ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
Бекітемін:
Оқу ісі жөніндегі проректор
______ э.ғ.д.,проф.Сагинтаева С.С.
_____________________________
6М050900 «Қаржы» мамандығына арналған емтихан бағдарламасы
АСТАНА 2014ж
Перечень дисциплин вступительного экзамена по специальности 6М050900 - «Финансы»
№ п/п
|
Наименование дисциплины
|
Количество вопросов
|
1
|
Қаржы
|
50
|
2
|
Салық және салық салу
|
50
|
3
|
Ақша, несие, банктер
|
50
|
«Қаржы» пәні бойынша курстың бағдарламасы
1-тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі.
Қаржы ұғымының мазмұны, қаржының экономикалық категория ретіндегі нышанын анықтау, қаржының бөлу және бақылау функцияларының мәнін үйретеді.
Қаржы ұғымы. Қаржының қажеттігі мен экономикалық мәні. Қаржының функциялары. Құндық экономикалық категориялардың өзара әрекеттестігі. «Қаржы» ұғымы қоғамдық өнімді ақша түрінде бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың ауқымды саласын қамтиды. Ұдайы өндіріс бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді үздіксіз процесстердің - өндіріс, бөлініс, алмасу және тұтыну процестерінің ұштасуы арқылы іс жүзіне асады. Қаржыға қатысты алғанда функция осы экономикалық категорияға тән қызмет ауқымын, оның мәнін іс-кимылдағы көрінуі, өзіндік бейнелену тәсілдерін білдіреді. Қазыргі уақытта қаржының бөлушілік және ұдайы өндірістік функциясы бойынша қаржы: бөлу және бақылау сияқты екі қызмет атқарады.
2- тақырып. Қаржы жүйесін ұйымдастыру
Қаржы жүйесі ұғымы қаржының өте жоғары жетілгенін анықтайды, мемлекеттік қаржының құрамын және оның қаржы жүйесіндегі рөлін мінездейді. Қаржы жүйесінінің ұғымы. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары. «Қаржы жүйесі» ұғымы қатынастар жиынтығын қамтиды, ол қатынастар негізінде ақшалай қаражаттардың, сондай-ақ бұл қатынастарды ұйымдастырушы органдардың тиісті қорларында қалыптасады және пайданаланылады. «Жүйе» термині өзара баланысты элементердің шығын жүйелердің іс-әрекетін білдіреді. Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпаттағы жүйе.
3-тақырып. Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасының маңызды учаскесінде қаржылық жағдайды шешудің әдістерін анықтау. Бүгінгі Қазақстанның қаржы саясатын жүзеге асырудағы рөлі. Әлеуметтік-экономикалық процестегі қаржы саясаты мен қаржы механизмнің мәні және маңызы. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттарымен принциптері. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы. Қаржы тұтқалары. Қаржы саясаты – мемлекеттің өз міндеттері мен қызметтің қаржы саласында іске асыру үшін жүргізетін нысаналы іс-шараларының жиынтығы.
4-тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастыру қағидаттарының коммерциялық бастамамен шаруашылық жүргізуші субъектілерден және коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардан өзгешелігін анықтау. Ш.ж. с. қаржысының жұмыс істеу негіздері. Ком-қ негізде жұмыс істейтін кәсіп-дың қаржысы. Ком-қ емес ұйымдар мен мекемелерінің қаржысы. Шаруашылық субъек-ң жүргізу қаржысы – қаржы жүйесінің ерекше бөлігі, саласы. Оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды.
5-тақырып. Мемлекет қаржысының сипаттамасы. Мемлекеттің табыстары мен шығыстары.
Мемлекеттің қаржысының құрамын және мемлекеттің қаржысының экономикалық мәнінің неде екенін анықтау. Мемлекет қаржысының ұғымы.
Мемлекет жанама шығындарды теңестіру үшін келесі шараларды реттеуші жүргізеді: зиянды әсер болатын жағдайларға жеткізбеу үшін заңнамалық шектеу енгізу; құйылым шығындарына тең салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субьектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-теңдік күйін қалыптастырады.
6-тақырып. Салық және салық жүйесін ұйымдастыру.
Салықтардың экономикалық мәні – олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығымен танысулары тиіс: салықтың экономикалық табиғаты неден тұратынын қарау және салықтардың бюджеттік процедура қалай жүргізілетіндігін үйрету.
Салық салу механизмі. Салық жүйесін ұйымдастыру. Салық алуды ұйымдастыру.
Салықтар – мемлекет біржақты бекіткен, заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
7-тақырып. Мемлекеттік бюджет
Бұл сабақта төмендегі ұғымдармен танысулары тиіс: мемлекеттік бюджеттің экономикалық табиғаты неден тұратынын қарау және республикалық бюджеттің бюджеттік процедура қалай жүргізіледі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі. Бюджеттік жүйе.Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджет балансы.
Мемлекеттің қаржылық қатынасы кәсіпорындарымен, ұйымдарымен, жеке тұлғаларымен, қарым-қатынастарымен жинақталады.
8-тақырып. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастардың ерекшеліктері мен таныстыру. Бюджеттен тыс қорлардың мәні. Қазақстанда бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры. Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
9-тақырып. Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш
Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш қаржысын ұйымдастыру қағидаттарының заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін өзгешелігін анықтау. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыштың мәні мен мазмұны. Мемлекеттің кредиттің нысандары мен әдістері. Мемлекеттік борыш және оны басқару. Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін.
10-тақырып Үй шаруашылықтарының қаржысы.
Үй шаруашылығының қаржысы қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Үй шаруашылығының қаржысың пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен алалдардан қашқысы келетін тапсырыскелерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседін үйретеді. Үй шаруашылығының қаржысы. Үй шаруашылығының қаржысы қызметі.Жеке басты үй шаруашылығының қаржысы түрлері.
Үй шаруашылығының қаржысы- қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі.
11-тақырып. Сақтандыру
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін үйрету. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру. Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.
12-тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.
Бұл сабақта экономиканың белгіленген бағытта дамуын үйлестіріп отыруға арналған мемлекеттің қаржы, баға, ақша несие саясатының бағытын анықтағанда, қоғамның экономикалық және әлеуметтік мүдделерге ықпал ету формаларымен әдістерін қолдану ағымдағы және болашақтағы мақсат міндеттерге байланыстылығын білдіру. Қаржылық реттеудің мазмұны мен міндеттері. Салықпен реттеу. Бюджеттік қаржыландыру кезіндегі мемлекеттік реттеу. Экономикалық процестрердің мемлекет тарапынан реттелуі кез келген қоғамдық жүйенің басқару элементі болып табылады.
13-тақырып. Қаржы нарығы
Қаржы нарығы экономикалық түрлі шаруашылық жүргізушінің реттейтін нарық қатынасының бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғымы, қаржы нарығы ұғымы валюта несие капитал нарығымен қоса отырып, кеңінен түсіндіріледі. Қаржы нарығы туралы ұғым. Қаржы нарығының құрылымы. ҚР орталықтандырылған жоспарлы экономикадан жаңа мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық эономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық мекемелермен бірге қаржы нарығын құруын талап етті.
14-тақырып. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар.
Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігін шет елдерде өнеркәсіп, азаматтық, көлік және басқа объектілер салу құрайды; алайда, қызметтің бұл түрі республикада іс жүзінде қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарын оқыту. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы.Валюта ресурстарының қалыптасуы және пайдалану.
Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы. Экономиканы реттеу процестерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда (схемаларда) ғана болатынын есте сақтаған жөн.
15- тақырып. Қаржы және инфляция
Бұл бөлімде тауарлар мен қызметтерг бағаның өсуі, оның үстіне бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады, ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағамының төмендеуі, ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі ұғындару.
Инфляция экономикалық мәні мен мазмұны. Инфляция салдары. Қаржының инфляциямен өзара байланысы. Қаржы саясатының инфляцияға ықпалы.
«Инфляция» термині ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды.
«Қаржы» пәні бойынша дайындалуға арналған бақылау сұрақтары
-
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мәні, қызметі және ролі.
-
ҚР қаржы жүйесі: түсінігі мен құрылымы.
-
Қаржы саясатының түсіні, оның мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатындағы орны.
-
Фискалды саясаты.
-
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржы механизмі;
-
Қаржылық басқару түсінігі
-
Қаржылық жоспарлау мазмұны және әлеуметтік экономикалық жоспарлау ерекшелігі
-
Қаржы жүйесіндегі негізгі көрсеткіші ретіндегі шарттық жүргізуші субъектісінің (кәсіпорындар, ұйымдардар, мекемелер), оның өндіріс процессіндегі рөлі мен әлеуметтік экономикалық мазмұны
-
Өндірістік және өндірістік емес салаларының қаржысы.
-
Коммерциялық негізде қызмет атқаратын шаруашылық субъектілердің қаржылық ұйымдастыру қағидалары
-
Кәсіпорындағы қаржы менеджменті қабылдауы, оның іске асырылуы.
-
Қаржы менеджмент объектісі, қабылдауы мен өткізу кезеңдері
-
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тұрақтылығы және қаржылық деңгейінің көрсеткіштері
-
Коммерциялық емес қызметтің мінездемесі және оның түрлері
-
Коммерциялық емес ұйымдардар мен мекемелердің материалдық негіздегі қызметтері
-
Ресурстардың қайта бөлінуі мен жетілмеген нарық
-
Мемлекеттік қаржы түсінігі, оның рөлі және қаржы жүйесі қатынастарындағы рөлі. «Мемлекеттік белсенділіктің өсуі» Заңы
-
Мемлекеттік қаржы құрамы, оның буындарына қысқаша мінездемесі.
-
Мемлекеттік қаржының мазмұндық функционалдық ерекшелігі, оның жектегушегімен қаржы жүйесінің құрылындағы көрінісі.
-
Мемлекеттік табыс түсінігі. Табыс диалектикасы. Алғашқы және соңғы мемлекеттік табыс.
-
Салық түсінігі, оның мәні салық қызметі.
-
Салық және салық салу қағидалары және салық салуды ұйымдастыру деңгейі.
-
Мемлекеттік шығындар түсінігі.
-
Мемлекеттік шығындардың құрамы мен құрылымы. Мемлекеттік шығындар топтамасы
-
Мемлекеттің бюджеттің мәні, оның ерекше белгілері.
-
Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде, оныңм функциялары
-
Бюджеттік топтама.
-
Бюджетті құру принциптері
-
Бюджеттік жүйе және бюджеттік құрылым. Бюджеттік жүйені құру принциптері. ҚР бюджет жүйесінің құрамы
-
Бюджеттен тыс қорлардың қажеттілігі мен мәні
-
ҚР Ұлттық Қоры.
-
Мемлекеттік несиелердің мәні мен мазмұны.
-
Мемлекеттік қарыз түсінігі, оның түрлері. Мемлекеттік борышты басқару.
-
Сақтандырудың экономикалық мәні, әрекет ету иесы. Сақтандыру мен қаржы категорияларының жалпы ерекшеліктері.
-
Экономиканы мемлекеттік қаржылық есеп түсінігі, оның қажеттілігі.
-
Қаржылық нарық қаржылық қатынастарды ұйымдастыстыру түрі ретінде.
-
Сыртқы экономикалық қызмет түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.
-
Мемлекеттік төлем балансы.
-
Қазақстанда төлем балансының құрылымы, оның ерекшеліктері, динамикасы.
-
Инфляция мен қаржылардың өзара байланысы мен өзара әрекеті.
-
Инфляция өлшеу. Инфляция түрлері мен типтері.
-
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры. Қор активтерін құру. Қордың инвестициялық қызметі.
-
Мемлекеттік қаржылық бақылау типтері, түрлері, принциптері.
-
Борыштың ішкі және сыртқы көздері.
-
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік саясат.
-
Бюджет процесін ұйымдастыру негіздері.
-
Бюджетті қарастыру мен бекету. Бюджетті атқару мен айқындау.
-
Инфляциялық үрдестерді реттеу мен басқарудың қаржылық әдістері.
-
Қаржылырдың кәзіргі тандағы концептуалды теорияларары.
-
Қаржылар мен қоғамды өндіріс.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Список литературы:
-
Мельников В.Д. Основы финансов: Учебник.- Алматы: ТОО «Изд-во 1ЕМ.- Алматы: 2009., 2011 г.600 стр.
-
Баймуратов У. Финансы Казахстана. Т.2. Избранные научные труды.- Алматы: БИС, 2005.- 320с.
-
Утибаев Б.С. , Жунусова Р.М., Саткалиева В.А. Государственный бюджет: Учебник/ Под общ.ред. к.э.н., доцента Б.С.Утибаева.- Алматы: Экономика, 2006.
-
Нурумов А.А., Аймурзина Б.Т. Государственные финансы, КазУЭФиМТ, 2009, 214 стр.
-
Интыкбаева С.Ж. Государственные финансы. Учебное пособие.- Алматы: «Эверо», 2007.- 148с.
-
Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система Казахстана: становление и развитие. Монография.- Астана: Изд-во КазУЭФМТ, 2008.- 225с.
Дополнительная литература
-
Брайчева Т.В.Государственные финансы.- СПб . Питер, 2001.- 288с. (Серия «Учебные пособия»).
-
Будасова С.А. Финансы, денежное обращение и кредит.- Ростов н/Д: феникс, 2005.- 192с.- (Среднее профессиональное образование).
-
Вигман С.Л. Финансы, деньги, кредит в вопросах и ответах: Учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Прспект, 2005.- 256с.
-
Деева А.И.Финансы: Учеб. пособие. 2-е изд. перераб. и доп. – М.: Издательство «Экзамен», 2004.-416с.
-
Ермасова Н.Б. Шпаргалка по государственным финансам.- М.: Изд-во «Экзамен», 2005.- 64с. (Серия «Шпаргалка»).
-
Игонина Л.Л. Муниципальные финансы: Учеб.пособие.- М.: Экономистъ, 2003.- 330с.
-
Гончарук О.В.и др.. Управление финансами на предприятии. Учеб.пособие, 2002.- 264с.
-
Деньги и финансовые институты: тесты и задачи.. Под ред. И.Т.Балабанова.- СПб., 2000.-
-
Сембиева Л.М. Финансы: Учеб. пособие. 1,2 часть.- Астана, 2011.- 292с.
-
Абрамова М.А., Александрова Л.С. Финансы и кредит: Вопросы и ответы.- М.: ИД «Юриспруденция», 2004.- 184с. (Серия «Подготовка к экзаменам»)
«Салық және салық салу» пәні бойынша курстың бағдарламасы
І.Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салуды құру негіздері
Салықтардың қызмет етуінің себептері мен жағдайлары. Салық нысандарының эволюциясы. Домен және регали. Салықтардың мемлекеттің салықтық емес кіріс көздерінен айырмашылығы.Салықтар экономикалық категория ретінде.Харжылық қатынастардағы салық жүйесінің алатын орны. Салықгардың мәні. Салық функциялары.Салық теориясының қалыптасуы. Жалпы және жеке салық теориялары. Салықтардың ерекшелік белгілері. Салықтың құрылу негіздері. Салық элементтері және оларға сипаттама. Салық салу қағидаларының дамуы. Салық салудың классикалық қағидалары жәнеоның сипаты. Вагнер қағидалары.
2.Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері менбүгінгі жағдайына сипаттама.
