9 сынып оқушысы «Биотехнология жаңалықтары»



бет1/4
Дата15.04.2024
өлшемі28.07 Kb.
#498713
түріСабақ
  1   2   3   4
№6 БЖБ 9 кл




9 « » сынып оқушысы_________________________________________________
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша №6 жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым, Жазылым
Оқу мақсаты:
9.3.4.1 Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау;
9.1.5.1 мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау;
9.5.2.1 Жазба жұмыстарында (шартты бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
Бағалау критерийі Білім алушы:
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
Жазба жұмыстарында (шартты бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырады, талдайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты: 20-25 минут
І. Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып. стилін, жанрын анықтаңыз. Мәтіннің ерекшеліктеріне байланысты ақпараттарды және мақсатты аудитариясын ажыратыңыз.
Электр қуатын алудың жолы сан түрлі. Мәселен, көмірді, мұнай мен табиғи газды және уранды пайдалану арқылы өндіру – бұл бұрыннан қалыптасқан әдіс. Сонымен бірге сарқырама мен ағын судан, жел мен күннен, тіпті қалдықты, ескі резеңке дөңгелекті жағу арқылы да электр энергиясын алуға болады.
Бүгінде Еуропа елдеріндегі электр энергиясы өндірісінде атом энергиясының үлесі 25 пайызды, көмір 25 пайызды, табиғи газ 25 пайызды, су энергиясы 15 пайызды құрайды. Келесі 4 және 3 пайыздық көрсеткіштер жел энергиясы мен мұнайдан алынатын электр қуатына тиесілі. Жапонияда өндірілген электр энергиясының 28 пайызын көмір, 26 пайызын табиғи газ берсе, мұнай мен су көздерінен алынатын энергия 8 пайызға тең. Ресейде табиғи газ энергия өндірісінің 50 пайызын, көмір 16 пайызын, атом 17 пайызын, су энергиясы 15 пайызын қамтамасыз етеді. Ал АҚШ-та электр энергиясының жиынтық өндірісінде көмірдің үлесі 36 пайыз,табиғи газ 29 пайыз, атом 21 пайыз болса, су электр станцияларынан алынатын көлем 7 пайызды, желдің үлесі 4 пайызды, күн энергиясының үлесі 0,04 пайызды құрайды. Рас, электр энергетикасы өндірісінде энергия көздерінің құрылымы өңірдегі түрлі шектеулер және ресурстар көлемі, сондай-ақ географиялық ерекшелігіне де байланысты. Мысалы, Бразилияда электр энергиясы өндірісінің 80 пайыздан астамын су электр станциялары береді.
Қазіргі күні Қазақстанда электр энергиясының 74 пайыздан артығы орталық және солтүстік аймақтардағы көмір кен орындарынан өндіріліп, оның 66 пайызға жуығы дәл сол индустриалды өңірлердің өзіндегі қажеттілікке жұмсалады. Ал оңтүстік өңірлерде энергия тұтыну оны өндіруден екі есеге дейін артып, қуат көзінің белгілі бір мөлшерін Өзбекстан мен Ресейден сатып алуға, Қырғызстанмен айырбас жасау арқылы импорттауға тура келіп отыр.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет