Ауру атауы



бет1/9
Дата11.06.2023
өлшемі7.25 Mb.
#474933
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
лептоспироз

Лептоспироз

Лептоспироз

Лептоспироз – зооантропоноздық бактериялық жұқпалы ауру болып келеді. Ауылшаруашылық малдарынынң көп түрінде кездеседі және жабайы жануарлардың кейбір түрінде де болады. Ауру капилляр тамырларына зақым келуімен сипатталады. Нақтылап айтқанда бауыр, бүйрек, бұлшық еттер, интоксикация, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, лихорадка және өт т.б.

Лептоспироз жұқпалы ауруларының басқаша атауылары:

Васильев-Вейль ауруы.

Инфекциялы өт зақымы.

Нанукаями.

Жапонның жеті күндік безгегі.

Су безгегі.

Шөп-шабын безгегі.

Ит безгегі.

Тарихи деректер

Алғаш кездері Лептоспироз ауруын «Иктеро-геморагиялық безгегі немесе Васильев-Вейл ауруы» деп атаған. Лептоспирозды 1883 жылы Н.П. Васильев анықтаған. Дәл осы жылы, яғни 1886 жылы Адольф Вейль «көк бауыр және нефриттің өткір инфекциялық ауруын» сипаттаған.

Бұл жұқпалы ауру сол кезден бастап Васильев-Вейль ауру деп аталған. Кейін 1914-1915 жылдары жапон ғалымы Инада бастаған зерттеушілер, аурудың қоздырғышы – лептоспираны бөліп алып, спирохеталар тобына қосты.

Қоздырушы атауы

Қоздырушысы – (Leptospira) лептоспира деп аталатын ирек жіп тәрізді, жылжу қабілетіне ие бактериялар. Аталған бактериялар ауырған мал мен кеміргіштердің зәрінде бір аптаға дейін, ағын суда 10 күн, көл суларынды 200 күнге дейін, сұйық тезекте 1 тәулік, жаңа сауылған сүтте бір тәулікке дейін, ал құрғақ топырақта 12 сағатқа дейін күшін жоғалтпайды. Жануарлар кез келген жасында бұл ауруға бейім болады. Лептоспироз адамға да жұғады. Ауырып жазылған жануарлар ағзасынан біршама уақытқа дейін сыртқы ортаға бактериялар бөлініп отырады. Ірі қара мал 6 айға дейін, уақ мал 9 айға дейін, ит, мысықтар 3 айға, ал кеміргіштер (әртүрлі тышқандар тәрізділер) өмір бойы тасымалдаушы болуы мүмкін.

Індет туралы мәлімет індет ерекшеліктері

Барлық ауылшаруашылық жануарлары (ірі қара және ұсақ мал, жылқы, қой, шошқа), үй жануарлары (иттер, мысықтар), жабайы жыртқыштар (түлкі, қасқыр, шақал), аң терісі (күзен, арктикалық түлкі), кеміргіштер (тышқандар, тышқандар, егеуқұйрықтар), жыртқыш, үй және жабайы құстар лептоспирозға сезімтал.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет