8 сыныпта өткен басты оқиғалар 1710 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы үш жүздің басын біріктіру жөніндегі жиын. 1716



Дата25.02.2016
өлшемі43.96 Kb.
#19402

www.testent.ru

8 сыныпта өткен басты оқиғалар
1710 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы үш жүздің басын біріктіру жөніндегі жиын.
1716 – Жәміш (Ямышевск), Омбы бекіністерінің салынуы.
1718 – Семей бекінісінің салынуы, Аякөз маңында қалмақтармен соғыс.
1723 – 1727 – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
1726 – Торғай бойында қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауы.
1729 (1730) – Балқаш көлі алқабында (Аңырақай) қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауы.
1731 ақпанның 19-ы – патшайым Анна Иоанновнаның Кіші жүзді Ресей құрамына

Қабылдау жөніндегі жарлығы.


1731 қазанның 10-ы - Әбілқайыр хан мен оның жақтастарының Ресейге ант беруі.
1734 – Орта жүз ханы Күшіктің Ресейге ант беруі.
1735 – Орск бекінісінің салынуы.
1743 – Орынбор қаласының салынуы.
1752 – Петропавл (Қызылжар)бекінісінің салынуы.
1757-1758 – Жоңғар хандығының құлауы.
1771-1781 – Абылайдың хан болуы.
1773-1775 – Е. Пугачев бастаған соғысқа қазақтардың қатысуы.
1783-1798 – Сырым Датұлының көтерілісі.
1801 – Бөкей хандығының құрылуы.
1803-1846 – Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары.
1812 – Ресей халықтарының француз басқыншыларына қарсы күресі.
1818-1889 – Құрманғазы Сағырбайұлы өмір сүрген жылдар.
1822 – Сібір қазақтарын басқару туралы Жарғы.
1824 – Орынбор қазақтарын басқару туралы Жарғы.
1824 – Көкшетау, Қарқаралы округтерінің құрылуы.
1831 – Сергиополь (Аякөз) округінің құрылуы.
1832 – Ақмола округінің құрылуы.
1835-1865 – Шоқан Уалиханов өмір сүрген жылдар.
1835-1929 – Сазгер Жаяу Мұса Байжанұлы өмір сүрген жылдар.
1836-1838 – Исатай Тайманұлы басқарған көтеріліс.
1837-1847 – Кенесары Қасымұлының көтерілісі.
1838 – Исатай Тайманұлының қаза болуы.
1839-1840 – Орынбор губернаторы В. В. Перовский басқарған орыс әскерлерінің Хиуа хандығына

Жорығының сәтсіздігі.



1840 – Орынбор қазақтарын басқару туралы Ереже.
1841 – Хан ордасында қазақ жастары үшін тұңғыш орыс мектебінің ашылуы.(Ішкі орда)
1843-1916 – Күйші, сазгер Ықылас Дүкенұлының өмір сүрген жылдары.
1845 – Ырғыз бекінісінің салынуы (1848 жылдан қала).
1845 – Торғай бекінісінің салынуы (1868 жылдан қала).
1845 – Бөкей ордасында хандық биліктің жойылуы.
1845-1904 – Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары.
1845-1850 – Батыр Жанқожаның Хиуа хандығымен күресі.
1846 – Атбасар бекінісінің салынуы.
1846 – Сібір шекаралық басқарма төрағасы генерал – майор Н. Ф. Вишневскийдің Жетісуға

Экспедициясы.


1847 – Қапал бекінісі іргетасының қалануы.
1847 – Райым бекінісінің салынуы.
1847 – Омбыда Сібір кадет корпусының ашылуы.
1847 – Хан Кенесары өлген жыл.
1848 – Үлкен Ордада приставтық билеудің құрылуы.
1848-1853 – Қазалы фортының (бір деректе 1853; 1854 жылдан қала) салынуы.
1848-1849 – Капитан – лейтенант А. Бутаков экспедициясының Арал теңізін зерттеуі.
1853 – Орыс әскерлерінің Қоқан бекінісі Ақмешітті алуы .
1854 -1859 – Орыстың ұлы жазушысы Ф.М.Достоевскийдің Омбы мен Семей қалаларында болуы.
1854 – Верный бекінісінің салынуы.
1854 – Семей облысының құрылуы.
1855 – 1858 – Есет Көтібарұлы батыр бастаған көтеріліс.
1855 – Лепсі бекінісінің салынуы.
1856 – Сырдарияның төменгі сағасындағы қазақ шаруаларының көтерілістері.
1859 – 1861 – Шоқан Уәлиханов Петербурте
1860 қазан – Ұзынағаш түбінде генерал Г.А.Колпаковский қолының Қоқан әскерін талқандауы.
1861 – 1864 – Троицкіде, Оралда, Қазалыда, Перовскіде және Торғайда бастауыш орыс – қазақ

Мектептерінің ашылуы.


1863 – 1864 – Қоқан қамалдары – Меркені, Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті орыс әскерлерінің

алуы.


1863 – Пішпекті орыс әскерлерінің алуы.
1867 шілденің 11-і – Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы «Уақытша Ереженің» бекітілуі.
1867 – Түркістан генерал – губернаторлығының құрылуы.
1868 қазанның 21-і – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша Ереженің»

Бекітілуі.


1868 – Зайсан қаласының салынуы.
1868 – 1869 – Орал, Торғай облыстарындағы отаршылдыққа қарсы күрес.
1869 – Ақтөбе қонысының негізінің салынуы.
1870 – Маңғыстаудағы қазақ шаруаларының отаршылдыққы қарсы күресі.
1872 – Омбыда мұғалімдік семинарияның ашылуы.
1873 – Патша әскерлерінің Хиуаға жорығы.
1878 – Семейде болыстық статистикалық комитеттің ашылуы.
1879 – Ташкентте мұғалімдік семинарияның ашылуы.
1879 – Орынборда мұғалімдік институттың ашылуы.
1879 – Қостанай қаласы негізінің салынуы.
1881-1884 – Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы.
1886 маусымның 12-сі – Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже.
1887 - Өскемен уезіндегі алтын кенішіндегі жұмысшылар ереуілі.
1889 шілденің 12-сі – Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аудару туралы заңның қабылдануы.
1891 наурыздың 25-і – Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі «Ереже».
1894-1905 – «Қырғыз далалық газетінің» басылуы.
1896-1901 – Сібір темір жол магистралінің салынуы.
1898 – Зырянов кенішіндегі ереуіл.
1899-1905 – Орынбор – Ташкент шойын жол торабының салынуы.
1905 – Спасск мыс қорыту зауытындағы ереуіл.
1905 – Успен кенішіндегі ереуіл.
1906 – Семей жұмысшыларының ереуілі.
1913 – Ембі мұнай кәсіпшілігіндегі жұмысшылар ереуілі.
1913-1917 – «Қазақ» газетінің шыққан жылдары.
1914 – Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, оған Қазақстанның тартылуы.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет