Ауызша олимпиаданың ережесі
Ауызша олимпиада кезінде есептің шешуі дәптерге жазылып тапсырылмай қазылар алқасына ауызша айтылады.
Олимпиада бірінші және екінші кезеңнен тұрады.
Қорытындыға дейінгі тұжырымдар (Бірінші кезең)
Олимпиаданың басында қатысушыларға жауап беру парақшасы таратылады. Жауап беру парақшасына қатысушы аты-жөнін, мектебін, сыныбын толық жазу керек. Осы парақшамен қатысушы жауап беруге шығады. Олимпиада аяқталған соң бұл парақша міндетті түрде тапсырылады.
Бірінші кезең тапсырмасын орындауға 2 сағат беріледі. Олимпиада ауызша болғандықтан есептің шешуі қазылар алқасына ауызша айтылады. Есептің толық шешуін дәптерге жазу қажет емес, бірақ дәптерде есептің шығару жолдарының жоспары және есеп кезінде пайдаланатын негізгі теңсіздіктер мен формулалар жазылуы керек.
Бір немесе бірнеше есепті шығарған оқушы жауап беру парақшасымен қазылар алқасына жауап беруге шығады. Жауап беру кезінде түсініксіз жағдайларда тиісті сұрақтар қойылады. Қатысушы тек қана жауап беру кезінде қателерін түзете алады, егерде сол уақытта үлгермесе, дұрыс емес деген шешім қабылданады.
Әр есеп бойынша қатысушы екі рет қана жақындай алады. Екі ретінде де дұрыс толық жауап берілмесе, бұл есеп шығарылмаған деп есептеледі.
Келесі кезеңнің есептерін алу үшін, бірінші кезеңнің 5 есебінің 3-н шығару қажет. Егерде берілген уақыт ішінде 3 есеп шығарылмаса, қатысушы екінші кезеңге қатыса алмайды, сонымен олимпиада бұл оқушы үшін аяқталды деп саналады.
Қорытынды (Екінші кезең)
Екінші кезеңге өткен оқушы басқа аудиторияға ауысады.
Осы қезеңге берілген қосымша есепті шығаруға 2 сағат беріледі. Жауап беру кезінде қатысушы жаңа есептің шешуімен бірге (егерде жауап беру мүмкіндігін толық пайдаланбаса) бірінші кезеңдегі есептің шешу жолдарын айта алады.
Екі кезеңге бөлінген уақыт өткен соң, олимпиада аяқталады.
Қорытынды шығару кезінде қатысушының қазылар алқасына жауап беруге жақындаған саны емес, толық шығарылған есептер саны есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |