7 -тақырып Адам философиясы және құндылықтар әлемі


Бұл қабілеттер өзінен-өзі табииғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді



бет3/7
Дата19.05.2022
өлшемі1.24 Mb.
#457942
1   2   3   4   5   6   7
7 -Тақырып (копия)

Бұл қабілеттер өзінен-өзі табииғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді. 


Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқты жеңуді жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын дәрежеге жеткізу. 
Мұны іске асыру: адамға және мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, үшқаралықтан сақтану керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған ойлары бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

Ортағасырлық діни философияда адам обастан-ақ біріне-бірі қарама- қарсы екі бастаманың:


ТӘН
ЖАН

ТӘН мен жан

Тән мен жанның іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндіріледі. Сондықтан мысалы, Августин адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтін жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен тән бірлігі , жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінеді. Тән өледі, жан өлмейді, о дүниеде құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінан тазару үшін құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады.

Жаңа заман философиясы 

Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдайдың құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деді. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды.Сол заманның философтары Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза осыны үндеді. Француз философы Рене Декарттың: «мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін» -деген қанатты сөзінің мәні осында.

XIX –XXғғ идеалистік философиясы

XIX –XXғғ идеалистік философиясы адамның өмірінің рухани бастамасын асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл-ой арқылы түсіндірілсе, енді бірде керісінше, ақыл-ойдың күшіне сенбеу арқылы түсіндіруге тырысады. XIX ғ классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама – рухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет