8-сынып «Қазақ тілі» пәні №1 БЖБ
«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография. Жалқы есім емлесі» бөлімі
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы. Стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасап, редакциялап жаз.
Шығу тегіміздің корені асыл қасиетіміз бай тарихымыз ата бабамыздың ер түріктермен байланысты екенін көрсетеді олай болса ескі түркі жазуының сипатын айшықтамай түркілік болмыстың ерекшелігін түсіну мүмкін емес екені ясно ал бұл арнадағы зерттеулер соңғы жылдары ғана қолға алынып келеді сондықтан да байырғы түркілердің ұрпағы жалғасы яғни біздер үшін бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпақ үшін тасқа қашалып жазылған сырға толы рәміздік жазулардың деректік мағынасы мен негізгі идеясын ашу зерттеудің көкейтестілігі болмақ.
2-тапсырма. Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жаз (сөз саны – 70-80). Күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жаз.
Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениеті мен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. Ол VII-VIII ғасырларда жазылған. Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 жол айналасында. Олардың ішінде кішігірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі.
Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі – 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.
Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүниетанымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.
Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі – 3,5 метр, төменгі ені – 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші – түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіш моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы қазақ халқының арғы аталары Көне түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі. (206 сөз)
http://bilim-all.kz/article/179-Orhon-Enisei-zhazbalary
Достарыңызбен бөлісу: |