ақпараттық жүйелерде сәйкестендіру сәйкестендіру объектісі үшін оны ақпараттық жүйеде бір мағыналы сәйкестендіретін сәйкестендіргіші анықталатын үдеріс. Ақпараттық жүйеде сәйкестендіру үдерісін іске асыру үшін объектіге алдын ала тиісті сәйкестендіргіш беріледі (объектіні ақпараттық жүйеде тіркеу);
сәйкестендіргіш (ID) ақпараттық жүйенің басқа объектілерінен ажырата алатын объектінің бірегей белгісі;
объектілік сәйкестендіргіш (Object Identifier (OID) ақпараттық жүйенің объектісімен ұштасқан және оны дүниежүзілік мекенжайлық кеңістікте сәйкестендіретін цифрлардың бірегей жиынтығы (мысалы 1.2.298.3.12);
объект (Object) – ақпараттық жүйеде сәйкестендірілетін кез келген бірлік (пациент, медицина қызметкері, денсаулық сақтау ұйымы, электрондық медициналық жазба, электрондық денсаулық паспорты және басқалар).
е-денсаулық сақтаудың OID тіркеушісі электрондық денсаулық сақтау объектілеріне OID сәйкестендіргіштерін тіркеу және беру бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысындағы уәкілетті ұйым немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр. (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 Заңынан);
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН) – заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр. (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 Заңынан);
пациент (Subject of Care) – медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
медицина қызметкерлері (Healthcare Professional) – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
денсаулық сақтау ұйымы (Healthcare Organizations) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
медициналық қызмет (Healthcare Activity) – жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;
пациенттердің ұлттық тіркелімі – электрондық денсаулық паспортын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну және пациенттерді сәйкестендiру үшін е-денсаулық сақтаудың сервисі ретінде ұсынылатын ұлттық электрондық қор. Пациенттердің ұлттық тіркелімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми электрондық тіркелімі болып табылады;
медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімі – электрондық денсаулық паспортын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну және медицина қызметкерлерін сәйкестендiру үшін е-денсаулық сақтаудың сервисі ретінде ұсынылатын ұлттық электрондық қор. Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми электрондық тіркелімі болып табылады;
денсаулық сақтау ұйымдарының ұлттық тіркелімі – электрондық денсаулық паспортын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну және денсаулық сақтау ұйымдарын сәйкестендiру үшін е-денсаулық сақтаудың сервисі ретінде ұсынылатын ұлттық электрондық қор. Медицина қызметкерлерінің ұлттық тіркелімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми электрондық тіркелімі болып табылады;
өкілеттіктер (Mandate) – денсаулық сақтау тарапынан қабылданған нақты рөлдің көлемін және шеңберлерін, сондай-ақ атқарылатын рөлге сәйкес жауапкершілігін анықтайтын ережелер жиынтығы. Медициналық көмек көрсету талаптарының өкілеттіктері сұранымдарды (Requests), яғни медицина қызметкері медициналық қызметтерді берушіден бірқатар медициналық қызметтердің іске асырылуын сұрату жағдайын, сондай-ақ жолдамаларды (Referrals) қамтиды, яғни медицина қызметкері медициналық қызметтерді берушіден клиникалық үдеріске өкілеттілікті талап еткен жағдайдағы медициналық көмек көрсетуге қойылған талап;
денсаулық сақтау тарапы (Healthcare Party) – денсаулық сақтау жүйесінде өзара әрекеттесетін жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде пациенттер (Subject of Care), медициналық қызметтерді берушілер (Healthcare Provider) және медициналық көмек көрсетуде қолдау көрсететін тараптар (Healthcare Third-party);
медициналық қызметтерді беруші (Healthcare Provider) медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйым (Healthcare Organisation) және/немесе медицина қызметкері (Healthcare Professional);
медициналық көмек көрсетілгенде қолдау көрсететін тарап (Healthcare Third-party) – туған-туысқан, қамқоршы, заңды өкіл, сондай-ақ медициналық қызметтердің шығыстарын төлеуге, қаржыландыруға, әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты басқа да тараптар;
медициналық қызметтер көрсету (Healthcare Service) – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;
HL7 (HealthLevel 7) электрондық медициналық ақпараттармен алмасу, басқару және ықпалдастыру стандарты;
CDA (Clinical Document Architecture) клиникалық құжаттардың архитектурасы.