ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
Пән туралы ақпарат: Психология (Электив)
ЕSTS саны 3
Курс, семестр, оқу жылы: 1 және 2 курстар, 1, 2, 3, 4 семестр, 2022-2023 оқу жылы
Мамандық атауы және шифры: «Білім» тобындағы барлық мамандықтарға арналған
Институт: Педагогика және психология институты
Білім беру бағдарламасы: «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)»
Оқытушы: Момбиева Гулмира Абуқызы, магистр, аға оқытушы
Байланыс ақпараты: (телефон, e-mail), ұялы телефоны: 87023302642; gumi--74@mail.ru
Бақылау түрі (тест түріндегі емтихан)
Бағалау критерийлері:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3 +МТ·0,1+Емт∙0,3
3. Курстың академиялық презентациясы
«Психология (Электив)» пәні ғылым ретінде психология, оның пәні, салалары, зерттеу әдістері, адамның психикасы мен санасының дамуы; тұлға, оның психологиялық құрылымы, даму аймақтары, дағдарыстар және жаңа құрылымдар туралы, іс-әрекеттің психологиялық құрылымы туралы; оқу іс-әрекетіндегі әрекеттер, операциялар, амалдар; оқу әрекетінің түрлері; іс-әрекеттегі мотивацияныі маңызы; психикалық танымдық процестер, қасиеттер, дамудың жас ерекшеліктері мен түрлері; тұлғаның психикалық күйлері мен қасиеттері; эмоциялар мен мотивация психологиясы; іс-әрекеттегі қабілеттер; іс-әрекеттегі даму мен реттеу; темперамент және мінез, іс-әрекетте оларды реттеу тәсілдері және т.б. туралы білімді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |