ӘОЖ 371.215 (574) Қолжазба құқығында
ҚАЛИЕВА СӘНДІГүл НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2008
Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшілер:
|
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қожахметова К.Ж.,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сырымбетова Л.С.
|
Ресми оппоненттер:
|
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Аганина Қ.Ж.
педагогика ғылымдарының кандидаты Баймолдаев Т.М.
|
Жетекші ұйым:
|
Еуразия гуманитарлық институты
|
Диссертация 2008 жылы ____________________ күні сағат ____ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғау жөніндегі БД 14.50.05 диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, 1 кеңейтілген дәрісхана).
Диссертациямен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2008 жылы «____»_____________ таратылды.
Біріккен диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Н.Ә.Мыңжанов
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайда оқушылар тәрбиесіне, оқыту мен дамытуына жаңа талаптар қою білім беру жүйесіне реформа жасаудың маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетті орындауда жалпы білім беретін мектептердің ролі ерекше. Алайда өткен ғасырдың соңғы онжылдығында қоғамда болған өзгерістер барысында мектепте білім беру жүйесі бұл мақсатты толық жүзеге асыра алмады. Ол жалпы білім беретін мектептерді басқарудың тиімділігі жеткіліксіз болуына да байланысты болып келді. Бұның себебі, әлеуметтік қарым-қатынастардың түбегейлі өзгеруінде. Мәселен, қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени жағдайы көбіне миграциялық процестердің ұлғаюы, оның ішінде оралмандар санының көбеюі, тұрғылықты халықтың қарқынды түрде қалаға көшу ерекшеліктерімен сипатталады. Осы процестер жалпы білім беретін мектепті басқару жүйесін жаңашаландыруды қажет етті.
Жаңашылдықтардың бағыттары Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында былай деп анықталған: «Қарқынды өзгерістер мен ақпарат легінің кең өріс алуы жағдайында негізгі пәндік білім берудің міндетті түрі болып табылғанмен, оның жеткілікті мақсаты емес. Оқушылар білім мен дағдылар жиынтығын тек меңгеріп қана қоймай, оларды өз бетімен іздеп, талдап, құрып, ақпаратты тиімді түрде қолдана отырып, қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті болып шығуы керек» [1].
Демек, қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай туғызатын және олардың үйлесімді дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Олай болса, бұл мақcатқа жету жалпы білім беретін мектептерді басқаруды жетілдірумен астасып жатыр.
Мектепті басқару мәселесі әрқашанда зерттеуші ғалымдар мен педагог практиктердің назарында болды. Мәселен, басқарудың әдіснамалық негіздері В.Г. Афанасьев, А.А. Аганбегян, И.В. Блауберг, М.Р. Захаров, В.П. Кузьмин, М.Н. Кондаков, В.Н. Садовский, Е.Г. Юдин, Д.М. Гвишиани, В.Ю. Кричевский, Г.Х. Попов, И.Т. Фролов және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.
Соңғы уақытта білімді басқару жүйесінің тиімді үлгілерін әзірлеудің қажеттілігі жалпы педагогика теориясына белсенді түрде енгізіліп жатыр. Осы мәселеге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиетті талдау барысында аталмыш саланың бірнеше зерттеу бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттардың ең күрделі және аса өзектісі болып табылатын ұлттық мектепті басқару мәселесі. Осы орайда қазақ халқының ағартушылары мен педагогтары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың көзқарастары біздің зерттеуімізге әдіснамалық негіз болады.
Біз қарастырып отырған мәселе үшін А. Құнанбаев пен Ш. Уалиханов ой-пікірлерінің маңызы ерекше. Сонымен қатар Т.И. Абжанов, А. Нысанбаев тәрізді философтардың еңбектері де маңызды болып табылады.
Қазіргі заманның жалпы білім беретін мектебін басқару мәселесі Н.А. Әбішев, Т.М. Баймолдаев, Ж.О. Жылбаев, М.И. Зверева, В.А. Кальней, К.Д. Қаракұлов, Ю.А. Конаржевкий, В.В. Краевский, Н.Д. Орлов, С.М. Сантурова, В.П. Симонов, П.И. Третьяков, И.К. Шалаев, Т.И. Шамова, С.Е. Шишов, Е.А. Ямбург және т.б еңбектерінде қарастырылған. Олар мектепішілік басқару, педагогикалық менеджмент мәселелерімен айналысқан және мектепті педагогикалық жүйе ретінде, әрі ғылыми басқару нысаны ретінде қарастырып, осы жүйенің тиімді басқарылуы, сәтті қызмет етуі пәрменді басқарушы шағын жүйенің болуына байланысты деп пайымдаған.
Мектеп әлеуметтік жүйе болып табылады. Мектепті басқару және оның жетілдірілуі әлеуметтік жүйелердің пайда болу, даму және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарына байланысты болып келеді. Мұндай мәселелер В.П. Беспалько, В.И. Дружинин, Н.И. Загузов, В.А. Караковский, Е.А. Наин, М.Н. Скаткин, Н.Л. Селеванова, В.И. Слободчиков, А. И. Субетто, В. С. Татьянченко, А. И. Пригожин, И. А. Шарай, Т. И. Шамова және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.
Біздің зерттеуіміз үшін орта және жоғары мектептің педагогикалық процесін тиімді түрде ұйымдастыру мәселесіне арналған Қ. Ж. Аганина, Қ. М. Арынғазин, Б. Әдікәрімұлы, Б. А. Әлмұхамбетов, Ю. К. Бабанский, В.П. Беспалько, М. А. Данилов, М. Ж. Жадрина, Е. Жуматаева, Ж. Ж. Караев, С. Т. Каргин, К. М. Кертаева, Ю. С. Мануйлов, М. И. Махмутов, Н.А. Минжанов, А.Қ. Нургалиева, Л.И. Новикова, П.И. Пидкасистый, А.М. Сидоркин, Ш.Т. Таубаева, Н. Д. Хмель, Г. М. Храпченков, Л. А. Шкутина және т.б. еңбектері мен мектептердің тәрбие жүйесі мәселесіне арналған зерттеулерінің маңызы үлкен болып табылады.
Жалпы білім беретін мектепте иновациялық процестерді басқару мәселелерін Н.А. Әбішев, С.М. Бахишева, А.А. Захаренко, В.С. Лазарев, Н.А. Лебедева, Т.А. Линчевская, Г.Л. Лукпанов, А.К. Рысбекова, А.Н. Тихонов, Ж.Б. Өмірбекова, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. өз еңбектерінде қарастырған.
Педагогтың еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру мәселесін зерттеуге К.Я. Вазина, Г.И. Горская, Л.Ф. Колесников, И.П. Радченко және т.б. үлес қосқан.
Білім беретін мекемелердің дамуын басқару және басқару технологиясын құру мәселесіне Т.И. Березина, Г.Г. Габдулин, Т.Н. Давыденко, М.И. Дмитриенко, Л.П. Кезина, В.С. Лазарев, М.М. Поташник, В.И. Слободчиков, Т.К. Чикмарева, В.Д. Шадриков, В.А. Якунин өз еңбектерін арнаған.
Басқару және оны жетілдіру қазақ мектебінде өзіндік ерекшелігі бар өзекті мәселе болып табылады. Себебі, жаңа типтегі мектептерді (гимназия, лицей және т.б.) басқаруда педагогикалық инноватика орын алғанымен олар жүйесіз, арнайы дағдысыз енгізілген. Бұл жайт көбінесе педагогикалық инноватиканың шығу тегі батыс, еуропалық және ресейлік болғандығына байланысты. Басқаша айтқанда, инновациялық идеяларды жүзеге асыру кезінде мәденилік принципі көп жағдайда толығымен сақталмайды. Осы орайда, Ш.А Абдраман, Ш.К. Беркімбаева, Р. Башарұлы, К.Ж. Қожахметова, Ж.Ж. Наурызбай, және т.б. білім беру жүйесін басқаруға педагогикалық инноватиканы енгізу мен әзірлеуді қазақ ұлттық мектебінің даму мәселелерімен байланыстыра зерделеген.
Жаңа типті мектептерді басқару мәселелері (Ж.О. Жылбаев, Н.И. Хван), соның ішінде ұлттық гимназиядағы педагогикалық инновацияларды басқару мәселесі (Ш. Әмір, Ә. Садуақасұлы, Л.С. Сырымбетова және т.б.) бірқатар зерттеулердің негізгі арқауы.
Алайда, осындай бағыттардың көптігіне қарамастан, жалпы білім беретін қазақ мектебін басқару мәселесі қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жеткіліксіз зерттелген. Сондықтан, қазақ мектептерін жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда басқаруды жетілдірудің қажеттілігі мен оның ғылыми-теориялық негіздерін әзірлеудің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық анық көрінеді. Бұл зерттеуіміздің тақырыбын «Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру бағдарламасын теориялық негіздеу және әзірлеу.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін қазақ мектебінің педагогикалық процесі.
Зерттеу пәні: қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі басқару жүйесі.
Зерттеудің болжамы: егер де қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіруде педагогикалық менеджмент пен педагогикалық инновация идеяларының жүзеге асырылуында ортаның мега-, макро-, мезо-, микрофакторлары мен сол орта субъектілерінің ділдік ерекшеліктері ескерілсе, онда мектептің жалпы педагогикалық процесінің тиімділігі ұлғаяды, себебі бұл жағдайда табиғилық және мәденилік, сонымен қатар ғылым мен практиканың кіріктірілу принциптері сақталады.
Зерттеудің міндеттері:
-
жалпы білім беретін қазақ мектебінің даму факторы ретінде қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайға сипаттама беру;
-
қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқарудың теориялық негіздерін айқындау;
-
жалпы білім беретін қазақ мектебін қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда басқаруды жетілдіру бағдарламасының негізін құрайтың үлгісін (моделін) әзірлеу;
-
қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру бағдарламасының тиімділігін іс жүзінде тексеру.
Зерттеудің негізгі идеясы: қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебінің дамуын басқаруды жетілдіру педагогикалық менеджмент пен педагогикалық инноватиканың идеяларын дағдылы түрде жүзеге асырылуға байланысты болып келеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін философияның мәденилік және табиғилық идеялары туралы қағидалар, таным теориясы, мәдениет теориясы, этнологияның географиялық және мәдени детерминизм туралы ілімдері, этнопедагогика және этнопсихология тұжырымдамалары құрайды. Сонымен қатар, зерттеу әлеуметтік құбылыстарды диалектикалық тұрғыдан анықтауға, әлеуметтік жүйелерді жүйелі және құрылымдық-функционалды, күрделі құрылған әлеуметтік жүйелерді құрылымдық-гетерохрондық, педагогикалық жүйелердің бөлшектерін факторлық және олардың тиімділігі модульдік талдауларға негізделген. Зерттеудің теориялық негізін келесі философиялық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ілімдер құрайды:
-
жүйелердің жалпы теориясы (В.Г. Афанасьев, Д.М. Гвишиани, Н.Н. Иорданский, А.И. Китов, А.И. Пригожин, А.И. Субетто, Ю.А. Умранцев, Р.С. Хакимов );
-
біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Ю.К. Бабанский, М.М. Скаткин, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель);
-
педагогикалық жобалар, педагогикалық жаңалық пен инновацияларының нәтижелерін басқару, өлшеу, талдау және бағалау сияқты педагогикалық жүйелерді зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері (К. Ангеловский, Ю.К. Бабанский, Б.С. Безрукова, В.П. Беспалько, Н.И. Загузов, В.И. Загвязинский, В.В. Краевский, В.Ф. Колесников, Л.С. Подымова, М.М. Поташник, В.И. Слободчиков, Н.Р. Юсуфбекова және т.б.).
Зерттеудің көздері: аталмыш мәселеге қатысты философ, педагог, психологтардың еңбектері және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, мектеп құжаттамасы және т.б. заңнамалық-нормативтік құжаттар.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында келесі теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды: философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау, жүйелі және салыстырмалы талдау, алынған мәліметтерді топтастыру, жүйелеу, интерпретациялау; мектепті басқаруды нұсқайтын құжаттарды бақылау, зерделеу, бағалау әдісі, сұрау әдістері, педагогикалық эксперимент, математикалық және статистикалық әдістер.
Зерттеу кезеңдері:
бірінші кезең (1996-1998 жылдары) ізденіс-теориялық кезең деп аталады. Бұл кезеңде мәселеге қатысты әдебиет, құжаттар қарастырылып, оған талдау жасалды. Зерттеу проблемасы анықталып, болжау жасалды және жұмысты орындау бағдарламасы құрастырылды;
екінші кезең (1998-2004 жылдары) – тәжірибелік кезең деп аталады. Бұл кезде жалпы білім беретін мектептің басқару жүйесінің тұжырымдық, құрылымдық-лауазымды сатылық және құрылымдылық-қызметтілік үлгілері жасалып, зерттеудің жалпы болжамы тексеріліп, нақтыланды, анықтаушы, қалыптастырушы және қорытынды эксперимент жүргізілді. Мектеп басқарудың авторлық бағдарламасының тиімділігі зерттеліп, оны бағалау белгілері мен әдістемесі әзірленді;
үшінші кезең (2004-2007 жылдары) – жалпылаушы кезең деп аталады. Бұл кезең зерттеу нәтижелерін жалпылау, нұсқаулар дайындау, диссертация материалдарын жүйелеу және өңдеу, редакциялық безендендірумен байланысты.
Зерттеу базасы: тәжірибелік жұмыс Қарағанды қаласының №57, 6 мектептерінде жүзеге асырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
-
жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруда қазіргі заманның инновациялық практикасының тарихи-педагогикалық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары анықталды;
-
«қазіргі мектеп дамуын басқару» және «қазіргі мектеп басқаруын жетілдіру» ұғымдарының арақатынасы ашылып, олардың анықтамалары нақтыланды;
-
қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқару жүйесінің тиімділігін анықтау әдістері мен өлшемдері әзірленді;
-
жалпы білім беретін қазақ мектебін қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда басқарудың тұжырымдық, құрылымдық-лауазымды сатылық және құрылымдылық-қызметтілік үлгілері (моделдері) жобаланды;
-
жалпы білім беретін қазақ мектебін қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда басқаруды жетілдіру бағдарламасы жасалды;
-
қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқару жүйесінің бастапқы қалпы айқындалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру үшін «Технология» пәніне ұл және қыз балаларға арналған қосымшалар (қазақ және шығыс халықтары қолданбалы өнері); «Бейнелеу өнері» пәніне Шығыстану бағыты бойынша қосымша; «Құқық негіздері» пәніне қосымша; Шығыс құқық тарихы; «Шығыстық тарихи тұлғалар» факультатив бағдарламасы; «Шығыс әліппесі» бағдарламасы (1-4 сыныптарға арналған); «География» пәніне қосымша; (9-10 сыныптар); «Қазақ рухының философиясы» (8-10 сыныптар); «Елтану» (6-7 сыныптар) сияқты бағдарламалар оқу-тәрбие процесіне енгізілді.
Зерттеудің негізгі қорытындылары мен нұсқауларын білім беруді басқару органдары, жалпы білім беретін мектеп басшыларының, педагогикалық ЖОО қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру жүйесінде қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі оның бастапқы әдіснамалық ұстанымдарымен, ғылыми негізімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылуымен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытылуымен, теориялық тұжырымдарды эмпирикалық тексерумен қамтамасыз етілген. Мектепті басқару үлгісі тәжірибе жасау барысында тексерістен өтіп, одан шыққан нәтижелер жалпы педагогикалық тәжірибемен салыстырылды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Зерттеу нәтижелері диссертанттың білім беру мекемесін практикалық түрде басқару арқылы жүзеге асырылды. Оның негізгі идеялары халықаралық (Алматы, 2003; 2007; Қарағанды, 2005;, 2007), республикалық (Қарағанды, 2007), аймақтық (Қарағанды, 2002; 2003, 2004 ,2006) ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалып, «ҚарМУ хабаршысы» (Қарағанды, 2007) ғылыми журналында және "Қазіргі заманғы проблемалар" (Қарағанды 2007) халықаралық ғылыми журналында, көрініс тапқан.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
-
жалпы білім беретін қазақ мектебінің даму факторы ретінде қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдың сипаттамасы;
-
қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқарудың теориялық негіздері;
-
жалпы білім беретін қазақ мектебін қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда басқарудың жетілдіру бағдарламасының негізін құрайтың тұжырымдық, құрылымдық-лауазымды сатылық және құрылымдылық-қызметтілік үлгілері (моделдері);
-
қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру бағдарламасының тиімділігін іс жүзінде тексерудің нәтижелері.
Диссертация құрылымы диссертация кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған деректер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу өзектілігі, жұмыстың мақсат-міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні, болжам, жетекші идея, ғылыми жаналығы мен теориялық және практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, қолданылған әдіс-тәсілдер қарастырылып, сипатталады.
«Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін мектепті басқарудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде мектепті басқару жүйесінің бастапқы қалпы мен теориялық негіздері тұжырымдалады. Басқару үлгісінің мәні инновациялық дамытудың генезисі және қисынымен анықталады. Құрылымдық-гетерохрондық талдау әдісін қолдану арқылы жүйе мен оның өзгермелі бөлшектерінің әлеуметтік ортадағы алмасу қисыны зерттеледі. Мектепті басқарудың тиімділігіне әсер ететін қазіргі әлеуметтік жағдайлар зерделенеді. Біз қазіргі заман мектебін басқарудың тиімді үлгісінің теориялық негіздерін тұжырымдай отырып, қалыпты жүйенің даму жолдарын ұсындық. Біршама басқару өлшемдері мен әдістемелер әзірленіп жүзеге асырылады (М.Б. Войцеховскийдің модульді талдау әдісі, И.К. Шалаевтың педагогикалық жүйелердің даму деңгейін бағалауы, А.А. Реан және В.А. Ядовтың сапалы көрсеткіштерді сандық көрсеткіштерге айналдыру сараптама бағалау әдістері). Жүйелік және синергетикалық әдістер арқылы қазіргі мектепті басқарудың үлгілері және оны жетілдіру бағыттары да әзірленіп көрсетіледі.
«Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс» атты екінші бөлімде зерттеу ғылыми нәтижелерінің бірізділігі мен оларды жүзеге асыру жолдары ашылып көрсетіледі.
Әлеуметтік-педагогикалық процестер талқыланып, олардың нәтижелері сипатталады. Әлеуметтік, статистикалық және т.б. әдістерді қолдану арқылы автор ұсынған басқару үлгілері мен оның бөлшектерінің тиімділігі тұжырымдалады. Зерттеудің негізгі нәтижелерін енгізу бойынша нұсқаулар жасалып көрсетіледі.
Қорытынды бөлімінде қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдірудің тиімді үлгісін жасап және оны әрі қарай дамытуға арналған ғылыми-практикалық нұсқаулар мен шешімдер ұсынылады.
Қосымшада зерттеудің алғашқы материалдары беріледі.
Негізгі бөлім
Біз зерттеп отырған мәселе бойынша қазіргі педагогикалық менеджмент, мектепті басқарудың жалпы мәселелеріне арналған ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау келесі тұжырымдарға көз жеткізді:
-
біріншіден, педагогикалық менеджменттің қазіргі теориясы мен білім беруді басқару практикасын дамыту үшін белгілі бір алғышарттар қалыптасқан, олар біз қарастырып отырған мәселенің тарихына және қазақстандық қоғамның қалыптасуына әсер еткен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкестендіріліп жүйелі түрде анықтауды қажет етеді;
-
екіншіден, «мектеп басқаруды жетілдіру» ұғымын, «мектептің жұмыс жасауын басқару» және «мектеп дамуын басқару» ұғымдарының ара-қатынасын терминологиялық тұрғыдан ажырату негізінде анықтауды қажет етеді;
-
үшіншіден, «қазіргі заман мектебін басқаруды жетілдіру» ұғымының мәнін ашып нақтылау үшін педагогикалық инноватика теориясының негізгі қағидаларын анықтау қажет.
Сол себепті диссертациялық материалды осы үшінші тұжырымды ашып көрсетуден бастауды жөн көрдік. Кез келген саланы тиімді түрде жаңашаландыруда жаңашылдық процестерді қоғамның рухани және материалдық мәдениет салаларында ұйымдастырып, бекітіп алу керек. Бұл дегеніміз, жаңашыл-педагогтардың тікелей тәжірибесі саласындағы жанашылдықтарды қоғамдық-тарихи тәжірибе төңірегіне ауыстыру болып табылады. Мұндай ауыстыру бірнеше түрде жүзеге асырылады: мәселен, а) практикалық қызмет нормалары ретінде берілген рухани өндірістің жаңа өнімдерін болжау; ә) пайда болған жанашылдықтарды ғылыми түрде түсіндіру; б) жаңа ұрпақты әлеуметтендіру процесінде мәдени үлгілерді жаңашаландыру.
Бүгін қазақстандық қоғам өзінің әлеуметтік институттарының, соның ішінде білім беру жүйесінің жаппай өзгеруіне куә болып отыр. Бұл арада тағы бір мәселе өз көкейкестілігін алға шығаруда. Ол – педагогикалық технологияландыру процесі.
Жалпы алғанда, жаңашылдық әлеуметтік технологиялар дағдарысты, өтпелі кезеңде жоғары деңгейде дамиды. Себебі, өмірдің басқарушылық, саяси және рухани салаларының өздері осыны талап етіп отырады. Бұл кезде олардың даму векторы аса маңызды роль атқарады. Қазіргі таңда педагогикалық іс-әрекетті басқару ғылыми білімнің түрлі салаларындағы технологияларды қолдануды талап етеді. Әлеуметтік ұйымдастыру, өзара байланысу, адамтану, ақпараттық басқару, ұлтаралық қақтығыстарды шешу технологиялары алдыңғы қатардан орын алады. Керісінше, ғылыми жағынан өте таяз, ескірген әлеуметтік қарым-қатынастарды құрайтын әкімшілік, жарыс, қоғамдық тапсырыс сияқты технологиялар бүгінгі кезде екінші қатардан көрініп жүр.
Бұл орайда мектеп басқару технологиясы ғылыми тұрғыдан негізделген педагогикалық іс-әрекетті алға тартып, заман талабына сәйкестендіретін процесс деп түсінеміз.
Жоғарыда аталған тұжырымдардың екіншісі педагогикалық жаңашаландыруды талдауға байланысты, себебі осы талдау барысында «қазіргі заман мектебін басқаруды жетілдіру» ұғымына теориялық көзқарастарымызды «мектептің жұмыс жасауын басқару» және «мектеп дамуын басқару» ұғымдарының арақатынасын терминологиялық тұрғыдан ажырату негізінде нақтылауға мүмкіндік беріп отыр, яғни:
-
мектеп дамуы екі жолмен іске асады, яғни оны басқарумен жүргізуге болады немесе ол стихиалық түрде өтуі мүмкін;
-
басқарылатын даму процесі мектептің педагогикалық жүйесіне бұрын тән болмаған компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді;
-
ал дамудың өзі өзгеру үрдісінің арнайы бір түрі болып табылады.
Өзгерудің екі түрі болады: қызмет ету және даму. Біріншісінде жаңашылдық болмайды, ал екінші типтің өзгеруі нәтижесінде түрлі сапалы бұрын болмаған құбылыстарға әкеп соғады. Қазіргі кезде қызмет ету бір ғана вектор бойында даму ретінде қарастырылады, немесе оны циклдік әрекет деп атайды. Мәселен В.П. Алексеев пен Б.С. Барулиннің айтуы бойынша, бір вектордағы өзгеріс даму үшін ешқандай мүмкіндік туғызбайды, ескіні жаңғырту процесі түрлі кездейсоқ факторлардың әсерінен пайда болған өзгерістермен жүріп жатады.
Сонымен, мектеп дамуын басқару дегеніміз, ол мектептің педагогикалық жүйесінде бұрын болмаған, мектеп іс-әрекетінің нәтижелерін жоғарылататын жаңашылдықтарды меңгеруге және ендіруге байланысты қабылданған шешімдерді жүзеге асыру процесі. Басқарудың жаңашылдық формаларының басымдығы басқару нысанының даму тәртібінде болуына байланыстығымен айқындалады. Осы жағдай біздің зерттеу міндеттерімізге сай келіп, оны қазіргі мектепті басқаруды жетілдіру ұғымына қатарластырдық. Басқаруды жетілдіру – жаңашылдық форма, ол қалыпты қызмет тәртібінде және даму тәртібінде мектептің іс-әрекетіне жәрдем береді деп мақұлдай отырып, бірінші жағдайда мектептің педагогикалық іс-әрекетінің жаңаруының тиімділігіне кепілдік бере алмаймыз. Онда басқарудың жетілдірілуі туралы ештеңе айту мүмкін емес. Мұнда тек қарапайым (қарапайым жергілікті) өзгертулер туралы сөз етуге болады, олар жалпы педагогикалық іс-әрекет тиімділігінің алғышарттарын тудырады. Егер басқаруды жаңарту мектепті даму тәртібіне ауыстырса, онда басқарудың жетілдірілуі нақты дәлелденеді деуге негіз бар.
Сонымен, қазіргі мектепті басқаруды жетілдіру мектептің даму тәртібіне өзгерістер ендірудің көрсеткіші және факторы да болып табылады. Сондықтан, мектеп дамуын басқару деген ұғымды сол басқаруды жетілдіру деп түсінуге әбден болады.
Мектепті басқару жүйесін жетілдіру бұрын болған тәжірибені процестен тыс тастамай, жаңа заманның факторларын есепке алу арқылы жүзеге асуға тиіс. Сол себепті зерттеуде тарихи-педагогикалық алғышарттарды анықтап алған жөн болады.
Мектеп басқарудың бүгінгі жүйесі өткен шақтан алынған. Бірақ, қазіргі заманға сай болмаса, ол қоршаған орта талаптарына жауап бере алмайды. Мектепті басқару жүйесі кеңес өкіметіне дейін эволюциялық тәртіпте болды және оның өмір циклы ұзақ уақытқа созылатын. ХХ ғасырда бұл дәстүр жасанды түрде екі рет бұзылды. Біріншісі жиырмасыншы жылдары, екіншісі – 1991 жылы. Әрине, мектеп білім беру жаңашылдарын өз бойына сіңіре бастады. Жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, «мектеп-жоғарғы оқу орындары», мемлекеттік емес мекемелердің саны көбейіп, жалпы білім беру мазмұны қоғам өміріне сай жаратылыстану, экономика, экология, информатика, тіл білімі салаларында байып келеді.
Бірақ мектеп басқару жүйесі барынша дамымай қалды. Өндірістің қысқартылуы, тұрғындардың материалдық жағдайы төмендеуі, өнегелік-этикалық нормалардың бұзылуы, балалар қылмысының көбеюі, нашақорлық, діни жағдайлар білім беру саласына әсерін тигізіп, әлі толық шешімін таппаған әлеуметтік-педагогикалық мәселе болып отыр. Бұл көрсеткіштердің барлығы мектепті басқару жүйесінде әлі де болса олқылықтар бар екендігін дәлелдейді. Сондықтан басқару жұмысын жетілдіру өзекті де маңызды мәселе.
Демек, мектепті басқаруды жетілдіру дегеніміз – бұрын мектептің педагогикалық жүйесінде болмаған және педагогикалық процестерді сапалық өзгерістерге жеткізетін, соның салдарынан мектеп оқыту мен тәрбие жұмысында барынша жоғары нәтижелерге жету қабілетіне иеленетін, жаңалықтарды игеру немесе енгізу туралы шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру болып табылады.
Оған осы заманғы табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлардың ықпалын қарастырамыз. Белсенді даму режиміне жататын жалпы білім беретін мектептерде жаңашылдық қызмет аса үлкен мәнге ие. Ортаның бағдарланбаған өзгерістеріне жауап беруге қабілеті және педагогикалық процеске олардың кері ықпалын әлсірететін компоненттер, қорлар мен технологиялар құрлымының резервіне ие болатын осы заманғы мектепті басқарудың жүйесін құруға өтудің дайындалған үлгісінің негізі қаланды. Мектепті басқару жүйелерін жаңарту бір мезгілде оның ұйымдық құрылымының қайта құрылуын да көздейді. Қазақстан қоғамның радикалды жаңару қисыны толығымен алғанда бір мезгілде қайта ұйымдастырумен, оларды аралық дейгенде қысқартумен немесе таратумен барынша маңызды, жалпымемлекеттік денгейде көрсетілген жүйенің элементерін құруды көздейді. Осымен бірге басты көрсеткіш ортамен тек ақпараттық қана емес, сонымен бірге заттай алмасу жүзеге асатын жүйенің ашықтығы қамтамасыз етелетін болады.
Осылайша, жалпымемлекеттік идеологиялар мен құндылықтарды құру, білім беру стандарттары мен тәрбие бағдарламаларын нақты құрастыру олардың тәуелденетің мемлекеттік жүйлерге енгізуге жұмсалатын шығындарын күрт төмендетеді. Оның енуін педагогикалық тәжірибеде мектеп қана жүзеге асырады.
Мектеп басқаруына әсер жасайтын қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайларды анықтау мақсатында біз факторлардың келесі жіктелуіне сүйендік: объективті және субъективті; сыртқы және ішкі; басқарылатын және басқарылмайтын.
Олар төрт деңгейге жатады:
-
мегадеңгей – барша адамзатты әлеуметтендіруге ықпал етуші ғарыштық және планетарлық факторлар;
-
макродеңгей – мемлекет пен оның институттарының іс-әрекетімен (саясат, мәдениет, экономика, құқықтық жүйе, тәрбие, білім беру және т.б.) анықталатын факторлар, олар мемлекеттің барлық азаматтарына білім беру мен тәрбиелеуге ықпал етеді;
-
мезодеңгей – қоғамдағы ұлттық, әлеуметтік топтар, түрлі жүйелердің қызметі мен өзара іс-әрекетінің нәтижесін (ақша айналымы, нормалар, дәстүрлер, заңнама, мораль, тәрбие және білім жүйелері) көрсететін факторлар; олар ірі әлеуметтік және этникалық топтарды тәрбиелеу мен білім беруге ықпал етеді;
-
микродеңгей – мекен тұрағы, отбасы және жеке тұлғалардың өзара қатынасымен айқындалатын факторлар; олар мектеп ұжымы іс-әрекетінің нәтижесіне ықпал етеді.
Мегадеңгейдегі факторлар қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардың келесі ерекшеліктерін тәуелдейді:
-
мәдени жаҺандану, қазақстандық қоғамның әлемдік кеңістікке кіріктірілуі;
-
қазақстандық қоғамның ашықтығы;
-
әлеуметтік қарым-қатынастардың демократизациялануы, ізгілендірілуі, ал білім беру саласында сонымен бірге білім мазмұнының ізгіліктендірілуі.
Макродеңгейдегі факторлар келесі ерекшеліктерді анықтайды:
-
қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы;
-
көпмәдени, көпұлттық әлеуметтік кеңістікте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің қызмет ету аясының қалыптасу барысы.
Мезодеңгейдегі факторлар әлеуметтік-мәдени жағдайдың келесі ерекшеліктерімен байланысты: қазіргі қоғамда жергілікті тұрғындардың жаппай қалаға көшуі (урбанизация), оралмандар, этникалық шағын топтар өкілдерінің шоғырлану мәселелері, сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтар мен ассоциациалар лауазымды сатысының қалыптасуы; діни экстремизммен күрестің нығайуы.
Микродеңгейдегі факторлар қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдың келесі ерекшеліктерін анықтайды: көпбалаы отбасылардың аздығы; толық емес, аралас және жалғыз балалы отбасының көбеюі; этникалық және жалпыадамзаттық құндылықтардың қазақстандық патриотизм идеясының төңірегінде кіріктірілуі.
Қоғамның осы әлеуметтік-мәдени сипатымен қатар білім беру саласындағы жағдайлар (қазақ мектебі мен қазақ тілді мектептің ара жігінің ажыратылуы; орта 12- жылдық оқудың ұлттық моделі орнықтырылуы; мұғалімнің әлеуметтік мәртебесінің жеткіліксіздігі; қазақ ұлттық мектебі халқымыздың ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін жүйелі оқытатын мектеп ретінде қарастырылады, оның негізгі қызметтері: халқымыздың философиясы, мәдениеті мен әдебиетін жас ұрпаққа оқу процесінде игерту; дәстүрлі құндылықтарын арқау ете отырып, ұлттық сана-сезім, қазақи мінез-құлық, тіл мен рухты оқушылар бойына сіңіру, жүрегіне ұялату мақсатымен ұйымдастырылған, кешенді әлі жүйелі жүретін тәрбие жұмысын өткізу; мектептің дидактикалық және тәрбиелік қызметтерін күшейте отырып елдің әлеуметтік-мәдени өміріне оң ықпал ету; ұлтымыз бен жеке тұлғаның этностық-мәдени өміріне оң ықпал ету; ұлтымыз бен жеке тұлғаның этностық-мәдени сұраныстарына педагогтік қолдау көрсету, ата-ананың, тұрғындардың тілдік-мәдени мүдделеріне қол жеткізу, т.б.) қазіргі қазақ мектебін басқаруды жетілдірудің ерекшеліктерін шарттастырады.
Қазіргі кезде мектепті басқару қалпы сыртқы әлеуметтік-мәдени факторларға тәуелді болып, бірнеше қарама-қайшылықтарға кездескенімен, оның жетілдірілуіне бағытталған жағымды жақтары да аз емес. Мәселен, «Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында» Қазақстанда білім беру саласына реформа жасаудың стратегиялық бағыттары айқындалған. Сонымен бірге Қазақстандағы білім берудің мектеп жүйесіне реформа жасауда мына құжаттар стратегиялық бағыт нұсқай алады: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының этномәдени білім беру тұжырымдамасы (1996 ж); Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Педагогикалық ұжымның мүмкіндіктерін есепке ала отырып, біз мектепті басқару жүйесін жетілдіру жолдарын, оның ішкі факторларымен тығыз байланыста қарастырдық. Оның негізінде жалпы білім беретін қазақ мектебін басқару жүйесін жетілдіру үлгісін әзірледік.
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқарудың теориялық үлгісін әзірлеу, оның тиімді болуы үшін:
-
өзгерістер туралы неғұрлым жоғары деңгейдегі мәлімет алу;
-
өзекті мәселелерді толық анықтау;
-
жалпы және жеке мақсаттарды жүйелі таңдау;
-
мақсаттарды біріктіру;
-
даму мақсатына жету үшін шынайы жоспар құра білу;
-
педагогикалық ұжымның жаңашылдықты қабылдау және өз қызметін жетілдіруге мүдделі болу, жаңашылдық үрдістерді қадағалап отыру сияқты негізгі белгілері қажет.
Педагогикалық жүйелердің тиімділігі дегеніміз, зияткерлік және материалдық шығын мен уақытты үнемді жұмсай отырып, жоғары деңгейдегі жетістіктерге жету болып табылады.
Басқару жүйесінің тиімділігі өз қызметіне жоғары деңгейде баға беруге ұқсайды. Кез келген жұмыс тиімділігін талдау барысында оның орындалуы, басқару технологияларының әлеуметтік тапсырысқа сай болуы, құрылымының жетілуі, ұйымдастырылуы, уақыты ескеріледі.
Мектепті басқару жүйесінің негізгі қызметі: тәрбиелеу, педагогикалық талдау, мақсатты болжау және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, түзету дей отырып, басқарудың сапалық, тиімділік өлшемдері ретінде нақты бір қызметтілік міндеттің немесе міндеттер тобының толық орындалуын алу өте қисынды.
Жүйенің оңтайлы, тиімді өлшемі – маңызды белгі, себебі осы белгінің негізінде жүйенің, оның элементтерінің, қызметтерінің салыстырмалы бағалауы жүргізіледі. Бағалану нысанының алынған өлшемдерге сәйкестігі әртүрлі деңгейді қамтиды.
Мектепті басқару жүйесінінің тиімділігін бағалауда И.К. Шалаев ұсынған әдіс қолданылады. Бұл әдіс жүйенің әлеуметтік тиімділігін тұтастай, сонымен қатар оның жеке бөлшектері мен қызметтерін бағалауға мүмкіндік береді (1- кесте).
Мектепті басқару тиімділігін анықтауда қолданылатын осындай белгілер жиынтығы қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебінің дамуын басқарудың теориялық үлгісін әзірлеудің бастапқы шарты болып табылады.
Бүгінгі таңда қоғам мен өндірістің даму деңгейіне жаңа әлеуметтік және өндірістік технологияларды талап ететін жаңашылдық үрдістер тән болады. Атап айқанда, білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымы ретінде дәстүрлі қызметімен қатар, өзінің жаңа басқару қызметтерін де айқындап алғаны жөн. Бұл жағдайда штаб мамандарының да кестесін белгілеп алған дұрыс болар. Мектеп басқарудың субъектілерінің қарым-қатынас лауазымдық сатысы басқару органдарының деңгейімен анықталады.
Кесте 1 – Жалпы білім беретін мектептерді нәтижелі басқаруды анықтайтын көрсеткіштер жиынтығы
Деңгей
|
Сапалық сипаттама (мінездеме )
|
Балл түріндегі бағасы
|
Үйлесімді-қолайлы (норма-үлгі)
|
Бұл жүйе оңай басқарылады әрі педагогикалық процесті қалпына келтіру жұмысын нәтижелі орындайды, пайда болған әрекеттестікті реттеп, жөнге келтіреді. Жүйедегі элементтердің ұйымдастырылуы, қызметтерінің орындалу деңгейі өте жоғары.
|
10-9
|
Мүмкін
|
Бұл жүйені басқару әбден мүмкін, пайда болған байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртiпке салып, реттейді, мектепті басқару процесін қалпына түсіру жұмысы тәртіпке келтірілген. Жүйедегі элементтердің ұйымдастырылуы және олардың қызметтерінің орындалу деңгейі жеткілікті жоғары.
|
8-6
|
Қиын-қыстау
|
Бұл жүйе үлкен күшпен басқарылады. Педагогикалық қызметті қалпына келтіру төмен нәтижелі әрі тиімділігі нашарлау. Жүйе элементтерінің ұйымдастырушылық деңгейі мардымсыз, сол жүйенің жекелеген элементтері өз қызметтерін толық орындамайды. Мектепті басқару әдістері мен технологиялары ескі әрі ұтымды емес. Жүйе басқару жұмысын үлкен қиындықпен қамтамасыз етеді.
|
5-4
|
Жарамсыз
|
Бұл жүйе басқарылмайды. Басқару процесінің қалпына келтіру қызметі жоқ деуге болады. Жүйе элементтерінің ұйымдастырушылық қызметі бұзылған, соның салдарынан әлсіреген. Элементтердің бірталай бөлігі өз қызметтерін орындаудан қалады. Басқару әдістері мен технологиялары ескірген. Жүйе мектепті басқару жағдайын қамтамасыз етпейді.
|
3-0
|
Мұның бәрі қазіргі мектепті басқарудың құрылымдық және лауазымды сатылық үлгісінде көрініс тапқан (1- сурет).
Бұл үлгіні әзірлеу барысында біз басқарудың ұйымдастыру құрылымындағы қарым-қатынас лауазымдық сатысы штаттық кестеге енгізілген лауазымды бірліктермен ұсынылсын дегенге сүйендік. Басқаша айтқанда, басқару субъектілерінің ішінен еңбекақысы төленетіндері ғана алынған.
Оқушылар мен ата-аналар педагогикалық менеджмент субъектілері ретінде көрсетілген. Үлгінің тігінен көрсетілген бөлігінде біз қызметі ішкі факторларға байланысты қызметкерлер туралы түсінігімізді ұсындық. Мұнда педагогикалық жүйенің оқу, әдістемелік, тәрбиелік қызметтері сөз етіледі. Мектепті қаржылай, материалдық-техникалық қаржыландыру қосымша қызметтер қатарына жатқызылады. Олардың қызметі сыртқы фақторлар әсеріне байланысты болып келеді (2- сурет).
Аталмыш үлгі өзі көрсетіп отырған нысанның қалпы туралы көрініс бере алады. Жеке бағаланалардың қара және жартылай қара бояумен берілуі
құрылымдық бірліктердің қазіргі заман талаптарына сай не сәйкес келмейтінін көрсетеді. Мәселен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының дәстүрлі лауазымы ешбір тиісті басқару органымен бекітілмеген. Ондай басқару органын диспетчер және іс жүргізуші мамандарын енгізетін оқу штабы жатқызылу керек. Себебі ол оқу-ісі меңгерушісінің сабақ кестесін дайындау, оқушылардың сабақтарға қатысуы не қатыспауын қадағалау, сабақтың уақытында басталуын бақылау, мұғалімдердің еңбек тәртібіне көңіл бөлу сияқты жұмыстарын сапалы атқаруға қажет. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл мәртебесінің қалыптасуына байланысты мектептерде іс жүргізуші лауазымы да енгізілген. Олардың қызметі директор хатшысының жұмысына ұқсас болып келеді. Бұл жайттардың бәрі бағаналарда қою қара бояумен берілген.
Мектепті басқаруда тағы бір кемшілік – мектепте ғылыми кеңестің жоқтығы. Бұл органның өзектілігі замана талабы десе де болады. Себебі қазіргі кезде оқушылардың оқумен қоса ғылыми жоба қорғауы сияқты мәселелер пайда болды. Бұл жұмысты басқару үшін директордың ғылым жөніндегі орынбасары лауазымы әбден қажет. Мектептегі дәрігерлік-санитарлық қызмет төменгі деңгейде деуге болады. Оған дәлел ретінде мектеп оқушылары арасында көптеген ауру түрлерінің кездесуін алдыға тартамыз. Өкінішке орай, педагогикалық қауымдастықтың назарынан валеологизация, салауатты өмір салты деген мәселелер үстүртін қарастырылады. Мектепті жүйелі түрде басқару қаржылай қамтамасыз етуді және материалдық-техникалық базаның болуын қалайды. Сол себепті мектепте жоспарлау-экономикалық бөлімінің ашылуы да қажет болып отыр. Қазірде бұл органның қызметін мектепте бір ғана есепші атқарып келеді.
Сонымен, мектепті басқару жүйесінің бастапқы жағдайы басқарудың тиімділігін анықтауға берілген өлшемдерге сәйкес төменгі деңгейлі көрсеткіштерімен сипатталады.
Әрине, қазіргі мектепті басқару жүйесінің осы күйі мектепке деген қатынастың ішкі және сыртқы факторларына тәуелді. Педагогикалық ұжымның ішкі мүмкіндігі оның өзектілігі, маңыздылығы артқан жағдайда мектепті басқару тиімділігін арттыруға болады деп, біз қазіргі мектептерді басқару жүйесін жетілдіру жолдарын жан-жақты қарастырдық. Нәтижесінде біздің зерттеу базамызға кіретін мектептердің педагогикалық ұжымдарының педагогикалық жаңашылдықтарды қабылдау бейімділігі анықталды. Өзгерту нысаны ретінде педагогтар мен оқушылардың іс-әрекетін алып, мектепті басқару мақсатының анықтамасын жасадық (3- сурет).
Мақсатты таңдаудағы ойымыз, жаңа енгізулердің тиімділігі, ең алдымен, оқушылардың білім және тәрбие деңгейлеріне тигізетін әсерімен анықталуы қажет. Сондықтан, оқушылардың іс-әрекетін психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері көмегімен зерделеп, айқындап, ал педагогтардың іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік базаны нығайту мәселесімен қатар жүргізіп отыру керек.
Бұл жерде ең негізгі шарт болып табылатын мәселе – жоғарғы оқу орындары және мұғалімдер білімдерін жетілдіру институтымен арадағы байланыс. Бұл байланыстардың жүйелілік сипаттамасы жаңа басқару орындарының
құрылуымен беріледі (кафедра, дәстүрлі әдістемелік бірлестіктер, уақытша шығармашылық топтар).
Мектептің негізгі миссиясына сай: педагогикалық мониторинг, оқу-әдістемелік кешендер, ғылыми семинарлар бағдарламасы, психологиялық тренингтер, мастер-класстар және т.б. ізденіс, талдау нәтижесінде жасалады.
Сонымен, жоғарыда аталған тұжырымдық үлгі жеке кесінділермен (қызметтік және лауазымды сатылық, сонымен қоса қызметтік-құрылымдық үлгілері) жалпы білім беретін қазақ мектебін қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда басқаруды жетілдірудің бағдарламасының негізіне салынды (кесте2).
Кесте 2 – Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру бағдарламасы
Кезең
|
Міндет
|
Іс-шаралар
|
іздестіру-теориялық
|
Басқару теориясын зерттеу
| -
басқару теориясы бойынша мәліметтерді іздестіру және жинақтау;
-
мәселенің теориялық негізін және тексерілу жағдайын анықтау
|
Диагностикалық
|
Мектепті басқарудың қалпын анықтау
| -
диагностикалау:
-
оқушылар іс-әрекетін;
-
педагогтар іс-әрекетін;
-
басқару жүйесін (оқушыларды, педагогтарды және ата-аналарды сұрастыру, жоғары басқару органдарының бағасы);
-
мектеп басқару жүйесінің қалпына эксперттік қорытынды
|
Ұйымдастыру және дайындық
|
Басқарудың жаңа органдарын ұйымдастыру
| -
«Оқу штабы», «ППК», «Ғылыми орталық» органдарын ұйымдастыру;
-
штаттық кестеге өзгертулер енгізу;
-
қызметтілік басшылар, штаб мамандары және орындаушылар міндеттерін бөлу;
-
актив мектебін ұйымдастыру;
-
«Ішкі жаппай оқыту» жұмысын ұйымдастыру
|
Негізгі
|
Мектепті басқару айналымын жүргізу
|
Жоспардағы шаралар
|
Жоспардан тыс өткізілетін шаралар
|
жаңаша басқарудың
нормативтік құжаттарын жасау (мектептің Кіші тұжырымдамасы, циклограмма, жаңа оқу жоспары, жаңа штат кестесі);
жаңа оқу пәндерінің бағдарламаларын жасау;
ғылыми-әдістемелік жұмыс (семинарлар жоспары);
ата-аналар Университетінің бағдарламасы;
педагогикалық және әкімшілік кеңестер жоспары
|
ҚР БҒМ және БД нұсқауы бойынша шаралар;
жоғары оқу орындарымен біріге отырып жасалған ғылыми жұмыстар;
үйірме жұмысы;
кәсіподақтық ұжымдармен бірге жұмыс істеу;
қалалық, облыстық, республикалық білім беру акцияларына қатысу;
қалалық облыстық олимпиядаларға қатысу;
|
Шындығында мектепті басқару жүйесінің компоненттері мына тұрғыда көрсетіледі: құндылықтар жүйесі (Қ); ұйымдастыру құрылымдары (Ұ); бағдарлы, мақсатты басқару технологиясы (ТЛ); қарым-қатынас құралдары (К); басқарудың мектепішілік мотивациялық-мақсаттылық бағдарламасы (Б); өзіндік басқару (Ө); субъектілердің қарым-қатынас лауазымдық сатысы (ЛС); ортаның қауіпті әсерінен қорғау механизмі (Мз); білім беру бағдарламасының лицейлік компоненті (ЛКО).
Құрылымдық безендірілген бұл жүйе компоненттері жүйенің тиімділігін төмендетпей, өзгерістердің жинақталу уақытына байланысты өзіндік ұйымдастыру жолымен оңтайланды.
Жүйені бағалануды өзіміздің И.К. Шалаевтың жағдайға бейімделген әдісін қолдану арқылы эксперттер (32 адам) жүргізді. Бұның нәтижесі 3- кестеде және 4- суретте көрсетілген.
Кесте 3 – Мектепті басқаруды жетілдіру бағдарламасы тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші (%)
Жүйе компоненттері
|
Қ
|
Ұ
|
Тл
|
К
|
Б
|
Ө
|
ЛС
|
Мз
|
Лко
|
Орта көрсеткіш
|
№57 мектеп
|
72
|
78
|
75
|
73
|
79
|
75
|
69
|
64
|
76
|
73,4
|
№6 мектеп
|
44
|
44
|
49
|
52
|
49
|
34
|
44
|
34
|
54
|
44,9
|
Сурет 4 – Жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру бағдарламасының тиімділігін салыстырмалы бағалау
Алынған нәтижелер көрсеткіші біз ұсынған бағдарламаның өте жоғары бағаланғанын көрсетті.
Мектепті басқару жүйесі эксперттердің жүргізген интервьюлерінің қорытындысы – мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың пікірі бойынша жоғары бағаға ие болды.
Оң нәтиже деп төмендегі көрсетіштерді түсінеміз.
-
Үлгерім деңгейі. Қазіргі қазақ мектебін басқару моделін қолданысқа енгізілгелі үлгерім деңгейі жоғарылады, 1993 ж – 39% дан 2003ж 63%. Мектепті 4 және 5 деген бағаға бітірушілер саны артты. Үздік аттестат иеленгендер саны 1997 ж. – 3 оқушы, 1998 ж. – 3 оқушы, 1999 ж. – 4 оқушы, 2000 ж. – 4 оқушы, 2001 ж. – 5 оқушы, 2002 ж. – 12 оқушы, 2003 ж. – 8 оқушы. 2004 ж. – 11 оқушы болса, 1 оқушы «Алтын белгі» алды, мектептің 9 түлегі шетелде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуда.
-
Мұғалімдердің мамандық шеберлігі. Педагогтардың мұғалім еңбегіне деген мотивациясы өзгерді. 1997 жылы тек 40% мұғалім педагогикалық іс-әрекетті өмірлік таңдауым деп айтса, 1998 жылы 32%, ал 2003 жылы 75%-ы мұғалімдік мамандық өмірлік таңдауым деп жауап берді. Мұғалімдердің бойында жеке тұлғалық стиль қалыптасты, әдіскерлік шеберлікті көңіл күймен, ал шығармашылық тапқырлықты парасаттылықпен ұштастыра білу қалыптасты.
-
Оқушылар ұжымының басқарылушы жүйе ретіндегі жай-күйі үлгерім жетістігімен қатар, спортта, мәдени іс-шаралар әрекетінде және т.б. білім беру үрдісінің сапасына қанағаттануымен және ұйымдастыру, қамтамасыз ету жағдайларымен сипатталады. Мектеп басқару жүйесінің бағдарламасы қызмет еткен кезеңде мектеп оқушыларының мансапқа қызығушылығы өсуіп, оқуы жақсарды, көшбасшылыққа ұмтылысы күшейіп, мектептегі іс-әрекеттерін алдағы еңбектік мақсатына бағыттап, мамандыққа бағдарлау жұмысының сапасы артты. Жоғарғы оқу орындарына грантқа қабылданған түлектер саны күннен күнге көбеюде.
Жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелерін талдау қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда жалпы білім беретін қазақ мектебін басқаруды жетілдіру бағдарламасының тиімділігін көрсетіп, зерттеуіміздің ғылыми болжамы дұрыстығын дәлелдеп берді.
Қорытынды
Сонымен, зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
-
мектептің дамуын басқару – жаңашылдықты меңгеру және үрдіске енгізу бойынша іздену, дәлелденген шешімдерді бұның өзі жүзеге асыру, жаңашылдық педагогикалық процесті сапалық өзгертулерге жеткізуі керек, нәтижесінде мектеп оқыту мен тәрбиелеу қызметінде жоғары нәтижені игеру қабілеттілігіне ие болады;
-
қазіргі мектепті басқаруды жетілдіру мектептің даму жағдайында озық өзгерістерді ендірудің көрсеткіші Һәм факторы болып табылады, бұл өзгерістерді мектеп басқаруын жетілдіру жағдайында ғана меңгеруге мүмкіндік туады, сондықтан, мектеп дамуын басқару деген ұғымды сол басқаруды жетілдіру деп түсінуге болады.
-
қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда қазақ мектебін басқаруды жетілдіру бағдарламасының жасалуы келесі жағдайларда мүмкін болады: қаладағы әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдениеттік жағдайаттар, оның даму процесі мен динамикасы, білімділік қажеттілігі айқындалғанда; мектеп басқаруды жетілдіру бағдарламасын жобалау оқыту бағдарламасының жан-жақтылығын, әртүрлілігін, педагогикалық басқару технологиялары мен жүйе құрылымының өзгеруі мен дамуын қамтамасыз еткенде;
-
мемлекеттік-қоғамдық сипатын мектеп басқаруды қамтамасыздандыруды қазіргі басқару құрылымының аясында іске асырған жөн;
-
қазіргі мектепті басқару жүйесін оңтайландыру тек ол жүйеге анық сипаттама бергенде ғана мүмкіндік береді, бұл жағдай жүйенің негізгі компоненттерінің қоршаған ортаның қажеттілігіне сай дербес ұйымдастыру жағдайын қамтамасыз етеді және негізгі компоненттердің жаңаруына жол ашады.
Жасалған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:
-
жалпы білім беретін қазақ мектебін қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда басқарудың біз ұсынған тұжырымдық, құрылымдық-иерархиялық және құрылымдылық-қызметтік үлгілері мен жетілдіру бағдарламасын қолданудың қажеттілігі бар, өйткені олар басқару шараларының біртұтастығын қамтамасыз етеді;
-
қазақ мектебінің педагогикалық процесінде біз ұсынған пәндер бағдарламаларын («Технология» пәніне ұл және қыз балаларға арналған қосымшалар (қазақ және шығыс халықтары қолданбалы өнері); «Бейнелеу өнері» пәніне Шығыстану бағыты бойынша қосымша; «Құқық негіздері» пәніне қосымша Шығыс құқық тарихы бойынша; «Шығыстық тарихи тұлғалар» факультативтік бағдарламасы; «Шығыс әліппесі» бағдарламасы (1-4 сыныптарға арналған), «География» пәніне қосымша (9-10 сыныптарға арналған), «Қазақ рухының философиясы» (8-10 сыныптарға арналған), «Елтану» (6-7 сыныптарға арналған) кеңінен қолдануға болады, өйткені, олардың педагогикалық құндылығы мен тиімділігі эксперимент арқылы тексеріліп, дәлелденген.
Сонымен бірге, жүргізілген зерттеуді тек білім беруді басқару жүйесінің мәселесін жан-жақты зерттеу мен зерделеудің бастамасы ретінде ғана қарастыру керек.
Біздің пайымдауымызша, алдағы уақытта әлеуметтік-педагогикалық және педагогикалық ұйымдастырушылық мәселелер бойынша жаңа үлгілер жасау, олардың тиімділік шарттарын әр типті мектептің жағдайына бейімдеп, үлгісін жасау (ауыл мектебінің де, коррекциялық мектептің де), мектептегі дербес басқарудың дамуын анықтау, басқару ықпалының тиімділігін бағалау әдістері бағытындағы зерттеу жұмыстары өзекті болмақ.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі:
-
Қарағандытану хрестоматиясы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. – 60 б. (М.С. Маженаковамен авторлық бірлестікте).
-
Жаңа типті мектептің оқу жоспарының вариативті бөліміне енгізілген –таңдау курсы (Қарағандытану) ерекшілігі // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың мәселелері және келешегі: Аймақтық ғылыми-практ. конф. материалдары (25 желтоқсан 2002 ж) / КарМУ. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – Б.121-125. (М.С. Маженаковамен авторлық бірлестікте).
-
Шығыстану лицейі – ұлттық тәрбие жүйесі // Роль этнопедагогики и этнопсихология в современной системе образования: Материалы рег. науч.-практ.конф. (22 мая 2003 г.) / КарГУ. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2003. – С.66-69. (Р.М. Айтжановамен авторлық бірлестікте).
-
Отбасындағы ұлттық тәрбие // Мектеп және отбасы: өзара ықпалдастық проблемалары және шешуші жолдары: Халықарал. ғылым.-практ. конф. материал. жинағы (2003 ж.). – Алматы, 2003. – Б.60-62. (Ж.Ж. Жаманқұлова, Р.М. Айтжановамен авторлық бірлестікте).
-
Ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы қазақ рухының философиясының маңызы // Балаубаевские чтения – 2: Региональная научно-практ.конф.(7 мая 2004г.) / КарГУ. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2004. – С.92-95.
-
Проблемы школьной реформы за рубежом и в Казахстане // Академик Е.А. Букетов – ученый, педагог, мыслитель: Материалы междунар. науч.-теор. конф.(23-24 марта 2005 г.) / КарГУ. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2005. – С. 326-330.
-
Некоторые проблемы исследования учебно-воспитательного процесса в национальной школе Казахстана // Актуальные проблемы общей и профессиональной педагогики: Материалы междунар. науч.-практ. конф .(9-10 июня 2005 г.) / КарГУ. – Караганды: Изд-во КарГУ. – 2005. – С. 317-319.
-
Мектептегі тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырудың жолдары // КарМУ хабаршысы. – 2007. – № 1(45). – Б. 139-142. (К.Ж. Кожахметовамен авторлық бірлестікте).
-
Мектептегі тәрбие жүйесінің даму үдерісі // КарМУ хабаршысы. – 2007. – № 1(45). – Б. 159-162. (К.Ж. Кожахметовамен авторлық бірлестікте).
-
Жалпы білім беретін мектеп жағдайында шынайы ұлт өкілінің қалыптастырудың өзекті мәселелері // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделуі және санокреатологияның өзекті мәселелері: Халықарал. ғылым.-практ. конф. материал. жинағы (5-7 қазан 2007 ж.) / КарМУ. – Қарағанды: КарМУ баспасы, 2007. – Б.458-459. (Р.М. Айтжановамен авторлық бірлестікте).
-
Білім беру мазмұнын қалыптастыруда әлеуметтік-мәдени ерекшіліктерді ескеру // Қазіргі заманғы маңызды проблемалар. – 2007. – № 2 (15). – Б. 259-260.
-
Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекеттерінің басқарудың психологиялық және педагоги-калық мәселелері // Білім туралы заң талаптарына сай кәсіби маман даярлау және біліктілігін жетілдіру проблемалары: Халықарал. ғылым.-практ. конф. материал. жинағы (13-15 желт. 2007 ж.). – Алматы, 2007. – Б. 200-201. (П.З. Ишанов, А.Л. Оралбаева, Н.К. Медеубаевпен авторлық бірлестікте).
-
Ұлттық мектепті басқару жолдарын жетілдіру // Білім туралы заң талаптарына сай кәсіби маман даярлау және біліктілігін жетілдіру проблемалары: Халықарал. ғылым.-практ. конф. материал. жинағы (13-15 желт. 2007 ж.). –Алматы, 2007. – Б. 212-214.
-
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру негіздері // Тіл саласында білім беруге арналған халықарал. ғыл.-тәжірибелік конф.материалдары / ҚарМУ. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007. – Б. 78-82. (Р.М. Айтжановамен авторлық бірлестікте).
-
Мектептегі педагогикалық процесті басқарудың кейбір мәселелері // Казақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мазмұнын іске асырудың теориялық және практикалық мәселелері: Респуб.ғыл.-практ. конф. материалдары. – Қарағанды, 2007. – Б. 44-46.
-
Адамгершілік құндылықтар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру. Жалпы білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларына арналған бағдарлама // Қарағанды: ТОО "САНАТ-Полиграфия", 2006. – 17 б.
-
Қорқыт ата ой-тағылымдарының тәрбиелік маңызы // Қазақстанның болашағы қазақ тілінде: ғыл.-тәжірибелік конф.материалдары / ҚарМУ. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. – Б. 18-22. (К. Омаровамен авторлық бірлестікте).
-
Педагогика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – 59 б. (Р.М. Айтжановамен авторлық бірлестікте).
-
Шығыс халықтарының педагогикасы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені // Қарағанды: КарМУ баспасы, 2008. – 54 б.
-
Педагогика народов Востока учебно-методический комплекс // Қарағанда: Изд-во КарГУ, 2008. – 75 с.
Достарыңызбен бөлісу: |