9.2 Доға аралығында ионсыздану әсерінен пайда болатын процесстер
Ионизация процесстерімен қатар кері процесстер жүреді, яғни зарядталған бөлшектер қосылып нейтрал бөлшектер пайда болады. Бұл ионсыздану процесі деп аталады.
Доға түзілгенде ионизация басым болады, тұрақты жанған доғада екі процесс те интенсивті, ал ионсыздану басым болса доға өшеді.
Рекомбинация және диффузия әсерінен ионсыздану жүреді.
9.2.1 Рекомбинация
Әр түрлі зарядты бөлшектердің соқтығысуынан нейтрал бөлшектердің пайда болуы рекомбинация процесі деп аталады. Рекомбинацияның интенсивтілігі доғадағы температураның төмендеуі мен қысымның жоғарлауына байланысты. Доға өшіретін камераның жанында электр доғасының жануы доғада заряд тасушы электрондар мен оң зарядты иондар арасында рекомбинация былайша жүреді: электрондар камера қабырғасының бетін теріс потенциалға зарядтайды, оң зарядты ион осы бетке тартылып электрондармен қосылып, нейтрал бөлшек құрайды.
Рекомбинация кезінде біраз энергия кванттық жарық (фотон) ретінде сәулеленеді.
9.2.2 Диффузия
Бұл жанған доға ауданынан қоршаған ортаға зарядталған бөлшектердің шашырауы. Доғаның өткізгіштігі кемиді.
Диффузия электр және жылу факторларына негізделген. Доғаның заряд тығыздығы оның шетінен ортасына дейін өседі. Сол себепті шетінен ортасына қарай және доға ауданынан тыс қозғалған иондардың әсерінен электр өрісі пайда болады. Доғадағы және қоршаған ортадағы температура айырмасы да осылайша жүреді. Доға ауданынан шығып кеткен зарядталған бөлшектер де рекомбинацияланады.
Еркін жанатын доғада диффузия аз рөль атқарады. Ашық қозғалатын доғаны сығылған ауамен үрлегенде оның рөлі доғада күшейеді.
Газ молекулаларының бөлек атомдарға диссоциациялануы (ыдырауы) доғаның сөнуін жеңілдететін құбылыстарға жатады.
Газ молекулаларының диссоциациясы жылу энергиясының жұтуымен жүреді. Доғаның температурасы төмендеп, деионизация процесі ионизация процесінен басым болып, доғаның сөну шарты жақсарады.
Доғаны сөндіретін газ ретінде сутегі қолданылады. Ол трансформаторлық майдан, фибрдан, органикалық шыныдан жоғарғы температура әсерінен ыдырау нәтижесінде доға сөндіретін камерада пайда болады.
9.3 Әдебиеттер
1. Чунихин А.А. Электр аппараттары.- М.: Энергия,1988. б.123-129
2. РодштейнЛ.А. Электр аппараттары.- М.:Энергия,1964.б.92-97
Достарыңызбен бөлісу: |