9. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырудың міндеттері



бет1/4
Дата30.04.2023
өлшемі451.24 Kb.
#473039
  1   2   3   4
9,35,61


9.Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырудың міндеттері.

Жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде химияның міндеті оқушыларда қоғам, табиғат және олардағы адамның орны туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру екені айтылды.


Ғылыми көзқарас жеке пәндерден алған білімнің қорытылуынан туады.Дүниеге көзқарас тудыратын білімді қорытындылаудың үш деңгейі бар:философиялық деңгей, жаратылыстану ғылымының деңгейі және жеке ғылымдық деңгей.Осы деңгейлерге сәйкес дүниенің философиялық, жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық (химиялық, физикалық,т.б.) бейнелері қалыптасады.
Химия материяның нақтылы бір түрі− заттарды және материя қозғалысының химиялық формасы− заттардың сапалық өзгерістерін зерттейтін ғылым.Химияны үйренгенде заттар мен құбылыстар туралы білімді жалпылап қорыту арқылы оқушыларда табиғаттың химиялық бейнесі қалыптасады.Химиядан алынған нақтылы білімді басқа жаратылыстану ғылымдарынан берілген біліммен ұштастыру нәтижесінде табиғаттың жалпы ғылыми бейнесі пайда болады.Дәлірек айтқандатабиғаттың химиялық бейнесі дегеніміз− химиялық жалпы білімнің қоғамдық пәндерден алған біліммен бірігуі, біртұтас ой−пікірге, сенімге айналуы.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, өтілетін материалдың мазмұны мен теориялық деңгейіне, пәнаралық байланыстың күрделенуіне қарай дүниетанымның қалыптасуы бірнеше кезеңде жүзеге асады.
Бірінші кезеңде, бейорганикалық химия курсын өткенде, заттармен және химиялық реакциялармен байланысты жеке көзқарастар химиялық ұғымдар деңгейінде, химиялық терминдер арқылы қалыптасады.Заттардың қасиеттері сезім мүшелері арқылы білінеді және құрамы мен құрылысына тәуелді болады.Заттар үздіксіз өзгеріске ұшырайды, бірақ ізсіз жойылмайды, бір заттар екінші заттарға айналады.Бұл айналулар кезінде затты құрайтын бөлшектер молекулалар бұзылады, ал атомдар сақталады.
Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң мен периодтық жүйені қарастырғанда химиялық элементтердің барлық көрсеткіштері жүйедегі орнымен сипатталатыны, бір−біріне айналатыны және жойылмайтыны туралы түсінік қалыптасады.Периодтылық табиғаттың ақиқат заңдарының бірі екеніне, оның ашылмаған элементтерді алдын ала болжауға мүмкіндік бергеніне және олардың расталғанына оқушылардың көзі жетеді.Бұдан соң химиялық элементтердің топтарын, топшаларын, жеке элементтерді және олардың қосылыстарын өткенде өтілген заңдар мен теорияларды басшылыққа алып, заттардың қасиеттерін, реакция нәтижелерін болжай білуге үйренеді.
Екінші кезең органикалық химияны өтуге байланысты.Бұл кезеңде оқушылар заттардың сан алуандылығы олардың электрондық және кеңістіктегі құрылысына тәуелді екені, органикалық заттардың түзілуі, реакциялары, қасиеттері жалпы заңдылықтарға бағынатыны, ешқандай «тіршілік күшінің» жоқ екені жөнінде түсінік алады.
Үшінші кезең орта мектеп үшін жаңа қорытынды курс –жалпы химияны өткенде жүзеге асады.Жалпы химия курсында заттардың құрылысы, химиялық реакциялар, металдар және бейметалдар туралы оқушылардың білімі тереңдетіліп, бір жүйеге түсіріледі, қорытылып, жалпыланады.
Төртінші кезеңде бейорганикалық химиядан, органикалық химиядан және жалпы химиядан алған білімді қорытындылағанда әрбір химиялық ұғым диалектикалық ұғым ретінде қарастырылады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет