8.Дауысты дыбыстардың жақ қатысына қарай
бөлінуін көрсетіңіз.
А) Жуан, жіңішке.
B) Жіңішке, ашық.
C) Ашық, қысаң.
D) Еріндік, езулік.
E) Езулік, жуан.
9.Түбірдің ережесін анықтаңыз.
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек.
D) Қосымша жалғанған бөлшек.
E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
10.Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Қасиеттер, парасат.
B) Сөздік, малақай.
С) Әділет, дәреже.
D) Шұңқыр, домалақ.
E) Бөлшек, жақсылық.
11.Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді
негізге алды.
B) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді
бақылады.
С) Біз сапарға шығар алдында жазушы кітапханасын
ақтарып, біраз кеңескен едік.
D) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.
E) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.
12.Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз.
A) Үйлерге.
B) Қонақтар.
C) Атыңыз.
D) Темірсің.
E) Таумен.
13.Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.
A) Ажарлы.
B) Шашыраңқы.
C) Күллі, тегіс.
D) Әкелді.
E) Келді.
14.Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы
білдіретін сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я
кемдігін салыстыратын сын есім.
C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын
анықтайтын сын есім.
D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық
екендігін білдіретін сын есім.
E) Заттың мезгіл-мекенге қатыстылығын білдіретін сын
есім.
15.Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз.
A) 23 қатар.
B) 105-мектеп.
C) 10 мектеп.
D) X
E) XX-ғасыр.
Достарыңызбен бөлісу: |