7 дәріс. Саяси элита және саяси көшбасшылық


Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері



бет3/3
Дата01.03.2024
өлшемі24.53 Kb.
#493960
1   2   3
7 дәріс. Саяси элита

Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері.

Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезеңі – XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін, — дәстүрлі дала элитасының қалыптасу дәуірі деп аталады. Қазақтың көшпенді қоғамында билеуші элита құрастыру және оның қалыптасуы көшпенділердің тұңғыштың орны деген салт-дәстүрінен шыққан.
Бұл принцип көшпенділердің Ішкі Азияның кең даласының экстремалды табиғи жағдайына бейімделуінен туындаған. Қоршаған ортаның табиғи ресурстары жайлы, оларды тиімді пайдаға асыру және оларға бейімдену білімдері көшпенділер тайпаларының арасындағы жайлауға, су-бұлақтарына бәсекелестік таласында пайда болып, мыңдаған ғасырлар бойы жинақталып, атадан балаға тараған.
Орта Заманның соңғы жылдарында қазақ тайпаларының ішінде үш этнотерриториалды бірлестіктер пайда болды: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Әйгілі қазақ ғұламалары С.Д.Асфендияров, В.П.Юдин Х.Арғынбаев, Н.Э.Масанов зерттемелері бойынша, бұл үш жүзге бөліну тарихи-географиялық фактормен байланысты – Қазақстанның кеңістігінде табиғи жолымен қалыптасқан үш жағы: Жетісу аймағы, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстанның төңіректері.
Қазақ қоғамында батырлар, би және үлкен ақсақалдардан алғашқы элитасы құрастырылғанымен, олар билікке, ел басқаруға жолатылмайтын.Тек бір кіші әлеуметтік топқа басқарушылық жүргізе алатын – ауыл болсын, ру немесе елдің басшысы бола алатын.
Қазақ даласының әлеуметтік нормативтері және тәртібі бойынша, ханның тағына легитимді жолымен шығу үшін торе ден болу керек болатын, яғни Шыңғысханның ұрпағынан. Сонымен қоса, ол адам алдында көптеген талаптар қойылатын: шыққан тегі, ерекше ой қабілеті, сот ісіндегі үлкен тәжірибе, басқарушылық және ұйымдастыру қабілеті мен әскери өнерлігі.
Әрине, осы қасиеттер үнемі уақыт кеңістігінде заманына сай талабына қарап жаңарылып тұратын. Экстремалды кезеңдерде басшының персоналды ерекше харизмасының қажеттілігінен ел арасында хан сайлауына қызығушылықта көтерілетін. Мысалы, ірі бірлестіктер арасында конфликттік жағдай болар кезде жоғарғы билік басшының ағайындарының немесе балдарының біріне берілу алдында ұзақ процедурадан өтетін: сайлау, жалпы консенсустан өткізу, осындай жолмен билікке келген – Нүралы хан (1748-1786), Батыр хан (1748-1771), Барак хан (1749-1750), Вали хан (1781-1821), Бәкеу Барақұлы (1816-1819).
Ал егерде Қазақ Даласындағы сырқы жағынан әлеуметтік шиеленістер болса, хан сайлауы өте кұрделі бірнешесатылы процедурадан өтетін: қазақтардың ақсүйектерінің кандидаттарын шығару, ірі тайпалар арасындағы бәсекелестіктен консенсусқа келу, және т.б. Таке хан (1680-1715), Абулхайыр хан (1710-1748), Абылай хан (1771-1780) хандарының жолы осындай болатын.
Соңында, сайланған ханды көпшілік алдында ақ киізге көтеріп, күн жолымен айналып шығатын.
Ал XIX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ элитасының қалыптасуына әсерін тигізгені – Ресей империясына қосылуы. Орыс патшалығы Солтүстік Қазақстанның аймағын бірнеше административті бірліктерге бөліп (округ, волость, ауыл), әр қайсына басшы «аға сұлтан» және іс жүргізушілері мен жұмысшылар штатын құрастырды. Сонымен, осы заманнан бастап қазақтың элитасының қалыптасуы толығымен Ресей патшалығынан тәуелді болатын.
XX ғасырдың басында жалпы дүниедеге болған ұлт-азаттық қозғалысының әсерінен қазақ қоғамында да жаңа элитаның қалыптасуы басталады – европалық көзқарастағы, білімі бар оқыған қазақтарынан. Осы топ саналы түрде Ресейдің колониалды режиміне оппозициялық тұрғыда болатын. Әрине, бұл топты құрастырған білім алуға мүмкіндіктері бар өткен заман элитасының балдары: аға сұлтандардың балдары, би және батырлардың тұқымынан шыққандар, жартысынан көбі –чингизидтер. 1905-1920 ж.ж. қазақтардың алғашқы элитасы «Алаш» ұлттық-либералды партиясының қызметінде орын тапты.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: элита, іріктелген, гильдия, антрепренелік, көсбасшылық, басшылық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет