6М050700 – Менеджмент мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚтары



Дата03.07.2016
өлшемі68.28 Kb.
#175321


6М050700 – Менеджмент

мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының

СҰРАҚТАРЫ


  1. Менеджмент түсінігі және анықтамасы – басқару ғылымы ретінде.

  2. Менеджмент теориясындағы зерттеу пәні.

  3. Басқару – өндірістің дұрыс әрекет етуі мен дамуы үшін объективті қажетті іскерлік түрінде.

  4. Басқару іскерлігін сипаттайтын басты бағытары.

  5. Мақсат қою – басқару жүйесін қалыптастырудың негізі ретінде.

  6. Басқару механизмінің элементтері.

  7. Менеджмент қалыптасуы шарттары мен алғышарттары.

  8. Басқару теориясы мен тәжірибесінің даму кезеңдері: ежелгі, индустриалды, жүйелік және ақпараттық

  9. Басқару ғылымының дамуына негізгі көзқарастар.

  10. Басқару мектептерін бөлу тұрғысынан көзқарас: классикалық мектеп, ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектеп, адамгершілік қарым-қатынас мектебі және сандық мектеп.

  11. Басқару мектептерінің сипаттамасы және олардың басқару теориясы дамуына үлесі.

  12. Басқаруға жүйелік және жағдайлық көзқарас, оның өкілдері. Үрдістік көзқарас, оның сипаттамасы.

  13. Бизнес сферасы және басқару сферасы. Бизнес стратегиясы мен тактикасы.

  14. Бизнес субъектілері. Кәсіпкерлік бизнес – бизнес жүйесінің элементі ретінде, оның негізгі компоненттері.

  15. Қазіргі нарықтық экономика ерекшеліктері.

  16. Нарықтық экономика жүйесі: маркетинг жүйесі, халықтың жұмыспен қамтылу жүйесі, бәсекелестік және монополизмді мемлекеттік реттеудің жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың акционерлік формасының жүйесі.

  17. Микро және макродеңгейде нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңдері.

  18. Қазақстанның әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономикаға оңтайлы ену қағидасы.

  19. Ұйым түсінігі. Ұйым өмірлік циклының концепциясы.

  20. Ұйымның жалпы сипаттамалары: ұйым мақсаты және құрылымы.

  21. Ресми және бейресми ұйымдарды құру механизмі және олардың сипаттамалары.

  22. Басқару еңбегі және оның ерекшеліктері. Тік және көлденең еңбек бөлінісі.

  23. Басқару деңгейлері. Басқару объектісі және субъектісі.

  24. Ұйым жетістігін құраушылар. Әлеуметтік жауапкершілік және менеджмент этикасы.

  25. Ұйым ішкі ортасы түсінігі. Ұйымның ішкі ортасын талдау: фирманың ішкі ортасы туралы ақпарат, ұйым мақсаты мен міндеттерін түзету, ұйымның өмір сүруінің әлеуметтік жағдайлары.

  26. Фирманың ішкі ортасының элементтері: өндіріс, персонал, басқаруды ұйымдастыру, маркетинг, қаржы және есеп.

  27. Ұйымның ішкі айнымалылылары – мақсаты, құрылымы, міндеті, технология, адам және олардың фирма жетістігіне ықпалы.

  28. Ұйымның сыртқы ортасы түсінігі. Тікелей әсер ету ортасы.

  29. Ұйым операцияларына әсер етуші факторлар: жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заңдар және мемлекеттік реттеу мекемелері, тұтынушылар және бәсекелестер. Сыртқы орта факторларының өзара байлан.

  30. Сыртқы орта күрделілігі, жылдамдығы және белгісіздігі. Жанама әсер етуші сыртқы орта: технология, экономика жағдайы, әлеуметтік – мәдени факторлар, саяси факторлар.

  31. Жоспарлау қызметінің мәні және мазмұны. Жоспарлау үрдісі шегінде басқару іскерлігінің қызметі.

  32. Жоспарлау формалары мен түрлері. Жоспардың түрлері. Жоспарлау үрдісінің кезеңдері.

  33. Стратегиялық менеджмент концепциясы. Стратегиялық жоспар даярлаудың әдістері, жолдары және ережелері.

  34. Ұйым мақсатын жасау. Ұйым мақсатының типтері: ресми, жедел, операциялық.

  35. Ұйым мақсатын қою үрдісі. Мақсаттарды тік және көлденең сәйкестендіру.

  36. Тактикалық және индикативтік жоспарлау. Тактикалық жоспар сипаттамасы. Индикативтік жоспарлар жүйесі.

  37. Фирма ішіндегі жоспарлау, оның мақсаты және ұйымдастырушылық құрылымы.

  38. Фирманың бизнес-жоспары: мәні, құрылымы және негізгі бөлімдерінің сипаттамасы.

  39. Стратегия таңдау. Стратегияны жүзеге асыруды жоспарлау және оны бағалау. Мақсат бойынша басқару.

  40. Ұйымдастыру қызметінің мәні және мазмұны. Қызметтерді, өкілеттіліктерді, жауапкершілікті бөлу.

  41. Фирманы ұйымдастыру қағидалары. Басқарулатын объект іскерлігін регламенттеу.

  42. Өндіріс аппаратын оңтайлы құру. Негізгі және айналым қор орындалуын рационалды ұйымдастыру.

  43. Өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру.

  44. Мотивация теориясының мәні. Мотивация үрдісі, оның логикасы және құрамдас бөлігі.

  45. Мотивацияның мазмұндық теориясы: А.Маслоудың иерархиялық қажеттілік теориясы, МакКлелланд қажеттілік теориясы.

  46. Мотивацияның процесуалдық теориялары: күту теориясы, әділеттілік теориясы, Партер-лаулер моделі.

  47. Басқарудағы коллегиалдық. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

  48. Бақылау мәні және қажеттілігі. Бақылаудың түрлері: алдын ала, ағымдағы және қортынды.

  49. Бақылау үрдісінің моделі. Бағалау стандарттары мен критерийлерін даярлау. Нақты нәтижені қойылған стандарттармен салыстыру. Қажетті түзетулерді енгізу.

  50. Талаптар – бақылау критериі. Бақылаудың уақтылылығы мен икемділігі.

  51. Тиімді бақылау сипаттамасы: қарапайымдылығы, үнемділігі, стратегиялық бағытталуы және нақты нәтижеге қол жеткізу. Бақылаудың іс жүргізушілік аспектілері.

  52. Басқару жүйесіндегі ақпараттың мәні және оның шектеулі талаптарға сай болуы. Басқарушылық ақпараттың классификациясы және оның шктеулі талаптарға сай болуы. Басқару жүйесіндегі ақпараттың айналуы.

  53. Басқару үрдісінің ақпараттық мазмұны. Басқару үрдісінің параметіріне ақпараттың әсері.

  54. Фирма ішіндегі ақпарат жүйесі – негізгі қағидалары, мақсаты, міндеті және қызметі. Ұйымды басқару жүйесінде ақпаратты жинау, өңдеу және өңдеу үрдісі.

  55. Қазақстан экономикасын басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету.

  56. Ұйымдағы коммуникация және басқару тиімділігі.

  57. Коммуникация түрлері: ұйым және қоршаған орта арасындағы коммуникация; бөлімшелер мен деңгейлер арасындағы коммуникация; бейресми коммуникация.

  58. Коммуникация үрдісінің элементтері мен кезеңдері. Коммуникациядағы кедергілер және оларды жою жолдары.

  59. Ұйымдастырушылық коммуникация және олардың табиғаты. Коммуникациялық үрдіс моделі.

  60. Менеджменттегі биліктің қажеттілігі. Билік және ықпал ету формасы, олардың сипаттамасы және менеджмент тәжірибесінде қолдану.

  61. Билік балансы және ықпал ету. Қол астындағыларға басқарушылық ықпал етудің әдістері: эмоционалды және ақылға сай ықпал ету.

