Конкурс жариялайды



Дата09.06.2016
өлшемі37.36 Kb.
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды



1.Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы,

D-0-4 санаты, 1 бірлік.


Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64 063– 86 485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: облыстың үкіметтік емес ұйымдарымен байланысты жүзеге асыру; Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі  консультативтік кеңестің жұмысын ұйымдастыру; Үкіметтік емес ұйымдар туралы ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру; Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруға қатысу,гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың басты бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру; ағымдағы есептілікті дер кезінде жинақтау, талдау және тиісті инстанцияларға кестеге сәйкес ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар немесе білім немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

2. Қоғамдық-саяси жағдайлар мониторингі бөлімінің бас маманы,


D-0-4 санаты, 1 бірлік.


Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64 063– 86 485 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: өңірдегі қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті тұрғыда зерделеу, қорыту және талдау; өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу, алынған нәтижелерді стандартты түрде өңдеу және талдау, зерттеулерді ресімдеу; өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайлар саласына ұсыныстар жасау; ақпараттық-талдамалы орталықпен әлеуметтік қызмет арасында аймақтық деңгейде байланыс орнату.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар немесе білім немесе әлеуметтік ғылымдар немесе құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

3. Ақпараттық саясат бөлімі бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64 063– 86 485 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: аймақтағы БАҚ-пен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; отандық және шетелдік газеттік-журналдық, аудиовизуалдық және басқа да ақпараттық өнімді талдау; отандық баспа және аймақтық электрондық БАҚ-тың талдау мониторингін жүзеге асыру; кабельдік және спутниктік операторлардың жұмысын өзара әрекеттесуін және бақылауын жүзеге алу; облыстағы визуальді-көрнекті өнімді қолданған кезде координациялау және бақылау; бекітілген график бойынша тиісті инстанцияларға ағымдағы есепті уақытында жинап, талдап ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар немесе білім немесе әлеуметтік ғылымдар немесе құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу ережелері" негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:
      1) Қағидалардың  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
      2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
      5) белгіленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (086/У);
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
      7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
           Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасында өтеді.



Конкурсқа қатысу үшін кажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру «Арқа ажары»,«Акмолинская правда» газеттерінде, uvp.akmol.kz интернет бетінде соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы қажет.

Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1 «б» , 351-бөлме, анықтама телефондары: 25-23-50, 25-78-17, элект.адрес: sup_akmo@mail.ru.
Каталог: sites -> uvp.akmo.gov.kz -> uploads -> doki
sites -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
sites -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
sites -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
sites -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
sites -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
sites -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
sites -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
sites -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
doki -> Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 Бұйрығымен бекітілген "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу ережелері" негізінде өткізіледі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет