сияқты оқи ала ма, балалар онымен достаса ма, оны сөзбен немесе әрекеттермен ренжітпей ме деген мәселелер алаңдатады.
Достарыңызбен бөлісу: |