  62. Менеджмент тәжірибесіндемарапаттау мен мәжбүр етуге негізделген билікті қолдану.

  63. Дәстүрлік және заңдық билік, мәдени құндылықтар арқылы ықпал ету. Харизма арқылы ықпал ету. Ықпал етуді тәжірибеде қолдану.

  64. Қол астындағыларға жағымды ықпал ету әдістері. Темперамент және мінез-құлық типтерінің негізгі сипаттамасы. Менеджер авторитеті, оның түрлері.

  65. Қайшылық табиғаты. Қайшылықтың пайда болу көзі. Қашылықты шешу әдістері. Қашылықты шешуде басшылық іс-әрекеттері.

  66. Қайшылықты басқару, қайшылықтарды болдырмау жолдары: педагогикалық жән әкімшілік. Ұйымдағы қайшылықтың негізгі типтері.

  67. Күйзеліс мәні, оның себептері. Күйзеліс моделі. Күйзеліс типтіккөріністері. Күйзеліске алып келетін факторлар. Күйзелісті басқару.

  68. Өзгерістерді басқару. Ұйымдағы өзгерістерді жетістікпен басқару үрдісі.

  69. Мақсатты өзгерту, құрылымдық өзгерістер, технология мен міндеттерді өзгерту, адам факторын өзгерту.

  70. Ұйымдық даму. Ұйымдық даму шаралары. өзгерістерді басқару үрдісінің кезеңдері.

  71. Басшылық стилінің түсінігі мен сипаттамасы. ГРИД басқару торы. Өкілеттілікті басшының жүзеге асыру әдістері.

  72. Басқарудың негізгі және қосалқы типтері. Басқару элементтері (іс-жүргізушілік элементтер).

  73. ГРИД жүйесінде менеджер іс-әрекетінің сипаттамасы.

  74. Басқарудың қосымша стильдері: патернализм, оппортунизм, фасадизм.

  75. Менеджерге қойылатын негізгі талаптар. Нарықтық қатынас жағдайында менеджер имиджі.

  76. Қарым-қатынас – адам өмірінің негізгі формасы. Қарым-қатынас үрдісінің моделі. Менеджер қарым-қатынас деңгейінің ұйым әрекетінің жетістігіне әсері.

  77. Қарым-қатынас формалары: жанама және контактілік. Қарым-қатынас компоненттері.

  78. Ұйымдағы қарым-қатынас арналары мен өтетін ақпарат ролі.

  79. Қарым-қатынасты ұйымдастыру (технология), оның негізгі кезеңдері.

  80. Жиналыс басқару іскерлігінің басты формасының бірі ретінде. Іскерлік жиналыс түсінігі және бағыты. Іскерлік жиналыс жіктелуі.

  81. Іскерлік жиналыс өткізуді ұйымдастыру технологиясы. Жиналысқа қатысушыларды орналастыру схемасы.

  82. Жиналысқа қатысушылардың оның ұзақтығына қарай жағдайы. Жиналыс өткізу тиімділігінің шарттары. Шешім бағасын анықтау.

  83. Келіс сөздер – келісімге келу құралы ретінде. Іскерлік келіс сөздер түсінігі және мазмұны. Іскерлік келіс сөз жүргізу моделі.

  84. Іскерлік келіс сөз жүргізу әдістері: варияциялық әдіс, интеграция әдісі, теңестіру әдісі, компромис әдісі.

  85. Келіссөз жүргізу әдістерін қолдануда нақтылаушы әдістер, қағидалары.

  86. Іскерлік келіссөз нәтижесін талдау, оның мақсаты, бағыттары. Келіссөз тиімділік шарттары.

  87. Басқару этикасы. Менеджмент жүйесінде басқару мәдениетінің түсінігі. Басқару еңбегі мәдениетінің ерекшелігі, оның басты нормалары.

  88. Басқару еңбегі мәдениетінің негізгі элементтері.

  89. Жұмыс орнынұстау мәдениеті. Бұхаралық шараларжүргізу мәдениеті.

  90. Келушілерді қабылдау мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті. Басшы мәдениетін ұйымдастыру.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет