9 сынып, тест сұрақтары
2008/2009 оқу жылы
ІІ нұсқа
1. Әрі жіңішке, әрі ашық дауысты дыбысты табыңыз
А) ұ В) ө С) о Д) и Е) ы
2. Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз
А) мен В) біз С) Сіз Д) олар Е) сен
3. Негізгі зат есімді табыңыз
А) оқушы В) бала С) аялдама
Д) көрме Е) білім
4. Реттік сан есімді көрсетіңіз
А) отызыншы В) отыз-отыздан
С) отыз шақты Д) отыз Е) отыздан бір
5. Негізгі етістікті табыңыз
А) үйренуші В) ал С) шығар
Д) аула Е) отырғыз
6. Сөздің антонимін көрсетіңіз: «сау»
А) абайлау В) мықты С) ауқат
Д) науқас Е) алғыр
7. Тек кірме сөздерде болатын әріпті табыңыз
А) с В) м С) т Д)а Е) в
8. Күрделі сөзді табыңыз
А) шаруақор В) сүйеніш С) таңертең
Д) Жамбыл Е) басқарушы
9. Дыбыстық еліктеуіш сөзді табыңыз
А) жалт В) арбаң С) қисалаң
Д) жарқ Е) саңқ
10. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына беретін ұғым атауын көрсетіңіз
А) омоним В) антоним С) синоним
Д) тұрақты тіркес Е) лексика
11. Тұрлаулы мүшелері сын есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз
А) нүктелі үтір В) қос нүкте С) үтір
Д) сызықша Е) дефис
12. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз
А) Ауа райы жақсы болса, біз елге барамыз.
В) Ауа райы жақсы болғанда, біз елге барып тұрамыз.
С) Ауа райы жақсы болса да, біз елге бара алмадық.
Д) Ауа райы жақсы болғандықтан, біз елге бардық.
Е) Ауа райы жақсы, біз елге барып келдік.
13. Төл сөз дұрыс жазылған жерді табыңыз
А) Қайда жүрсің? – деп сұрады анам.
В) «Қайда жүрсің,» - деп сұрады анам.
С) – Қайда жүрсің? – деп, сұрады анам
Д) «Қайда жүрсің?» - деп сұрады анам.
Е) Қайда жүрсің деп сұрады анам.
14. Морфология нені зерттейді?
А) сөздің мағынасын В) дыбыстарды
С) сөз таптарын Д) сөйлемді Е) белгілерді
15. Омоним сөздерді табыңыз
А) жеті, алпыс В) шапан, көйлек
С) ат қою, ол атты Д) бәрі, тегіс Е) аш, жап
16. Антонимдік жұпты көрсетіңіз
А) елең-алаң В) әйел-зайып С) анда-сонда
Д) әзер-әзер Е) азырқану-көпсіну
17. Сын есім қандай сөйлем мүшесі: Әдемі, қысықтау көздері өзіне жарасып-ақ тұр.
А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш
Д) толықтауыш Е) еліктеуіш
18. «1888 жылы Құрманғазы Динаны соңғы рет көргенде, оған тоғыз жас болды» - қандай сөйлем?
А) салалас құрмалас В) жай С) жақсыз
Д) сабақтас құрмалас Е) аралас құрмалас
19. Ішекті аспапты белгілеңіз
А) қобыз В) сазсырнай С) қамыссырнай
Д) пианино Е) аккардеон
20. Қалау райдың жұрнақтарын табыңыз
А) –ды/-ді В) –ған/-ген С) –шы/-ші
Д) –ын/-ін Е) –ғы/-гі
21. Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін атаңыз
А) «Киіз үй» В) «Тіл құралы» С) «Күлтегін»
Д) «Қазақ хрестоматиясы» Е) «Қутадғу білік»
22. Айша бибі кесенесі қай қалада?
А) Тараз В) Түркістан С) Атырау
Д) Алматы Е) Отырар
23. Шөбере кімнің баласы?
А) ұлдың В) қыздың С) ағаның
Д) немеренің Е) інінің
24. Сөйлем ішінде табыс септікті сөзді табыңыз: Қыздар орманда гүл жинап жүр.
А) қыздар В) орманда С) гүл
Д) жинап жүр Е) дұрыс жауап жоқ
25. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Мұны жазу үшін автор көп ойланды.
А) салалас В) сабақтас С) құрмалас
Д) жай Е) күрделенген
26. Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің жұрнағын көрсетіңіз
А) –ған-да/-ген-де В) –са/-се С) –са да/-се де Д) өйткені Е) –ып/-іп
27. «Тон пішу» сөздің баламасын табыңыз
А) предполагать В) радоваться С) гордиться Д) испугать Е) узнать
28. Берілген сөйлемде неше тыныс белгісі бар: Сөздің көркі мақал дейді халық
А) 3 В) 4 С) 2 Д) 5 Е) 1
29. Салт-дәстүрге не жатпайды?
А) тұсау кесу В) бесікке салу С) ақ жаулық
Д) құда түсіру Е) шілдехана
30. Мақалды толтырыңыз: Басқа пәле –
А) қолдан В) істен С) естен
Д) тілден Е) менен
9 сынып, тест сұрақтары
2008/2009 оқу жылы
І нұсқа
1. Қазақ тіліне тән дыбыстар бар сөздерді көрсетіңіз
А) жер, су В) аудан, таза С) ана, ата
Д) жұрт, қыс Е) арыс, шу
2. Негізгі жуан сөзді атаңыз
А) үстел В) сабақ С) кезекші
Д) еден Е) әсем
3. «-дау/-деу» жұрнақтар қай сөздерге сәйкес? А) сары, ескі В) алыс, қара
С) ұзын, жеңіл Д) ұсақ, ірі Е) кіші, үлкен
4. Сөз тудырушы жұрнақты көрсетіңіз
А) –дар/-дер В) –ды/-де С) –мын/-сық
Д) –шы/-ші Е) – да/-де
5. «Қолдайды» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?
А) қандай В) қалай С) қанша
Д) не істеді Е) не істейді
6. «Ағаштан» деген сөздің жалғауын табыңыз
А) жіктік В) септік С) көптік
Д) тәуелдік Е) сыпайы
7. «Кім?» деген сұраққа қандай сөз жауап береді?
А) мұғалім В) жылқы С) қызылша
Д) сөз Е) қарлығаш
8. Септік жалғаулы сан есімді табыңыз
А) сексен В) төртеу С) алтаудан
Д) жетінші Е) жүз
9. Көсемше неше түрге бөлінеді?
А) 2 В) 4 С) 5 Д) 3 Е) 1
10. Одағайды көрсетіңіз
А) қаншама В) сондықтан С) әттеген-ай
Д) әйтеуір Е) әдемі
11. «Пайдалы» деген сөздің антонимін табыңыз
А) керекті В) зиянды С) қатты Д) өткір Е) аз
12. Ашық буынды сөзді табыңыз
А) өрт В) күш С) жауын Д) қара Е) ақ
13. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді табыңыз
А) пікір В) ұрпақ С) қоғамдық
Д) шекара Е) ескерткіш
14. Тура толықтауышты белгілеңіз
А) тоғайға кетті В) сабаққа дайын
С) есікті ашты Д) үйде отыр Е) сен бар
15. Реттік сан есімнің жұрнақтарын табыңыз
А) –ыншы/-інші В) –шы/-ші С) –ды/-ді
Д) –ақ/-ек Е) –ба/бе
16. Шартты райдағы етістікті табыңыз
А) сөйледі В) сөйлесті С) сөйлеген
Д) сөйлесем Е) сөйлестім
17. Салыстырмалы шырайдағы сын есімді көрсетіңіз
А) жақсырақ В) аппақ С) ұп-ұзын
Д) ең үлкен Е) жалғыз
18. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз: Бил не шөп жоқ, не қамыс жоқ.
А) кезектес В) себеп-салдар С) талғаулы
Д) ыңғайлас Е) қарсылықты
19. Ортақ етіс жұрнағы жалғанған сөзді табыңыз
А) әкелінді В) әкелді С) әкелді
Д) әкелді Е) әкелісті
20. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді анықтаңыз
А) Бірлік болмаса, тірлік болмас.
В) Ол үйге келді де, балаға тамақ берді.
С) Біресе боран соғады, біресе жел тұрады,
Д) Марат жақсы дайындалды.
Е) Мен мектепке барғанша, қоңырау болып қалды.
21. Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін көрсетіңіз:
А) толықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш
Д) пысықтауыш Е) еліктеуіш
22. Мақалды толықтырыңыз: Әке – балаға..
А) тілші В) сыншы С) үй иесі
Д) нағашы Е) көмекші
23. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз
А) қаттырақ В) жақсылау С) аса төмен
Д) ертеңгі Е) ақ
24. Түбір сөзді көрсетіңіз
А) керуен В) кірме С) жазбалы
Д) достық Е) аспаз
25. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз
А) қарыздар В) Алатау С) бөлінгіш
Д) табыс Е) кәсіпорын
26. Кейінді ықпалды табыңыз
А) жүрөк В) үйдө С) жүрөгі Д) басы Е) ерге
27. Аяқ киімдерге не жатады?
А) жейде В) тон С) мәсі Д) жібек Е) тақия
28. Жас жұбайларға арналған үй қалай аталады?
А) абылайша В) салтанатты С) жаздық
Д) қонақ Е) отау
29. Шешендік арнауға не жатады?
А) жұмбақ, жауап В) сәлем, бата
С) мақал, сын Д) әдет заңы Е) әзіл, мысал
30. Дина Нұрпейісованың ұстазы кім болды? А) Сүйінбай В) Дәулеткерей С) Тәттімбет
Д) Құрманғазы Е) Сүгір
Достарыңызбен бөлісу: |