Тұтығу деп сөйлеу қалпының бұзылуы мен дыбыстар, сөз буындарын айтқанда немесе қайталағанда еріксіз мүдіруді айтамыз



бет1/2
Дата01.02.2024
өлшемі1.11 Mb.
#490510
түріСабақ
  1   2
Тұтығу (копия) 2


Тұтығуды түзетудегі
логопедиялық жұмыстың
негізгі бағыттары
Тұтығатын балалармен жұмыс жасауда, қолданылып жүрген
әдіс – тәсілдерді терең меңгеру арқылы тәжірибеде қолдану,
сабақтың жүйелігін жетілдіру.
Балаларды сөйлеу мүшесінің бұлшық етін
босаңсытуға, тыныс алуға, байланыстыры өз бетінше еркін
сөйлеуге үйрету.

Коррекциялық мақсаты:

Тұтығу деп сөйлеу қалпының бұзылуы мен дыбыстар, сөз буындарын айтқанда немесе қайталағанда еріксіз мүдіруді айтамыз.

Тұтығудың негізгі белгісі – тырысу.


Тұтығу 3 түрге бөлінеді:
Локализациясы бойынша (тарылу)
Клоникалық:
Дыбыс немесе буын
қайталана береді.
“М-м-м-м мысық”
Тоникалық:
Сөз басында немесе
ортасында
ұзақ тоқталу
“к-іт-ап”
Аралас:
Сөз басында,
ортасында

Дем алу
Дыбыс шығару
Артикуляциялық
Аралас

Тұтығудың себептері

Органикалық тұтығу
Орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануынан
А) бас миының жарақаты
Б) нейроинфекция
В) энцефалопатя
Г) ананың жүктілік кезінде инфекциялық ауруымен ауыруы,
қан аздылық, жүрек ақаулығы.


Функционалды тұтығу:
2-5 жасқа дейінгі балаларда пайда болады.
Яғни, сөйлеу жүктемесінің шамадан тыс көп болуы.
2. Қатал жазалау, қорқыту, жанұядағы тынымсыздық.
3. Үлкендермен бала арасында дұрыс
эмоциялық қатынасының орнамауы.
4. Әлжуаздық
5. Тұқым қуалаушылық

І дәреже: жеңіл –
Тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана байқалады.

ІІ дәреже: орташа –
Бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығады.

ІІІ дәреже: ауыр түрі –
Тұтығуы күшейіп, ілеспелі жалғас қимылдар байқалады.

Ілеспелі жалғас қимылдар сөйлеу кезінде бетте, мойында,
денеде дірілдеп тырысу құбылыстары пайда болады.

Тұтығу 3 дәрежеге ажыратылады
Тұтығудан айықтырудың комплексті әдістері:

  • Медициналық әсер ету. Ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
  • Психотерапиялық әсер ету. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатыа сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге тәрбиешілерін немесе ата-анасына қатыстыра отырып, баланың көңіл аудару.
  • Логопедиялық. Бұл ұзақ уақыт бойына (8-9 ай) жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы.
  • Логопедиялық ритмика (ырғақ). Ол әр түрлі жаттығулар мен ырғақтар, қозғалыс ойындарынан тұрады.

Логопедиялық тексеру

  • Тұтығудың себептері мен түрін анықтау;
  • Баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау;
  • Көңіл күйінің ауытқушылығын анықтау;
  • Баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу;
  • Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу;
  • Жанұядағы қарым-қатынас сипаты;
  • Жанұя жағдайымен танысу;
  • Тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау;
  • Тұтығуына баланың өз реауциясының қалай екендігін білу;
  • Дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы;
  • Тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін анықтау;

  • Логопедиялық қорытынды арқылы тұтығуды басқа тіл кемістігімен ажыратуға болады. Мысалы тахилалия, тұтығудың түрлерін анықтауға болады. Толық мәлімет алу арқылы, тұтығудың шығу тарихы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет