7-апта. Практикалық сабақ



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі48.16 Kb.
#450346
түріСабақ
  1   2
7апта. Нұржауов.Т



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті


«Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі
7-апта. Практикалық сабақ

Тақырыбы:

Орындаған: ВМ-43 топ студенті Нұржауов. Т. Ж
Тексерген: а.о. Абирова И.М.

Орал 2020



Базарларда және жануарларды лажсыздан сою кезіндегі ветринариялық-санитарлық қадағалау

Базарларда ветеринариялық-санитарлық қадағалауды ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасы жүргізеді. Олар аудандық, қалалық ветеринариялық зертханаларға немесе аудандық, қалалық ветеринариялық стансаларға бағынады.

Бұл зертханалардың міндеттеріне базаралраға сату үшін келіп түсетін ет, ет өнімдерін, балық, сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық-санитарлық сараптау, сонымен қатар, осы өнімдерді сату орындары мен оларды сақтау қоймаларының санитарлық жағдайын бақылау кіреді.

Ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханаларының штаты олардың жүктемелеріне байланысты айқындалады. Базарларға келіп түсетін барлық өнімдерді ветеринариялық-санитарлық сараптау ережелеріне сәйкес қарап зерттейді. Қажет болған жағдайларда бактериологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізіледі, әрдайым шошқа ұшаларының және шошқаның жон етінің трихинеллоскопиясын өткізеді.

Ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасының меңгерушісі сатылымға шығарылатын жануар текті өнімдердің сапасы үшін жауапты тұлға болып саналады. Ол өнімдерді тағам үшін жарамсыз деп тануға, олардың сатылуына тыйым салуға, қанағаттанарлықсыз санитариялық жағдайда сауда орындарын жабуға, тоңазытқыштарды, қоймаларды, павильондарды, сату орындарын қарап зерттеуге, базардың лауазымды тұлғаларына және базарда саудамен айналысатын жеке тұлғаға санитарлық ережелердің бұзылуы бойынша айыппұлдар салуға құқылы.

Ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханалары өз қызметі барысында ветеринариядағы басқару органдарымен, ветеринариялық мекемелермен және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен малшаруашылығы өнімдері келіп түсетін елді мекендердің, шаруашылықтардың эпизоотиялық және санитарлық жағдайлары туралы ұдайы ақпараттар алып отырып үшін үнемі байланыста болулары керек.

Зертханада ет және ет өнімдерін, сүт пен сүт өнімдерін сараптауға арналған ғимарат болуы керек. Бағалау ветеринариядағы республикалық мемлекеттік басқару органы бекітетін талаптарға сәйкес өткізіледі. Тағам ретінде еш шектеусіз тұтынуға болады деп танылған ұшаларға, ұша бөліктеріне, ет кесектеріне және шошқаның жон-етіне, сонымен қатар, сойылған құс етіне зертхана аталған өнімдер сатылымға жіберлгенін білдіретін белгі таңба қойылды. Шартты түрде жарамды деп танылған ет және ет өнімдерін залалсыздандырады, ал жарамсыз делінгендерін өтелдеу мен жою үшін жібереді. Шартты жарамды деп танылғандарын сақтау үшін базарларда тоңазытқыш камералары, ал конфискаттарды жинау үшін – арнайы контейнерлер болуы керек.

Сүт пен сүт өнімдерін сатылымға сау сиырлар мен инфекциялық аурулардан сау шаруашылықтардан алынған, елді мекенге қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме тарапынан берілген сату рұқсаты куәлігі (анықтамасы) көрсетілген жағдайда ғана жіберіледі.

Тамақ өнімі ретінде пайдалану үшін жарамды деп танылған сүт өнімдеріне ветеринариялық-санитарлық сараптау зертханасы сатуға рұқсат берілгенін білдіретін этикетка береді.

Жануарларды лажсыз союға шаруашылыққа қызмет көрсететін немесе мемлекеттік мекеменің ветеринар дәрігерінің рұқсатын алған соң болады. Осы кезде сою мен ұшаны бөлектеудің ветеринариялық-санитарлық талаптары қатаң сақталуы керек. Лажсыз сойылған жануар еттерін міндетті түрде бактериологиялық, ал қажет болған жағдайда биохимиялық және токсикологиялық зерттеулерге жүгіндіреді. Бұл зерттеулердің нәтижелері негізінде ветеринар дәрігері етті сату үшін жарамды, шартты түрде жарамды немесе жарамсыз деп таниды. Жарамды ет тағам ретінде пайдалануға жіберіледі, шартты жарамды деп танылғанын заласыздандырады, ал жарамсызын өтелдейді немесе жояды.

Жануар текті өнімдерді өңдеу және сақтау бойынша мекемелердегі ветеринариялық-санитарлық қадағалаудың маңызы және оның міндеттері

Барлық жануар текті шикізаттар қадағалауға алынады. Импорттық және жиналып алынатын шикізатқа ерекше мән бөлінеді. Жануар текті шикізатты дайындау ісімен айналысуға ауданда жедел инфекциялық аурулар болмаған жағдайда инфекциялық және бірқатар паразитарлық ауралардан сау шаруашылықтарға рұқсат етіледі. Дайындау үшін рұқсатты ауданның бас ветеринар дәрігері береді. Шикізаттық базалар үнемі мемлекеттік ветеринариялық қызметтің қадағалауында болады. Оларды белгіленген тәртіпте аудандық мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің мамандары тексереді.

Мұндай базаларға, әдетте, келісім бойынша мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің ветеринар мамандары қызмет көрсетеді, дегенмен штаттық ветеринар дәрігерлері де болуы мүмкін. Олар келіп түсетін шикізаттарды, олардың сұрыпталуын, дұрыс сақталуын қадағалайды, оларға берілген ветеринариялық құжаттарды тексереді, қажетті зерттеулерді ұйымдастырып, өткізеді. Ветеринар дәрігері жануар текті шикізаттарды дайындау, сақтау және өңдеу кездерінде ветеринариялық-санитарлық қадағалауды басшылыққа ала отырып ветеринариялық-санитарлық шараларды ұйымдыстырып өткізеді. Бұл нұсқаулықтар меншік иеліктеріне қарамастан дайындау ұйымдарының қызметкерлері үшін де міндетті. Импорттық және жиналынып алынған тері және былғары шикізаттарын міндетті түрде ветеринариялық зертханада преципитация реакциясымен сібір жарасына тексереді. Сынамаларды ветеринар дәрігерінің нұсқамасымен және оның бақылауында алады. Сынамалар алынған барлық терілерді және сынамалардың өзін белгілеп, таңбалайды.

Қазақстан Республикасының өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1995 ж. 18 қыркүйек N 181-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 1 ақпанда N 150 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі N 156 бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Тұтынушылардың құқықтарына шек қою мен сауда Ережесiн орындамау үшiн жауапкершiлiктi күшейту туралы" 1993 жылғы 25 ақпандағы N 152 P930152_ қаулысына сәйкес және базарлардың жұмысын ретке келтiру мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiлген "Базар саудасы мен оған қойылатын санитарлық талаптар Ережесi" бекiтiлсiн.

2. Жергiлiктi жерлердегi, сауданы басқару органдары көрсетілген Ереженi басшылыққа алып орындайтын болсын, сондай-ақ оны сауда ұйымдары мен кәсiпорындарына жеткiзсiн және ол туралы сатып алушыларға кеңінен хабарлайтын болсын.

3. Күшi жойылған деп төмендегi құжаттар есептелсiн:

- Қазақ ССР Сауда министрлiгiнiң 1979 жылғы 4 маусымдағы N 5-178 "Қазақ ССР колхоз базарларындағы сауда Ережесi туралы" бұйрығы;

- КСРО Сауда министрлiгiнiң 1979 жылғы 24-желтоқсандағы N 297 "Колхоз базарларына арналған санитарлық Ереже туралы" бұйрығы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет