9 сыныпқа арналған биология пәнінен ожсб тестілері 1 нұска



Дата13.07.2016
өлшемі99.5 Kb.
#197749

testent.ru

9 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОЖСБ ТЕСТІЛЕРІ
1 нұска


1. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер:

A) Невропотолог

B) Кордиолог

C) Диетолог

D) Эндокринолог

E) Дерматолог



2. РНҚ молекуласының ДНҚ-дан айырмашылығы:

A) Бір желілі

B) Бес желілі

C) Екі желілі

D) Төрт желілі

E) Үш желілі



3. Картопты көбейту үшін қолданылады

A) пиязшық

B) жерасты пиязшық

C) жемтамыр

D) тамырсабақ

E) түйнек



4. Өсінділері ауаға толы суға батпайтын тұқымның таралу жолы

A) жәндіктер арқылы

B) жел арқылы

C) құстар арқылы

D) су арқылы

E) өздігінен таралу



5. Ауа райы салқын күндері көптеген жануарлар домалақтана бүктеліп ұйықтайды

A) Зат алмасу үшін

B) Ұйықтау үшін

C) Денедегі жылуды сақтау үшін

D) Жауынан сақтану үшін

E) Қауіп-қатерден сақтану үшін



6. Бүйректің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі:

A) нейрон

B) остеон

C) нефрон

D) аксон

E) тромбин



7. Сабақтың орталық бөлімі

A) Қабық


B) Тін

C) Камбий

D) Өзек

E) Тоз


8. Дара жарнақты өсімдікке ... жатады.

A) Пальма.

B) Қарбыз.

C) Күнбағыс.

D) Қауын.

E) Қияр.



9. Фотосинтез тәсілімен қоректенетін қарапайым.

A) Вольвокс.

B) Кебісше.

C) Арцелла.

D) Амеба.

E) Эвглена.



10. Жер ғаламшарынын тазалаушы бактериялар.

A) Шіріту бактериялар.

B) Спирилл бактериялар.

C) Паразитті бактериялар.

D) Түйнек бактериялар.

E) Кокка бактериялар.



11. Плаунның басқаша атауы.

A) «Жылжығыш».

B) «Жылысқы».

C) «Екпе».

D) «Жүзгіш».

E) «Жүргіш».



12. Балықтың омыртқа жотасының каналында:

A) Құрсақ ортасы .

B) Жұлын.

C) Қантамыр.

D) Желі.

E) Арқа ортасы.



13. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы ... байланысады:

A) Қозғалыссыз

B) Жалғаса

C) Жартылай қозғалмалы

D) Тұтаса

E) Қозғалмалы



14. Жүрекше мен қарыншаның бір мезгілде тынығу уақыты:

A) 0,2 секунд

B) 0,8 секунд

C) 0,3 секунд

D) 0,1 секунд

E) 0,4 секунд



15. Тамақты дұрыс пайдалануды үйрететін ғылымның саласы:

A) Бриология.

B) Дегустология

C) Валеология.

D) Экология.

E) Диетология.



16. Тас бетінде, суыған жанартау қалдықтарына алғаш «қоныстанатын» өсімдіктер

A) қырықбуындар

B) плаундар

C) мүктер

D) қыналар

E) балдырлар



17. Жасушадағы жұмыртқа ақуызына ұқсас, желім тәрізді созылмалы тірі

затты белгілеңіз.

A) Вакуоль.

B) Цитоплазма.

C) Лейкопласт.

D) Жасуша қабықшасы.

E) Ядро.


18. Хлоропласттары көп болатын ұлпа

A) Тірек ұлпа.

B) Қор жинаушы ұлпа.

C) Ауа жинаушы ұлпа.

D) Су жинаушы ұлпа.

E) Фотосинтездеуші ұлпа.



19. Ағзалардың бірдей тіршілік ортасының бірдей тіршілік жағдайларына көшкен кездегі ұқсас белгілерінің дамуы .

A) Дивергенция.

B) Макроэволюция.

C) Анологиялық мүшелер.

D) Конвергенция.

E) Сәйкес мүшелер.



20. Егер аквариумдағы шабақтарды шам жағып, жем тастаса, шабақтар жемді бірден көреді де, келіп жей бастайды. 2-3 рет қоректендіріп, келесіде жем тастамай-ақ тек шам жанса, олар сол бұрышқа жүзіп келіп, жиналып жем іздейді. Мұны

A) Тұқым қуалайтын рефлекс

B) Шартты рефлекс

C) Регенерация

D) Шарттсыз рефлекс

E) Туа пайда болатын рефлекс






2 нұска



1. Ұйқының бұзылуының кең таралған түрі.

A) Ұйқысыздық.

B) Иендамсыздық.

C) Таңғаларлық.

D) Шыдамдылық.

E) Таңғажайып.



2. 1 грамм май ыдырағанда бөлінетін энергия:

A) 35,6 кДж

B) 38,9 кДж

C) 37,6 кДж

D) 17,6 кДж

E) 40 кДж



3. Гемоглобин құрамына кіретін оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайтын элемент

A) кальций

B) хлор

C) магний



D) темір

E) йод


4. Өсімдіктің жұмсақ сабағында механикалық ұлпа нашар жетілген, сабағының паренхимасы борпылдақ, жасуша аралық кеңістігі үлкен, жапырақтарының кутикуласы жұқа, бұл өсімдік қандай экологиялық топқа жатады

A) гидрофиттер

B) автофиттер

C) галофиттер

D) ксерофиттер

E) мезофиттер



5. Кемірушілер отрядына жататын жануар...

A) кірпі, көртышқан

B) аю

C) кенгуру



D) ондатра,саршұнақ

E) ақ қоян



6. Ішкі мүшелер мен тамырлар қабырғасын құрайтын бұлшықет

A) көлденең жолақты бұлшықет

B) бас бұлшықет

C) бірыңғай салалы бұлшықет

D) қабырға аралық бұлшықет

E) мимикалық бұлшықет



7. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер:

A) Митохондрия

B) Рибосома

C) Пластидтер

D) Цитоплазма

E) Ядро


8. Жасушалары жас, ұдайы бөлетін

A) Өткізгіш ұлпа

B) Жабын ұлпа

C) Қор жинаушы ұлпа

D) Түзуші ұлпа

E) Фотосинтездеуші ұлпа



9. Жылықанды жануарға ... жатады.

A) Кесіртке.

B) Жылан.

C) Ит.


D) Көлбақа.

E) Бақа.



10. Бидай масағын зақымдайды

A) Қастауыш

B) Ақұнтақ

C) Түбіртек

D) Дінқұлақ

E) Шыбынжұт



11. Шымтезек мүгінің өлі жасушаларының қызметін белгілеңіз.

A) Крахмал жинайды

B) Су қорын жинайды

C) Ауа жинайды

D) Бейорганикалық заттарды ыдыратады

E) Қоректік заттар жинайды



12. Сүтқоректілерде газ алмасу жүреді:

A) Кеңірдекте.

B) Көмекейде.

C) Жұтқыншақта.

D) Өкпе көпіршіктерінде.

E) Танау тесіктерінде.



13. Буын шыққанда:

A) Грелка қою

B) Гипстеу

C) Ауырған жерге суық шүберек басу

D) Спиртпен сүрту

E) Шендеуіш салып таңу керек



14. Лимфа пайда болады:

A) Аққуыз мен майдан

B) Қаннан

C) Қан плазмасынан

D) Су мен тұздан

E) Ұлпа сұйықтығынан



15. Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аяқталатын мүше:

A) Қарында.

B) Асқазанда.

C) Тоқ ішекте.

D) Аш ішекте.

E) Ұлтабарда.



16. Бір-біріне туыс емес топтардың ұқсас белгілерге ие болуы

A) идиоадаптация

B) конвергенция

C) дивергенция

D) дегенерация

E) ароморфоз



17. Күнбағыстың гүл шоғыры

A) Күрделі шашең

B) Шоғырбас

C) Жай масақ

D) Себет

E) Жай шатыр



18. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым

A) Ж.М. Кудерин

B) Б.М. Мусин

C) С.Г. Навашин

D) Х.Д. Досмұхамедов

E) А.Ы. Жандеркин



19. Біздің ең алға басқан ата-тектеріміздің бірі.

A) Кроманьондықтар.

B) Австролопитектер

C) Синантроптар

D) Питекантроптар

E) Неандерталдықтар



20. Медуза теңіз дауылын алдын-ала болжай алатын қасиетке ие, себебі:

A) зәр шығаружүйесіне байланысты

B) асқорыту жүйесіне байланысты

C) қан айналымжүйесіне байланысты

D) тыныс алужүйесіне байланысты

E) жүйке жүйесіне байланысты





3 нұска


1. Анализатор неше бөлімнен тұрады:

A) 4


B) 1

C) 3


D) 2

E) 5


2. Көмірсу жасушада негізгі көзі болып табылады.

A) Құрылымдық

B) Тасымалдау

C) Ферментативтік

D) Реттеу

E) Энергия



3. Адамның жасы ұлғайған сайын,сүйек сынғыш келеді, себебі минералды заттар көбейеді,ал сүйекке қаттылық,беріктік беретін қандай заттар

A) Органикалық заттар

B) Тұз қышқылы

C) Бейорганикалық заттар

D) Ішкі секреция бездері өзгереді

E) Химиялық құрамы өзгермейді



4. Бұршақ тұкымды өсімдіктердің құлкайыр гүлділер тұкымдасынан ерекшелігі:

A) еш ерекшелігі жоқ

B) тамыр түкшелері оттегін сіңіреді

C) түйнекшелер пайда болмайды

D) азотты сіңірмейді

E) тамыр түкшелері бос азотты сіңіреді



5. Екі ортада тіршілік ететін, алғашқы құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар класы

A) қосмекенділер

B) құстар

C) сүтқоректілер

D) балықтар

E) жорғалаушылар



6. Зәр шығаратын түтік пен қуықтың қабынуы тудыратын ауру

A) отит


B) цистит

C) энурез

D) нефрит

E) баспа


7. Мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат.

A) Пластид.

B) Цитоплазма.

C) Қабықша.

D) Вакуоль.

E) Ядро.



8. Өсімдіктерді әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын

A) Жабын ұлпа

B) Негізгі ұлпа

C) Түзуші ұлпа

D) Қор жинаушы ұлпа

E) Өткізгіш ұлпа



9. Қосмекенділердің суда тіршілік ететін дернәсілдері тек ... тыныс алады.

A) Терімен.

B) Өкпемен.

C) Демтүтікпен.

D) Желбезекпен.

E) Бүкіл денесімен.



10. Қынаның құрамында су мен минералды заттарды сіңіретін ағза:

A) Бактерия.

B) Балдыр.

C) Зең саңырауқұлақ.

D) Саңырауқұлақ.

E) Мүк.


11. Қосарланып ұрықтану тек ... өсімдіктерге тән.

A) Ашық тұқымды.

B) Мүктектес.

C) Плаунтектес.

D) Қырықбуынтектес.

E) Жабық тұқымды.



12. Ұсақ шаянтектестер өкілін белгілеңіз.

A) Айшаян,таңшаян

B) Өзен шаяны,oмар

C) Каракатица,медуза

D) Дафния,циклоп

E) Қыршаян,құмшаян



13. Өте күрделі және дәл қимылдар жасайтын бұлшық еттер

A) Қол бұлшық еттері

B) Бет – қимыл бұлшық еттері

C) Көлденең жолақты бұлшық еттер

D) Аяқ бұлшық еттері

E) Жүрек бұлшық еттері



14. Артериялардың сыртқы қабатының ұлпасы:

A) Эпителий

B) Жалпақ эпителий

C) Дәнекер

D) Біріңғай салалы

E) Бұлшықет ұлпасы



15. Шықшыт сілекей бездерінің қабынған ауруы:

A) дизентерия

B) тіс жегі

C) паротит

D) цирроз

E) гепатит



16. Домалаңғы, жасыл эвглена жарық мол түскен үлескіге қарай қозғалады, өйткені

A) Олар жылысүйгіштер

B) Бір-бірін жақсы танып алу үшін

C) Жарық арқылы олар жауынан қорғанады

D) Денесінде көп митохондриялар бар

E) Жасушаларында фотосинтездегіш пигменттер бар



17. Кіндік тамыр.

A) Негізгі тамыр өте жақсы жетілген .

B) Қосалқы тамыр жақсы жетілген.

C) Жанама тамыр жақсы жетілген .

D) Жіп тәрізді тамыр жақсы жетілген .

E) Жанама, қосалқы тамырлары жақсы жетілген.



18. Күнбағыстың гүлшоғыры.

A) Собық


B) Шошақ

C) Жай шатыр

D) Шоғырбас

E) Себет



19. Таралу аймағының белгілі бөлігінде еркін шағылысатын оқшауланған

дарақтар тобы.

A) Тұқымдас

B) Қатар


C) Отряд

D) Тип


E) Популяция

20. Бақ өсімдіктерінің жапырағын ширатып, гүлін, жапырағын жейтін бунақденелілер. Олардың дернәсілдері жас өркендердің тамырын қорек етіп, орасан зиян келтіреді. Бұлардан құтылу үшін

A) Ағаштардың барлығын кесіп тастау керек

B) Ағаштардың түбіне жиі улы заттар шашу керек

C) Жеміс ағаштарының түбін ағарту, топырақты қопсыту керек

D) Жапырақтарын жаппай өртеу керек

E) Қураған бутақтармен қоршап қою керек





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет