8 тапсырма Тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас стилдеріне сипаттама беру. Жоспары: І. Кіріспе бөлім



бет3/4
Дата15.09.2022
өлшемі23.9 Kb.
#460816
1   2   3   4
8 тапсырма

Кері қайтару стиль— ата-аналар өздерінің ашық немесе жасырын іс-әрекеттерімен баланы қабылдамауын көрсетеді. Мысалы, ата-ананың баланың дүниеге келуін немесе қыз бала болғанын қалап, ұл баланың дүниеге келуін қаламауы. Бала басынан бастап ата-ананың қалауына сәйкес келмейді. Кей жағдайда бала ата-ананың қалауымен дүниеге келіп, оны мұқият қарап, оны бағып-қағады, бірақ та оның ата-анасымен рухани байланысы жоқ. Мұндай отбасындағы балалар агрессивті немесе, тұйық, жасқаншақ, ренжігіш болып келеді. Мұндай қабылдамаушылық балада наразылық сезімін тудырады. Оның әсіресе үлкендермен қарым- қатынастағы мінез-құлқында тұрақсыздық, негативтілік байқалады.

  • Индифферентті стиль — ата-аналар балаларға ешқандай шектеу қоймайды, оларға немқұрайлылықпен қарайды, қарым-қатынасқа түспейді. Көбінесе олардың өз мәселелерімен бастары қатып, балаларын тәрбиелеуге уақыты болмайды. Егер ата-ананың немқұрайлылығы өшпенділікке үйлессе, бала бейсоциалды қылықтарға бейімділік танытуы мүмкін.

  • Гиперсоциалды стиль — ата-аналар «үлгілі» тәрбиелеуде барлық нұсқауларды тәптіштеп орындауға ұмтылады. Мұндай отбасындағы балалар өте тәрбиелі және ұқыпты болып келеді. Олар үнемі өздерінің эмоцияларын және қалауларын тежеуге мәжбүр болады. Осындай тәрбиелеу нәтижесі қатты қарсылыққа, баланың өзін агрессивті ұстауына, кейде аутоагрессияға алып келеді.

  • Эгоцентрикалық стилі -отбасындағы жалғыз немесе зарығып көрген балада көбінесе өзін өте бағалы адам деп санау пікірі қалыптасады. Ол ата-ананың табынушысына және «өмірінің мағынасына» айналады. Сонымен қатар, оның айналасындағылардың қызығушылықтары назардан тыс қалып, баланың жолында құрбандық болады. Нәтижесінде ол бала басқалардың ой-пікірімен санаспайды, назарға алмайды, ешқандай шектеуді қабылдамайды, кез-келген шектеуді агрессивті түрде қабылдайтын болады. Мұндай бала кертартпа, тұрақсыз, мазасыз болып өседі.

  • Беделдік стиль — баланың үйлесімді тұлғасын дамытудағы ең тиімді, әрі жақсы тәрбиелеу стилі. Ата-аналар балаларының өсіп келе жатқан дербестігін қабылдап, қолдайды. Белгіленген тәртіп бойынша балалармен ашық түрде өздерінің талаптарын талқылайды, шешімдерін саналы деңгейге дейін өзгерте алады. Мұндай отбасындағы балалар өте жақсы бейімделген, өздеріне сенімді, оларда өзін- өзі бақылауы және әлеуметтік дағдылары қалыптасқан, олар мектепте жақсы оқиды және өз-өздерін жоғары бағалайды. Қарастырылған ата-аналық қарым-қатынас түрлері баланың әлеуметтік бейімделуіне көп ықпал етеді.

    Отбасында балалармен бірігіп жұмыс жасау керек, ол махаббат, құрмет және отбасының басқа мүшелері сияқты оларға деген талаптармен теңестірілуі керек. Әр отбасында өзіндік отбасылық дәстүрлер болуы керек. Отбасы, басқа әлеуметтік институттар сияқты, дәстүрлерді жасап шығару арқылы, нақты іс- әрекет үлгілерін қайталай отыра өмір сүреді, оларсыз отбасының өзіндік дамуы мүмкін емес.
    Отбасының әртүрлі саладағы іс-әрекеті үлгілердің түрлерімен сәйкестендіру арқылы жасалады, олар жаңа жас отбасылардың дүниеге келуімен жаңарып, жаңа отбасын жасау арқылы реттеліп отырады: ерлі- зайыптылар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, үй шаруашылығын жүргізу, бос уақытты өткізу және т.б. Әр отбасының өзі және оның құндылықтары мәдениеттің пайда болуына жеткізетіндіктен, онда кез-келген материалдық және рухани іс-әрекеттің үлгісі отбасылық дәстүрдің пайда болуына негіз бола алады. Дәстүр – нақты жағдайларда белгілі бір іс- әрекеттердің дәл көрсетілуі.
    Дәстүрлер осы немесе басқа отбасылық қарым-қатынастардың буындарын тұрақтандырып, оларды жаңа ұрпақтардың өміріне енгізеді. Мысалы, балаларды бағып күту, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау, қонақты қабылдау, отбасылық шығын мен кіріс кітабын жүргізу тәртібі және т.б. дәстүрлер. Дәстүрлер өзіндік мағынаға ие, бірақ үлгі формасында көрсетілмейді. Дәстүрлер не істеуге болады және не істеуге болмайтынын ғана көрсетеді, қандай болу керектігін нұсқамайды. Дәстүрдің негізі – дәстүрлі қылықтардың мәнін анықтайтын отбасы құндылығы.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет