Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақ-жоңғар соғысы ішінде қазақ халқы үшін үлкен қасірет әкелген оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»



бет1/6
Дата15.02.2024
өлшемі75 Kb.
#491880
  1   2   3   4   5   6
ЖОБА. АҚЖАЙЫҚ КОМАНДАСЫ. М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ


КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Қазақ-жоңғар соғысы ішінде қазақ халқы үшін үлкен қасірет әкелген оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болды. Көшпелі өркениетті құлдыратқан бұл оқиға қазақ мемлекеттілігінің кейінгі бет-бейнесін айқындаған шешуші тарихи оқиға болғаны хақ. Бұл кезеңді тарихта «Отан соғысы» деп те атайды. Өйткені қазақ халқы үшін ұлт ретінде өмір сүруіне үлкен қауіп төнді. Мұқтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» деген еңбегінде халық қырғынын сипаттап берген еді: «Кейінгі қазақ тарихшысы, жазушы, әрі ойшыл Шәкерім қажының айтуынша, Ақтабан шұбырынды кезінде қазақ халқы «үш есенің екеуінен» айырылады. Бүгінгі заман демографтары халықтың үштен бірі қырғын тапты деп есептейді. Орталап айтсақ, жер басып жүрген екі қазақтың біреуі өліп отырды» [1, 73 б.].
Бұл аласапыран уақытта Кіші жүзге XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғарлармен қатар, Еділ қалмақтары, башқұрттар, Жайық казак орыстарынан да қауіп төнді. Нақ осы кезең туралы Ш.Уәлиханов былай деп жазған болатын: «XVIII ғасырдың алғашқы ширегі қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды. Жоңғарлар, Еділ бойының қалмақтары, Жайық казак орыстары мен башқұрттар тұс-тұстан қазақ ұлыстарын қырғынға ұшыратты, малын айдап әкетті, қазақтарды бүкіл отбасыларымен тұтқындап алды» [2, C. 426]. Кіші жүз қазақтары Қаратаудан Түркістанға келіп, одан Сауранды айналып, Бұхараға бет түзеген шұбырынды көшін тарихта «Сауран айналған» деп атайды.
Алайда Ақтабан шұбырынды жылдары Отан алдындағы өз жауапкершілік шамасын түсінген халық еркін жасытпады. Табан тірескен және ұзаққа созылған шайқастар жүріп жатты. «Ер майданда сыналады» демекші, өмір мен өлім тайталасқан қанды ұрыстар барысында ел бастаған көсемдер мен шешендер, қол бастаған батырлар мен бағландар сайдың тасындай іріктеліп, ұлт қаһармандары биігіне көтерілді. Ақын-жырауларың егеулі найзалы жорықты кезең туралы жыр-дастандары руханиятамыздың алтын қорына қосылды. Солардың ішінде Қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, шақшақ Жәнібек батырлармен қатар Кіші жүзді табын Бөкенбай, тама Есет, шекті Тайлақ және т.б. батырлар басқарып ерлік көрсетті. Әбілқайыр хан мен аты аталған Кіші жүз батырларының күреске толы өмірлері ел мен жерді сақтап қалу мұраты жолында өтті. Бұл тұлғалар, тарихи тұрғыдан алғанда, әлі күнге дейін лайықты бағасын алмай келеді, әсіресе Әбілқайыр хан жөнінде дау мен дақпырт көп. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толуына орай олар туралы көптеген мәселелер түбегейлі, байыпты зерттеуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда қарастырып отырған мәселе өзекті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет