Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының 2014 жылдың қаңтары мен 2015 жылдың қаңтары аралығында сайлау округтарында атқарған жұмыстары туралы



Дата17.06.2016
өлшемі269.32 Kb.
#143305
Бесінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты

депутаттарының 2014 жылдың қаңтары мен 2015 жылдың қаңтары аралығында

сайлау округтарында атқарған жұмыстары туралы

МӘЛІМЕТТЕР (жалғасы)







Мәслихат депутатының А.Ж.Т.

Депутаттық қызметті ақпараттық қамтамасыз ету

Сайлау округінде тағы не атқарылды. Халық қалаулысы ретіндегі өзіңіздің бастамаңыз


Мәслихаттың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз


Ескерту

1

1

Борис Тимофеевич

Адианов


№ 17 сайлау округі

«Лучший журнал об архитектуре, строительстве и благоустройстве дома»

№3 2014 ж. шілде

«Я люблю Семей» журналы №7, 2014 ж. 17 маусым

«Вести Семей» газеті, «Путь к процветанию».

Жергілікті телевидение бойынша үш хабар.





-





2

Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков

№ 25 Бесқарағай сайлау округі



"Егемен Қазақстан", «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті», «Семей таңы» газеттерінде 10 мақала, «Бесқарағай тынысы» газетінде 6 мақала.

«Казахстан-Семей», ТВК-6 телеарналарының хабарларына қатыстым.


Екі ғылыми мақала жарияланды.

Өткен жыл ішінде сайлаушылардың аманаттары орындалды. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес Бесқарағай ауданы әкімі мен бөлім басшыларының Шәкәрім атындағы Семей МУ студенттерімен кездесуі өткізілді. Бородулиха ауданының «Лада» шаруа қожалығы негізінде ғылыми технологияларды қолдау бойынша бірқатар шаруа қожалықтарының басшыларымен ғылыми семинарлар өткізілді. Шәкәрім атындағы Семей МУ ақпараттық технологиялар басқармасы Семеновка селосындағы мектепке жаңа ақпараттық технологияларды орнату мен іске қосу бойынша көмек көрсетті.

Аудан орталығының келбетін жақсарту, жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарға ықпал жасадым.














3

Қайыпқан Медеуұлы Амұрзақов

№ 42 Шемонаиха сайлау округі



Жұмыс туралы мәліметтер берілген жоқ.













4

Анчугин

Александр Михайлович № 10 Тохтаров сайлау округі



«Вестник Компании», «Риддерские Вести», «Рудный Алтай» газеттерінде 3 мақала


  • жас спортшылар арасында шаңғы тебуден спорттық жарыс ұйымдастырылды – барлығы 130-дай адам қатысты;

  • ардагерлер Кеңесіне, қалалық балалар ауруханасына, мектептерге көмек көрсетілді.




Мәслихат аппаратының халық қалаулыларымен тығыз байланыс жасауы және мәслихаттың депутаттар корпусын ынтымақтастыру бойынша жұмысы.







5

Нұрлан Мәулімғазыұлы Байбеков

№ 15 сайлау округі






Менің халық қалаулысы ретіндегі жеке бастамам бойынша «СӘТ ТРАНС» ЖШС-мен Семей қаласының әкімдігі арасында құны 5 млн. теңге болатын футбол алаңын салу жөнінде меморандумға қол қойылды.











6

Омарбек Қазанғапұлы Байуақов

№ 21 сайлау округі



Газетке қоғамдық қабылдау дайындайтын «Депутат-халық қалаулысы» деген атпен тұрақты түрде жарияланатын бет оқылатын, танымал, қажетті болып табылады.

(5 мақсатты жолақ, 11 жеке мақала жарияланды, телевидение арқылы бірнеше сюжет берілді).



Сайлаушылармен және тұрғындармен негізгі жұмыстардың барлығы ТВК-6 телекомпаниясының мекенжайында орналасқан депутаттардың қоғамдық қабылдау бөлмесі, сондай-ақ, БАҚ («Ертіс өңірі», «Спектр», ТВК-6 телеканалы) арқылы жүргізіледі. Қабылдау аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі. Өз сайлау округтарымыздың ғана емес, бүкіл Семей өңірі, соның ішінде ауылдық округтердің сайлаушыларының да арыз-өтініштері қаралады.



Даниал Ахметов облыс әкімі болып тағайындалған бірінші күндерден бастап ТВК-6 арнасы мен газеттерде оның өңірмен танысуы, сөйлеген сөздері, қала халқымен және әртүрлі сала мамандарымен кездесулері туралы материалдар жарыққа шығарылуда.

Қала халқының құқықтық сауаттылығын жоғарылату, құқық саласына қолжетімділік пен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Спектр» газетінде айына бір рет жарық көретін «Сіздің құқығыңыз» атты ақпараттық бюллетень шығаруды қолға алдық.





Жастармен жұмысты күшейтіп, «Шығыс Қазақстан облысындағы жастармен жұмыстың негізгі бағыттары» Концепциясын жасап, қаржыландыру мәселесін шешіп, осы санат үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету қажет.




7

Анатолий Михайлович

Балушкин

№ 6 Студенческий сайлау округі


-

Депутаттың бастамасымен 2007 жылы ашылған қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы жолға қойылған.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мамандары облыстық мәслихат депутатымен қатар Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары А.А. Юрченко, И.Н. Потапов, М.И Кикина., А.А.Урих, Д.Т. Құсайынов, О.Г. Фролов, А.А. Құрманғалиевтың аттарынан да қабылдау жүргізеді.

• 2004 жылдан бастап тұрақты түрде, 100% көлемде Балаларды дамыту орталығының (Согра кентіндегі балабақша) жұмысына қолдау көрсетіледі.

• Қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы аз қамтылған отбасылары мен жетімдерге тарату үшін кәсіпорында киім-кешек жинау жұмыстары жүргізіледі.

• Жастар сарайының жұмысына қолдау көрсетіледі (Славский жағ., 14).

• Шіркеу-жамағат мектебіне үнемі қолдау көрсетіледі (Славский жағ., 14)..



-

Қоғамдық қабылдау бөлмесі




8

Тасболат Қажмұханбетұлы Битенов

№ 29 Шар сайлау округі



-

Сайлаушылардың аманаттары орындалуда: Шар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны, Шара, Қарауыл ауылдарында балабақша, Қарауылда жасанды жабындымен жабылған футбол алаңы, Саржалда су құбыры салынуда.

Орталық аудандық ауруханаға, Қасқабұлақ ауылының Әуезов ат. мәдениет үйіне, Медеу ауылындағы мәдениет үйіне, Байғожина ат. балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

11 адам жұмысқа орналастырылды.











9

Александр Васильевич

Гречухин

№ 2 Пристанский сайлау округі


1

Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуге мониторинг жүргізіліп, сапасы тексерілді. Тексеру барысында бірқатар проблемалар анықталды. Оларды шешумен мемлекеттік, қоғамдық, партия ұйымдары айналысуда.











10

Рысхан Жағыпарқызы Жанкүшікова

№ 40 Үржар сайлау округі




«Рудный Алтай» газетінде - 1, «Дидар» газетінде - 4, «Устинка» газетінде - 1, «Алдаспан» газетінде - 2, «Семей таңы» газетінде - 2, «Уақыт тынысы»-«Пульс времени» газеттерінде – 22 мақала жарық көрді.

Ауданда Тұңғыш Президент мерекесін атап өтуге арналған шараларға 3 жыл қатарынан облыстық, аудандық мәслихат депутаттары демеушілік көрсетіп келеді. 2014 жылы 150 бала осы мейрамға қарсы депутаттардан сыйлықтар алды.

Ұйымдастырылып, өткізілді:

- партияның 15-жылдығына байланысты «Нұр Отан» партиясы филиалының «Нұрлы болашақ жолында» форумы;

- ұжымның «Мәңгілік ел» акциясына қатысуы;

- «Наурыз-2014» мерекесін өткізу – ұжымның белсенді қатысуы, киіз үйлер байқауында бас жүлдені жеңіп алуы. Үржар ауылының тұрғындарына арнап қайырымдылық түскі асын өткізу.


2015 жыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Абайдың 170 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 150 жылдығы сияқты мерейлі даталарға толы болады.

Біз, депутаттар, осы шараларды халық арасында кең нәсихаттап, қоғамның барлық мүшелерін ортақ үйіміздегі бірлік, бейбітшілік, тұрақтылықты сақтауға жұмылдыруға ықпал етуіміз керек.








11

Әсемқан Серқанұлы Досқожанов

№ 12 сайлау округі



Журнал «Алтын Сапа», қалалық телеарнаның «Вести Семея» бағдарламасы

-

-







12

Рысбек Меделханұлы

Дүйсекеев

№ 22 Аягөз сайлау округі


«Аягөз жаңалықтары» газетінде 3 мақала, «Дидар» газетінде 1 мақала

Өз қаражатыма «Ботақан» балабақшасы ашылды, құны 25 млн. теңгені құрайды.










13

Төлеген Қалижарұлы Екімбаев

№ 3 Әуезов сайлау округі



-

Облыстық мәслихаттың сессияларында немесе тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарауға мынадай мәселелер ұсынылды:

1. Ново-Явленка, Ахмирово, Прудхоз, Ново-Троицкое селоларында жолдарды жөндеу қажеттігі туралы мәселе.

2. Ново-Ульбинка ауылында Үлбі өзеніндегі аспалы көпірді жөндеу мәселесін шешу бойынша. Жөндеу жұмыстары күрделі жөндеу жоспарына енгізілді, смета негізінде ол жұмыстарға 5 млн. 600 мың теңге бөлінді.

Жоғарыда аталған жолдарды жөндеу мәселесі қаралады.












14

Нағима Сапарқанқызы Жақиянова

№ 41 Мақаншы сайлау округі




«Уақыт тынысы» газетінде 4 мақала, «Семей таңы» газетінде 1 мақала, «Дидар» газетінде 1 мақала жарияланды.

Медицина саласы ардагерлерінің аллеясы.

Ауданда өткізілген барлық шараларға қатысамын.

ҰОС мүгедектеріне, Ауғаныстан соғысының ардагерлеріне, өз сайлаушыларыма үнемі қайырымдылық жасаймын.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен бағдарламалық құжаттарды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргіземін.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қытысты мәселелерді шешуге, стратегиялық бағдарламаларды орындауға, бюджетті атқаруға және басқа да мәселелерді шешуге ұдайы түрде ат салысамын.


  1. Кезектен тыс сессиялар өткізу

  2. Көшпелі сессиялар өткізу

  3. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды, Елбасының Жолдауларын жүзеге асыруды жандандыру.







15

Бейбіт Жеңісұлы Жеңісов

№ 5 Согра сайлау округі



«Наурыз в Усть-Каменогорске – во имя дружбы и процветания» oskemen.vko.gov.kz (Өскемен қаласы әкімінің сайты), www.zakon.kz, www. 1720.kz

oskemen.vko.gov.kz (сайт акима г. Усть-Каменогорск), www.zakon.kz, www. 1720.kz

«С заботой о здоровье трудового человека» «Казахстанская правда»

«Казахстанская правда»

«АО «УКТМК»: достижения в инновационных проектах и успехи в социальном развитии» «Бизнес.Труд.Социум» «Бизнес.Труд.Социум»


1. Ауысымына 240 келушіге арналған әлеуметтік –алдын-алу медициналық көмек, кеңестік диагностика, оңалту бөлімшесі мен күндізгі стационары бар Б. Шаяхметов атындағы аурухана кешені салынып, қолданысқа берілді.

2. Қалалық бюджет қаражатына жеке сектордың кейбір көшелеріне құм төселді.

3. «УКТМК» АҚ Ардагерлер кеңесінің жұмысына көмек көрсетілуде.

4. № 23 орта мектеп Новая Согра, Солнечный, Радужный, Каменный Карьер, Ново-Ульбинка кенттерінің 1200 баласына арналған. Жыл сайын комбинат қаражаты есебінен ғимаратты, жылу, жарық беру, кәріз және сумен қамтамасыз ету жүйелерін күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

5. Жаңа Согра кентінің орталығында орналасқан Мәдениет үйінің ұжымы жыл сайын, 8 Наурыз, Наурыз, Масленица, Қазақстан халқының бірлігі күні, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні, Астана күні, Конституция күні, Қала күні, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні сияқты мемлекеттік мейрамдарға, ерекше даталарға, кәсіби мерекелерге және Жаңажылға арнап 100-дан аса мәдени- бұқаралық шаралар өткізеді.

-







16

Жайық Амангелдіұлы Жұмаханов

№ 23 Аягөз сайлау округі



2014 жылғы 1 желтоқсанда «Рудный Алтай» газетінің №139 жарияланған «Почему врачу выгодно быть депутатом?» мақаласы, Аягөз аудандық газетіне шыққан мақалалар.

Аягөз ауданының емдеу объектілерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, әлеуметтік жобаларды қолдау үшін көп жұмыстар атқарылды.


Сайлаушылардың аманаттарын орындауға, депутаттардың сессияларда немесе мәслихаттың басқа жұмыс органдарында белсенді болуларына қол жеткізу.








17

Валерий Александрович Завьялов

№ 11 Рощинский сайлау округі



«Мой город Риддер», «Лениногорская правда», «Рудный Алтай», «Дидар» газеттерінде 6 мақала

Риддер қаласындағы балалар ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді.

Қалалық және облыстық мәслихат депутаттарының бірлескен жұмысын ұйымдастыру. Сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін бірлескен жоспар жасап, оны орындау.







18

Ерлан Әмірбекұлы Зәйтенов

№ 32 сайлау округі



«Пульс района» газетінде екі мақала

Инвестициялық және инновациялық жобаларға қатысу, мал шаруашылығына жаңа технологиялар енгізу және т.б.










19

Ғаббас Төкешұлы Ибраев

№ 36 сайлау округі



Семей қаласының газеттерінде 4 мақала, телевидениеден 4 хабар

Қыс уақытында қардың көп тусуіне және су басу қаупінің болуына байланысты сол жақ жағалаудағы мектептер мен балалар үйінің аулаларынан 800 куб қарды жинап, қаладан тысқары шығару жұмыстары өз күшімізбен атқарылды.


Мүгедектерге, ардагерлерге, ауруларға, аз қамтылған отбасыларына бөлінген бюджеттік қаржылардың мақсатты жұмсалуына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына көп назар аудару. Халыққа жақын болу.







20

Владимир Леонидович

Кошелев


№ 27 Белоусов сайлау округі

«Огни Приртышья», «Рудный Алтай» газеттерінде депутаттың жұмысы жөнінде 7 жарияланым.

Депутаттың бастамасы бойынша Глубокое ауданының Белоусовка кентінің Молодежная көшесінің 8 үйіне жылыту жүйесін жеткізу бойынша ЖСҚ жасалынды.

Қазіргі уақытта жасалған сметаны жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.













21

Марат Серікжанұлы Құрманбай

№ 20 сайлау округі



Мақалалар мен жарияланымдар саны 23:

«Семей таңы», «Вести семей», «Рудный Алтай», «Дидар», «Егемен Қазақстан»;

«Қазақстан Семей» 5 рет, «ТВК 6» 17 рет, «Қазақстан» 2 рет, «Хабар» 3 рет.


1. Қайнар ауылында мәдени-тарихи орталық салынды.

2. Жеңіс Күні қарсаңында Шульбинск кентінде, Знаменка, Прииртышское, Кайнар селоларында, Семей қаласында сыйлықтар тапсыра отырып, ҰОС қатысушылар мен жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізілді.




Облыстық мәслихаттың жұмысына қатысты ескертулер жоқ. Мәслихат аппараты сессиялар мен басқа да шаралар туралы уақытында хабардар етеді.








22

Виктор Александрович Кутовой

№ 38 сайлау округі




«Коммунист Казахстана», «Трибуна» «Железнодорожник Казахстана», «Рудный Алтай» газеттерінде мақалалар.

ТК «Астана», «Өскемен», «КТК» арналарынан хабарлар



ҚХКП ШҚ облыстық комитетінің кеңсесінде кәсіпорын, мекеме басшыларымен кездесулер өткізілді.



-







23

Ержан Кәрібайұлы Құттыбаев

№ 4 сайлау округі



Тарбағатай ауданының «Тарбағатай» газетінде 1 мақала жарияланды, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының тікелей эфиріне қатыстым.

- Ақсуат ауылында спорт модулінің құрылысының жүргізілуіне ықпал еттім;

- Тарбағатай ауданында «Бөрлітостаған: мәртебесі және болашағы» атты тақырыбымен ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып, өткіздім;

- ПРООН- ның құны 22 млн. теңгені құрайтын грантын ұтып, ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалды (қаражатқа мектептер үшін 2 жылыжай, 4 қазандық сатып алынды, аудан орталығының бір көшесі жарықтандырылды);

- Тарбағатай ауданында 40 га жерде «Ақжайлау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ашу жөнінде мәселені көтеріп жүрмін.












24

Бақыткерей Күнсіләмұлы Мұсажанов

№ 28 Георгиевка сайлау округі



-



Жаңғызтөбе ауылдық округінің әкімімен 1,5 млн. теңгеге кентті абаттандыруға көмек беру жөнінде меморандумға қол қойылды.

Меморандум орындалды.












25

Қайрат Қасымұлы Нәбиев

№ 37 Ақсуат сайлау округі




Мерекелік даталар бойынша аудан халқын үнемі құттықтау

Ақжар ауылында өз қаражатым есебінен мешіт жанынан қатымхана құрылысы басталды – шамамен құны 120 млн. теңгені құрайды.











26

Болатбек Икепұлы Нұрасыл

№ 30 Зайсан сайлау округі



-

Жұмысшы мамандықтары (тракторист-машинист, жүргізуші, электрик, сантехник, тас қалаушы және т.т.) бойынша кадрлар даярлауға ықпал етудемін.

Бюджеттік қаражаттарды жоспарлау кезінде және оны жұмсауға бақылауды жүзеге асыру үшін депутаттарды кәсіби қызметін ескере отырып, бағдарлама әкімшілеріне куратор ретінде бекіту. Бюджетті жоспарлау және оның жұмсалуын қарайтын комиссия отырыстарында өзі жетекшілік жасайтын сала бойынша қосымша баяндама жасауды енгізу.

Мәселелерді республикалық деңгейде шешуге мәжілісмендерге ықпал көрсету үшін облыстық мәслихат депутаттарының Мәжіліс депутаттарымен дөңгелек үстел басындағы кездесулерін жиірек ұйымдастыру.










27

Ержан Ахтанұлы

Нұрбаев


№ 33 Зырян сайлау округі

«Пульс Зыряновска» газетінде 3 мақала, «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеарнасында хабар


Зырян қаласында аумағы 5 га. болатын жер учаскесін жеке меншіктен шығару және оны мұсылман зиратын ұйымдастыруға коммуналдық меншікке беру үшін құжаттарын ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, мердігерлерді қатыстыра отырып, аумағы 5 га. болатын жер учаскесін тазалап, қоқыс шығару бойынша жұмыстар өз қаражатым есебінен атқарылды.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және кәсіпкерлермен кездесулер барысында Агробизнестің дамуы бойынша мәселелерді көтереміз, сондай-ақ, өңірді дамыту және жаңа өндіріс ашу үшін «Моногород» бағдарламасына қатысу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Зырян және Серебрянск қалаларындағы жылу беретін компанияларға көмір сатып алу үшін қосымша қаржыландыру мәселелерін көтерудемін.


Депутаттарға сайлауалды бағдарламаларын орындау үшін қолдау көрсету.








28

Нұрлан Срайылұлы Омаров

№ 14 сайлау округі



-

Қаланы абаттандыру мақсатында Физкультурная көшесін асфальттау, көшелерге жарық беру желілерін салу, көгалдандыру жұмыстарының атқарылуына ықпал еттім.

Семей қаласының сырт келбетіне эстетикалық түр беру мақсатында мен басқаратын кәсіпорын ғимаратының қасбеті жөнделіп, 10 түп шырша отырғызылды.

Қазіргі уақытта «СМЗ» АҚ өндіріс цехтарының бірқатарын қалыпқа келтіру, жөндеу және автотехника жинап, құрастыру өндірісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстардың арқасында шамамен 450-500 жаңа жұмыс орны ашылып, бұл жалпы өңірдің қаржы-экономикалық жағдайына жақсы әсер ететін болады. Халықты спортқа және салауатты өмір салтына тарту мақсатында «СМЗ» АҚ аумағында спорт кешенін ұйымдастыру жоспарлануда.

Сайлаушылардың аманаттарын орындаудан басқа азаматтардың кез-келген мәселелер бойынша өтініштеріне де жауап беремін. Өтініштер жарық беруді қалпына келтіру, қоқыс шығару, территорияны тазалау сияқты мәселелерді қамтиды.













29

Григорий Васильевич

Пинчук


№ 43 Первомай сайлау округі




Облыстық мәслихат депутаттарының көмекшілеріне, қалалық, аудандық мәслихат хатшыларына, аппараттарына әдістемелік көмек көрсетіледі. ҚР мәслихаттарының құрылуының 20-жылдығына байланысты депутаттарды мерейтойлық медальдармен наградтау жұмыстары жүргізілді. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, таңдаушылардың дауыс беруі өткізілді.


-







30

Рая Жанғалиқызы Рахимова

№ 1 Өскемен сайлау округі



«Рудный Алтай» -1.

«Мой город» -2.

«Устинка плюс» -2.

«Алдаспан» -2.

«Медицинская газета»-1.

Телевидение бойынша -3.




- Балаларға, әйелдерге, босанушыларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі жақсартылды.

- «Ана мен бала орталығының» аумағында тікұшақ алаңын салу бойынша инвестициялық жоба жоспарланды, авиация өкілдерімен кездесу өткізіліп, тікұшақ алаңын салуға қаражат бөлу жөнінде денсаулық сақтау басқармасына хат жолданды.




  1. Газет-журналдарға мақалаларды, депутаттық қызмет бойынша басқа да жарияланымдарды мемлекеттік тапсырыс есебінен беру.

  2. Мәслихаттың депутаттармен бұдан да тығыз, үйлесімді қарым-қатынасын жүзеге асыру.










31

Төлебай Қосиябекұлы Рахыпбеков

№ 16 сайлау округі



2 мақала, («Вести Семей», «Спектр» газеттерінде); телевидение бойынша 3- (Қазақстан – Семей, ТВК -6)

Ертіс өзенінің жағалауында, Мирный кентінде және Полковничий аралында сенбіліктер өткізілді.











32

Кенжалы Шынжыұлы

Сахариев


№ 18 сайлау округі

-

Темір жол вокзалы маңында тұратын ҰОС ардагерлерінің өтініші бойынша үйдің ауласы мен балалар ойын алаңын жөндеу жұмыстары жүргізілді: футбол алаңы қоршалды, әткеншектер, құмсалғыш, балалар ойнайтын қондырғылар (саңырауқұлақтар және т.т.) жөнделді, қоршауларды бояйтын бояулар алынды.










33

Юрий Николаевич Свиридов

№ 32 Зырян сайлау округі



-


-

-







34

Ержан Оқаұлы

Сқақов


№ 34 Күршім сайлау округі

Газетте 2 мақала: 1- «Дидарда», 1 – «Рауан –Заря» аудандық газетінде.

Аудан орталығы Күршімде мешіт салу мәселесінің шешімін табуы.











35

Сергей Федорович

Солдатов

№ 8 Мирненский сайлау округі


Барлығы 9 мақала:

1. «Вестник компании» апталығы - 5 мақала:

2. «Рудный Алтай» газетінде- интервью;

3. «Дидар» газетінде -интервью;

4. «Устинка Плюс» газетінде -интервью;

5. «Мой Город» газетінде - интервью.




ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Т.Дүйсеноваға №1,2 тізімге жататын жұмыскерлерге мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін ұлғайту және 1998 жылғы 1 қаңтардағы шектеу датасын зиянды (аса зиянды), ауыр (аса ауыр) жағдайларда еңбек ететін жұмыскерлер үшін жою туралы хат жолданды. Осы мәселе бойынша Министрмен болған кездесуге қатыстым.


-







36

Нұрлан Мұқанұлы Темірбеков

№ 39 Ұлан сайлау округі



«Ұлан таңы», «Рудный Алтай», «Дидар», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде 6 мақала, «Қазақстан-Өскемен», «Қазақстан» телеарналарында хабарлар, Казинформ сайтында жарияланымдар.

- Қасым Қайсенов ат. кіреберіс аркасы жобаланды;

- ШҚО, Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов кенті, З. Ахметов к., 27 мекенжайы бойынша орналасқан спорт кешені ғимаратының техникалық жағдайы, құрылысының беріктігі және ғимараттың қажетті қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қорытынды дайындалды;

- Қасым Қайсенов кентінде азат етуші жауынгерлерге арналған ескерткіштің жобасы жасалды. Жоба жүзеге асыруға қабылданды, темір конструкциялары Өскемен темір конструкциялары зауытында дайындалды;

Ұлан ауданы мектеп бітірушілерімен кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілді.Осындай жұмыс барлық аудандар мен қалаларда жүргізіледі. Менің бастамам бойынша профессорлар мен оқытушылар мектеп бітірушілерге арнап әртүрлі пәндер бойынша кеңестер өткізеді.




Мәслихат депутаттары ауылды жердегі шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмыс жағдайлары жақсаруына қамқорлық жасап, ісін жаңа бастаған ауыл кәсіпкерлеріне жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетулері керек.








37

Мұхит Тұрысханұлы Тұмабаев

№ 19 сайлау округі



Газетке қоғамдық қабылдау дайындайтын «Депутат-халық қалаулысы» деген атпен тұрақты түрде жарияланатын бет оқылатын, танымал, қажетті болып табылады.

(9 мақсатты жолақ, 7 жеке мақала жарияланды, телевидение арқылы бірнеше сюжет берілді, облыстық «Флэш» газетінде бір мақала).



Агрофирма тұрақтандыру қорына өнім шығаратын ірі өндіруші болып табылады. Қазіргі уақытта 14-15 тонна сыйымдылығы бар қоймаларда жеміс-көкөніс түрлерінің бәрі сақталған. Өндіріс көлемі Семей қаласын ғана емес, сонымен қатар, жақын орналасқан Абралы, Абай, Аягөз аудандарын да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары көкөністі кептірудің жаңа технологияларын енгізу қарқынды жүргізілуде. Польшадан әкелінген жаңа қондырғыларда тоғанақтау және орау өндірісі жолға қойылған.

Сонымен қатар, шаруалар ауыл шаруашылық малдарының жаңа тұқымын шығару мен бордақылау жұмыстарымен белсенді түрде айналысуда. «КазАгроФинанс» АҚ қаражаты есебінен шетелдік селекциядан етті асыл тұқымды ірі қара (Шароле, Ангус) сатып алу жоспарлануда. Француздық сиыр тұқымы біздің жаққа бейімделіп, бордақыланған жағдайда біз ет өнімдерімен Павлодар облысын және көрші Ресейдің шекараға жақын орналасқан аудандарын қамтамасыз ете аламыз.





Қоғамдық қабылдау




38

Лұқбек Шабданұлы Тұмашинов

№ 36 Катонқарағаай сайлау округі



-

Берел ауылына телефон байланысы орнатылды (ЖСҚ жасауға қаражат бөлінді);

Приморское ауылында су құбырын салу үшін ЖСҚ жасауға 3,5 млн. теңге бөлінді;

Өз қаражатым есебінен екі жетім-студенттің ЖОО оқуын төлеп отырмын;

Үлкен Нарын ауылындағы мектеп құрылысын аяқтауға ықпал жасадым.












39

Нұржан Құрмантайқызы Түсіпова

№ 35 Көкпекті сайлау округі



1. БАҚ-да – «Рудный Алтай», «Дидар», «Новые профсоюзы», «Мой город», республикалық газеттерде – 12 жарияланым;

2. Телевидение бойынша – 14, соның ішінде Семейде және облыстық телевидениеде.




1. Аудандарда жұмыскерлер мен жұмыс берушілерді еңбек заңнамасының негіздерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

2. Резерв бекітілді – аудандық газет журналисі

3. Пантелеймоновка ауылында мектеп жөнделді

4. Самар ауылында спорттық модуль салынды



-

Туындаған мәселелерді жедел түрде шешу үшін облыстық мәслихат депутатының сайлау округінде көмекшісі болуы қажет.







40

Асқар Көптілеуұлы Оразов

№ 31 Зырян сайлау округі



1. «Мой город Зыряновск», «Пульс Зыряновска», «Вестник Казцинка», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланымдар.

2. ТВ «Алва» арнасы бойынша сөз сөйлеу – аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат.




1. Үгіт-насихат топтарының жұмысына қатысу, көңіл көтеретін орындарға рейдтер.

2. Жолдарда кезекшілік атқару, ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету, ауған соғысына қатысушылардың саябағын жасау.













41

Цораев

Алексей Асланбекович

Центральный избирательный округ

№ 4








-







42

Людмила Петровна Цыбенко

№ 26 Глубокое сайлау округі



«Рудный Алтай», «Дидар» и «Огни Прииртышья» газеттерінде бірқатар мақалалар жарияланды. КТК телеарнасы бойынша екі хабар ұйымдастырылды.


1. Депутат және кәсіпкер ретінде округтің аумағын тазарту мен абаттандыру, Тарханка ауылының жолдарын қыста тазалау жұмыстарына қатысамын.

2.Облыстық, аудандық мәслихат пен әкімдіктің әртүрлі комиссиялары мен комитеттерінің, топтарының жұмысына қатысамын.




-







43

Олег Владимирович Чернышов

№ 7 Құрылыс сайлау округі



«Рудный Алтай», «Устинка», «Мой город», «Флеш» газеттерінде 5 мақала мен интервью.

«Оскемен Казахстан», «Хабар», «Астана», телеканал «АГУ» телеарналары бойынша 10 хабар. Барнаулдық , Қазақстандық интернет порталдарда жарияланымдар.



Екі ғылыми мақала.

ШҚО барлық қалалары мен аудандарында қоғамдық кеңестер құрылды, ШҚО орталығында Орхус орталығы ашылды, ауылдық ҮЕҰ үшін ресурстық орталықтар ашылды, ШҚО өндіруші салалар бастамаларының ашықтығы дамуда, Өскеменде хоспис құрылысын жүргізу бойынша бастама көтерілді, ШҚО жергілікті өзін-өзі басқару дамуда.


ШҚО мәслихаты жанында бастамашыл азаматтар мен қоғамдық пікір көшбасшыларынан кеңес құру, қажетіне қарай олардың облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларымен кездесулерін ұйымдастыру, белсенді жастар үшін экскурсиялар, іскер кездесулер ұйымдастыру, комиссиялар отырыстарына қатыстыру арқылы облыстық мәслихат депутаттарының қызметімен және мәслихат аппаратының жұмысымен танысуға жағдай жасау.











ЖИЫНЫ:

187 мақала, телевидение бойынша 77 хабар











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет