7 мамыр - Отан қорғаушы күні
Құрметті әскери қызметкерлер!
Қадірлі жерлестер!
Елімізде жыл сайын 7 мамыр – Отан қорғаушы күні тойланып келеді. Біздің әскеріміз әлі жас. Оның есею жолында азғана кедергілер болған жоқ. Әйтсе де, жылдан жылға игі істердің саны арта түсуде.
1945 жылдың ұмытылмас көктеміндегідей халқына қалтқысыз қызмет ету эстафетасын аға ұрпақ өкілдері жас қазақстандықтарға ұсынды. Әскер қатарында біздің ұлдарымыз, немерелеріміз, аға-бауырларымыз қызмет етіп жатыр. Көптеген жерлестеріміз Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында әскери мамандықты меңгеруде.
ҚР Қарулы Күштерінің қызметкерлері ата-бабаларының данқты дәстүрін жалғастырып, табандылықпен, ерлікпен өз халқының бейбітшілігін қорғауда.
Құрметті әскери қызметкерлер! Сіздерге әрқашан да мықты денсаулық, жан сергектігін, қызметтегі игілік, сәттілік және бейбітшілік тілейміз.
Біз офицерлер мен солдаттардың тек қанды шайқастарда ерлікке қол жеткізуін қаламаймыз. Біз сіздердің аман-саулықтарыңызды тілейміз. Жаттығуларда жеңіске жетіп, қарсыластарыңыз тек шартты жаулар болсын.
Әскерилер барлық әскери ғылымды игеріп, Қарулы Күштердің қатарында өзара сыйластық пен достық, бәсекелестік, патриотттық сезім орнықсын. Отан қорғаушының даңқы әрқашан да арта берсін!
Арман Бекбосынов, аудан әкімі.
Дүйсен Бралинов, аудандық мәслихаттың хатшысы.
Достарыңызбен бөлісу: |