Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
«Мәслихаттардың шығып қалған депуттарының орнына сайлау өткізуді 2014 жылғы 26 қазанға тағайындау жөнінде»
№ 8 КАУЛЫСЫ
2014 жылғы 26 тамыз Өскемен қаласы
1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 101-бабының 4-тармағы негізінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2014 жылғы 26 қазанға тағайындалсын:
Семей қалалық мәслихатының № 5 сайлау округі бойынша;
Өскемен қалалық мәслихатының № 4 сайлау округі бойынша;
Бесқарағай аудандық мәслихатының № 5 сайлау округі бойынша;
Зайсан аудандық мәслихатының № 13 сайлау округі бойынша;
Тарбағатай аудандық мәслихатының №№ 2, 10, 14 сайлау округтері бойынша;
Ұлан аудандық мәслихатының №1 сайлау округі бойынша.
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-бабының 2-тармағы негізінде сайлау іс-шараларын өткізудің келесі мерзімдері белгіленсін:
-
депутаттыққа кандидаттар ұсыну 2014 жылдың 26 тамыз күні (сайлау күнінен екі ай бұрын) басталады және 2014 жылдың 25 қыркүйек күні (сайлау күнінен бір ай бұрын) аяқталады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 103-бабының 6-тармағы).
-
депутаттыққа кандидаттарды тіркеу 2014 жылдың 26 тамызында басталады және 2014 жылдың 30 қыркүйек күні (сайлау күніне 25 күн қалғанда) аяқталады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 104- бабының 8-тармағы).
-
Сайлау алдындағы үгіт 2014 жылдың 1 қазанында басталады және 2014 жылдың 25 қазанында 00-00 сағатта аяқталады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 27-бабының 2-тармағы және 32-бабы).
ОАСК төрағасы Е. А. Нәбиев
ОАСК хатшысы Г. П. Романовская
Достарыңызбен бөлісу: |