«Салық жүйесі» үғымының экономикалық мазмұны. Салық жүйесінің құрылымы. Үйлесімді салық жүйесінің принциптері. Салық жүйесінің ерекше сипаты, артықшылығы мен кемшіліктері. Салық жүйесі функцияларына жалпы сипаттама. Салық салу міндеттемесінің принциптері. Салық салудың әділдігі принципі. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен реформалану кезеңдері. Салық жүйесінің дамуының әрбір кезеңіне баға беру. Бүгінгі салық реформасының концепциясы. Қазакстан республикасынң салық жүйесіндегі салықгардың түрлері мен міндетті төлемдер. Салықтардың жіктелуі.
Қазақстанның салық заңдылықтары. Қазақстан Республикасында салық жүйесін басқару. Салық жүйесінің органыңың қүрамы мен күрьшымы. Салық қызметі оргаңдарының міндеттері, қүқығы және функционалдық міндеттемелері.
З.Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі.
Салық саясатыныңэкономикалық мазмұны. Салық саясатының мақсаты мен міндеттері. Салық саясаты мемлекеттің қаржылық, экономикалық және фискальды саясатының құрамдас бөлігі. Салық саясатының эконмиканың даму ерекшеліктерімен өзара байланысы. Қазақстанда салық саясатының қалыптасуы мен ерекшеліктері. Салықсаясатының типтері, олардың нарықтық экономиканың даму үлгілерімен байланысы. Салық саясатыньщ мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылық багытының жүзеге асырылуымен байланысы. Қазіргі кездегі Қазакстандағы салық саясаты және оның тиімділігі.
«Салық механизмі» ұғымының экономикалық мәні. Салық механизмінің құрылымы. Салық механизмінің салық саясатын жүзеге асырудағы атқаратын рөлі. Салық механизмінің ңегізгі элементтеріне сипаттама. Салықтық жоспарлау және болжау. Салықтық бақылау. Нарықтық экономикадағы салықтық реттеу. Нарықты мемлекеттік реттеудің накты типтері. Салықтар мемлекеттік реттеудің негізгі тетігі ретінде. Салықтық реттеудің міндеттері. Салықтық реттеу тетіктері және оларға сипаттама.
2.БӨЛІМ. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР
4.Көлік құралдарына салынатын салық
Меншікке салынатын салықтардың экономикалық мазмұны және табиғаты. Көлік құралдарына салынатын салықгың жіктелуіне сипаттама, Көлік құралдарына салынатын салықтың құрылу негіздері. Көлік құралдарына салынатын салықгардың реформаланудың негізгі кезеңдері мен олардың мақсаттары. Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер. Салық салу объектісі. Салық ставкалары: құрылу ерекшеліктері мен қолдану механизмі. Көлік құралдары салығынан босатылатын тұлғалардың категориясы. Көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері. Салықты төлеу мерзімі кезіндегі көлік иелерінің жауапкершілігі. Салық есептілігі.
5.Жер салығы
Жер салығының экономикалық мазмұны және жер салығының жіктелуіне сипаттама. Жерге салық салу кезінде салықтарды реттеу функциясы. Салық салу мақсатындағы жер категориясы. Жер салығын төлеушілер.Салық салу объектісі және салық салу базасы. Жер салығын төлемейтін тұлғалар. Жер салығын алудың негізері. Жер салығының салық ставкаларының құрылымы. Бонитет балы. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары. Әр түрлі санаттағы жерлеріне салық салудың ерекшеліктері. Ауьш шаруашьшығына арналған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салық салу. Елді мекендердің жерлеріне үй іргесіндегі жер учаскесін қоспағанда салық салу ерекшеліктері. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне базалық салық ставкалары. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркісңп жерлеріне базалық салық ставкасы. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салық салу ерекшеліктері. Ерекше қорғалатын табиғи аумактардың, орман қоры, су қорының жерлеріне салық саггу ерекшеліктері. Жер салығының ставкасын реттеу: мәні, қажеттілігі және қолдану тәртібі. Жер салығын есептеу және төлеу механизмі. Занды тұлғалардың салығын төлеу мерзімі және есептеу тәртібі. Жеке тұлғалардың салығын төлеу мерзімі мен есептеу тәртібі. Салық кезеңі, салық есептілігі.
6.Мүлік салығы
Мүлік салығының экономикалық мәні мен табиғаты. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу кезінде салық функцияларын жүзеге асыру. Мүлік салығының жіктелуіне жалпы сипаттама. Мүлік салығының жіктелуіне жалпы сипаттама. Заңды тұлғалар мен дара кэсіпкерлерге салынатын мүлік салығының құрылу негіздері. Мүлік салығын төлеушілер. Мүлік салығын ^төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау. Салық салу объектісі. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салық салудың объект бойынша салықтық базасы. Салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салық кезеңі. Салық есептілігі.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салық құрылымының ерекшеліктері. Жеке тұлғ^лардың мүлік салығын төлеушілер. Мүлік салығын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың категориялары. Жекеклеген жағдайда салық төлеушіні аныктау. Жеке тұлғалардың салық салу объектісі. Салық базасы. Салық салу объектісі бойынша салық базасын аныктау тәртібі. Жеке тұлғалардың мүлкінің салық ставкасы және ерекшеліктері мен қолданылуы. Салықты төлеу мен есептеу тәртібі.
3 БӨЛІМ. ТҰТЫНУҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР
7.Қосылған құнға салынатын салық
Тұтынуға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен табиғаты. Қосылған құн салығының экономикалық мәні, жіктелуіне сипаттама. Қазақстанда ҚҚС енгізудің қажеттілігі мен алғышарттары. ҚҚС алғышарттары мен кемшіліктері. ҚҚС негізгі кұрьшымы. ҚҚС төлеушілері: түзету тәртібі және салық есебінен шегерімдер. ҚҚС салу объектісі. Салық салынатын айналым. Салық салынбайтын айналым. Тауарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны.
Салық салынатын айналым мөлшерін аныктау ерекшеліктері. Салық салынатын айналым мөлшерін қолдану механизмі және оның экономикалық мәні. ҚР ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және қызметін жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезінде салық салынатын айналымның ерекшел іктері.
ҚҚС бойынша салық ставкасы және оны қолданудың тәртібі. Нөлдік ставканың атқаратын рөлі және экономикалық мәні. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға сипаттама және нолдік ставканы қолдану қажеттілігі. Нөлдік ставканы қолдану мен ҚҚС босатудың арасындағы қағидалық айырмашыл ықтары.
Салық салынатын импорт. Салық салынатын айналым молшерін айқындау тәртібі. ҚҚС босатылатын импорт. Бюджетке төленетін салық сомасын есептеу алгоритмі. Есепке жатқызьшатын ҚҚС сомасы. Есепкежатқызылмайтын ҚҚС сомасы. Есепке жаткьізьшатңн ҚҚС сомасын түзету. ҚҚС сапынбайтын откізу бойынша айналым болған кезде ҚҚС есепке жатқызу тәртібі, ҚҚС салыгы бойынша есепке жатқызу (барабарлық және бөлек есептеу әдісі бойынша) механизм. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС есептеудің тәртібі және төлеу мерзімі. ҚҚС бойынша салық кезеңі. Салық декларациясын тапсыру мерзімі.
8.Акциздер
Акциздер мәні мен экономикалық табигаты. Акциздер функциялары. Акциздерлің даму эволюциясы. Акцизделетін тауарлар тізбесін айқындау ерекшеліктері: мақсаты, критерийлері. Салық саясатын жүргізудегі акциздердің рөлі. Қазақстанның салық жүйесіндегі акцизедірдің қызмет ету ерекшеліктері. Акцизді төлеушілер. Акциздік тауарлар тізбесі. Акциз ставкалары және оларды қолдану ерекшеліктері. Қазақстан Республикасында өндірілеті, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу. Салық базасы. Салық салу объектісі. Жеңілдіктер. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы. Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импортыы. Импоглталатьін акцизделетін тауарларға акциз төлеу тәртібі және мерзімі.
Достарыңызбен бөлісу: |