А. А. Какимова Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер


ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет5/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#4347
1   2   3   4   5   6


7. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
В) Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:

1.Тақырыбы: Құран-тарихи дерек көзі.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар:

1.Құран мәліметтері бойынша тұрғындардың негізгі кәсібі.

2.Құрандағы қылмыстық, сот істері және олар бойынша жазалану..

3.Мұрагерлікке ие болу құқығы.

4.Құрандағы неке және отбасы..

Әдістемелік нұсқаулар: Алғашқы сабақты ауызша сұрау.
2. Тақырыбы: Исламдағы ерте діни саяси ағымдар.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар:

1.Дінм ағымдардық қалыптасу тарихы

2.Хариджизм.

3.Шиизм.

4.Суннизм.

3. Тақырыбы: Бағдад халифатындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар.



Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар: 1.Қолөнер ісінің дамуы мен сыртқы сауда.

2.Араб қалаларының әлеуметтік құрылымы.

3.Халифаттағы әйелдердің жағдайы.

Әдістемелік нұсқаулар: Ауызша сұрау.
4.Тақырыбы: Орта ғасырдағы араб мәдениеті.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар:

1.Архитектураның дамуы.

2.Ғылымның дамуы.

3.Орта ғасырлық араб әдебиеті.



Әдістемелік нұсқаулар: топтау әдісі.

5.Тақырыбы: XI- XV ғ.ғ. Араб елдері.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар:

1. Крестшілерге қарсы күрес.Салах ад Дин.

2 .Египет пен Сириядағы мамлюк мемлекеті

3. IX- XI ғ.ғ. Магриб.



Әдістемелік нұсқаулар: Пікір-сайыс ұйымдастыру.

6.Тақырыбы: XVIIIғ аяғы XIX ғ басындағы араб елдері.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар:

1. Аравия елдеріндегі діни жағдай.

2. Неждаға бірігу.

3. Парсы шығанағы, Хиджаз, Ирак, Сирия үшін вахаббиттердің күресі.



Әдістемелік нұсқаулар: Ауызша сұрау.
7.Тақырыбы: Шетел капиталының араб елдеріне енуі.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар: 1 XIXғ 50-60жж. Египет.

2.Сирия мен Ливанға шетел капиталының енуі.

3.Англия позициясының Аравияда күшеюі.

Әдістемелік нұсқаулар: топтау әдісі бойынша сабақ сұрау.
8. Тақырыбы: Шетел капиталының араб елдеріне енуі.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар: 1.IXғ 50-60жж. Египет.

2.Сирия мен Ливанға шетел капиталының енуі.

3.Англия позициясының Аравияда күшеюі.

Әдістемелік нұсқаулар: топтау әдісі бойынша сұрау.
9.Тақырыбы: XIX ғасырдың басындағы арабтардың қоғамдық ойы.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар: 1.Исламдық бағыттар

2.Аль Кавакиви ілімі.

3.Аль Афгани ілімі.

4.Мухамед Абдо ілімі.



Әдістемелік нұсқаулар: Ауызша сұрақ қою арқылы, тестпен тексеріп сұрау
10.Тақырыбы: Отарлық езгідегі араб елдері.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар: 1. Сирия мен Ливанның жартылай отарға айналуы.

2. Палестина мен Ирактың жартылай отарға айналуы.

3. Аравиядағы ағыршын империалистерінің позициясының күшеюі.: 1. Иран.

Әдістемелік нұсқаулар: Хронологиялық ойын ұйымдастыру.
11.Тақырыбы: Франция езгісіндегі Алжир.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар: 1.1871ж.ұлт-азаттық көтеріліс.

2. Француз империалистері езгісіндегі Алжир.



Әдістемелік нұсқаулар: Хронологиялық ойын ұйымдастыру.
12.Тақырыбы: XIXғасырдағы Египет.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар:1. Египеттегі Напалеон экспедициясы.

2. Мұхаммед Әли кезіндегі Египет.

3. Англияның Египетті оккупациялауы.

Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер топшаларға бөлініп, жеке сұрақтар бойыша өз бағдарламаларын әзірлеп, талқылап, келісім жасауы қажет.

13.Тақырыбы: Жас түрік революциясы және араб елдер.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.

Негізгі сұрақтар: 1.«Араб-осман» ағайындығы.

2.Жас араб қоғамы және реформалары.



Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер топшаларға бөлініп, жеке сұрақтар бойыша өз бағдарламаларын әзірлеп, талқылап, келісім жасауы қажет
14.Тақырыбы: Версаль-Вашингтон жүйесіндегі араб елдері.

Мақсаты: Дәрістің мазмұны мен жоспарына сәйкес мазмұнды да нақты әрі толық мағлұматтар тізбегі мен хронологиясын жасау.

Негізгі сұрақтар:

1.Мандаттық жүйе және оның мәні.

2. Араб елдеріндегі саяси өзгерістер.

3.Дипломатиялық байланыстардың орнатылуы.



Әдістемелік нұсқаулар: ауызша журнал түрінде өткізу. Ол үшін студенттер рубрика бойынша топшаларға бөдініп, корреспонденттер ретінде материалдар әзірлеуі керек.

15.Тақырыбы: Таяу Шығыс мәселесі.

Мақсаты:

Негізгі сұрақтар:

1.Араб Израиль қақтығыстарынын себебі.

2.1967ж. Араб-Израиль соғысы.

3. 1973ж. Араб-Израиль соғысы.

4.ХХғ. 80-90 ж.ж. Араб әлемінің Израильмен қарым-қатынасы

Әдістемелік нұсқаулар: ауызша журнал түрінде өткізу. Ол үшін студенттер рубрика бойынша топшаларға бөдініп, корреспонденттер ретінде материалдар әзірлеуі керек.
С) ОЖСӨЖ өткізу жөніндегі методикалық нұсқау

1 апта

Тақырып: Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен саяси қызметі.

Мақсаты: Мұхаммед пайғамбар туралы мәлімет беру.

Өткізу формасы: баяндау әдісі.

Тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Мұхаммед пайғамбардың балалық және жастық шағы.

  2. Мұхаммед пайғамбардың діни қызметі туралы баяндама әзірлеу.

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: Мұхаммед пайғамбардың өмірі және саяси қызметі туралы баяндама даярлау.
2 апта

Тақырып: Араб мемлекетінің сыртқы экспансиясы.

Мақсаты: Араб мемлекетінің сыртқы басқыншылықтары туралы мәлімет беру.

Өткізу формасы: топтық жұмыс

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Араб мемлекетінің сыртқы экспансиясы туралы баяндау.

  2. Басқыншылық кезеңдерінің хронологиялық кестесін құру.

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар:

Тарихи оқиғаларды салыстырудың ескертпе-жоспары

  1. Салыстырылған оқиғалардың қоғамдық көріністерінің негізгі белгелерін ашып көрсету, олардың салыстырмалы белгілерін тауып, салыстыру тәртібін орнату (алдымен-ең негізгісі, содан кейін келесі дәрежелі).

  2. Белгіленген жоспар бойынша салыстырылған оқиғаларды, тб. екеуінің алғашқы белгісі туралы айтып беріңіз.

  3. Қорытынды шығарыңыз: ұқсас және айырмашылық келбеттерін құраңыз, салыстырылған қоғамдық көріністерге өзіңіздің бағаңызды беріңіз.


3 апта

Тақырып: Қазіргі кездегі исламдағы діни ағымдар және олардың қызметі.

Мақсаты: Исламдағы діни ағымдар қызметіне сипаттама беру.

Өткізу формасы: Ғылыми зерттеу орталығының жұмысы түрінде

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Исламдағы діни ағымдар қызметін зерттеу.

2.Діни ағымдардың негізгі бағыттарын анықтау.

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: ғылыми зерттеу орталығындағы баспасөз конференциясы түрінде өткізу.
4 апта

Тақырып: өтілген тақырыптар бойынша бақылау жұмысы.

Мақсаты: өтілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін тест түрінде бағалау.

Өткізу формасы: тест

Тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Идрисидтер мемлекетінің астанасы ретінде Идрис негізін қалаған қала?

А. Мадинат аль-Фес.

Б. Кайруан.

В. Раккада.

Г.Тарент.

Е. Тахерт.


  1. Фатимид халифатының алғашқы билеушісі:

А. Убейдаллах.

Б. Харун ар-Рашид.

В. Муыыз.

Г. Джаухар.



  1. Араб географы аль-Бакри: «Олардың көпшілігі өз өмірлерінде егер де мұсылман елдерінің немесе қара ел көпестері ұнды сый ретінде бермесе, нанды жемес те еді» - деп Марокконың оңтүстігінде қоныстанған қандай тайпалар туралы жазды?

А. Сандхажа

Б. Бербер

В. Лемтун.

Г. Мурабиттер.

Е. Зинджилер.


  1. ХІ ғ. соңында Альморавидтер мемлекетінің территориясы қай жерлерді қамтыды?

А. Алжирден Сенегал жағалауларына дейін.

Б. Египеттен Гана жағалауларына дейін.

В. Аравияның оңтүстігінен Алжирге дейін.

Г. Сириядан Аравияның солтүстігіне дейін.



  1. ХІІ ғ. басында барлық мұсылмандық Испания қай мемлекеттің құрамына кірді?

А. Альморавидтер.

Б. Фатимидтер.

В. Альмохадтар.

Г. Идрисидтер.



  1. Солтүстік Африкадағы Альморавидтер мемлекетінің өмір сүрген уақыты:

А. 1039-1129 ж.ж.

Б. 750-1258 ж.ж.

В. 661-750 ж.ж.

Г. 1129-1269 ж.ж.



  1. Солтүстік Африкадағы Альмохадтар мемлекетінің өмір сүрген уақыты:

А. 1129-1269 ж.ж.

Б. 1039-1129 ж.ж.

В. 750-1258 ж.ж.

Г. 661-750 ж.ж.



  1. Багдад қаласының негізі қашан қаланды?

А. 762 ж.

Б. 772 ж.

В. 752 ж.

Г. 782 ж.



  1. 1269 ж. Қандай династия өкілдері Марокко қаласын басып алып, Альмохадтар билігіне нүкте қойды?

А. Меринидтар.

Б. Фатимидтер.

В. Идрисидтер.

Г. Альморавидтер.



  1. ҮІІІ ғ. Араб грамматикасы бойынша басты еңбек кімнің қаламынан шықты?

А. Ас-Сибавейха.

Б. Ас-Сагана.

В. Ибн-Манзур.

Г. Абу аль-Атахия.



  1. Европада «араб Монтескьесі» деп кімді атаған?

А. Ибн Халдун.

Б. Иакуб Иакуби.

В. Аль-Кинди.

Г. Аль-Макризи.



  1. 970 ж. Джаухар бастаған фатимид әскерлерінің Дамаскіні басып алуы кімдермен арада шиеленіс туғызды?

А. Карматтармен.

Б. Түріктермен.

В. Аббасидтермен.

Г. Берберлермен.



  1. 1061-1106 ж.ж. билік құрған Юсуф ибн Ташфин қандай қаланың негізін салды?

А. Марокко.

Б. Каир


В. Багдад

Г. Тлемсен.



  1. Салах ад-Дин Айюбид қай жылдары билік құрды?

А. 1174-1193 ж.ж.

Б. 1147-1165 ж.ж.

В. 1109-1135 ж.ж.

Г. 1156-1183 ж.ж.



  1. 1516 ж. Тамыз айында Халебтің солтүстігінде кімдердің армиясы кездесті?

А. Түрік және мамлюк.

Б. Түрік және моңғол.

В. Мамлюк және моңғол.

Г. Түрік және бербер.



  1. Алғашқыда 1,28 гр. теңестірілген, Египетте негізгі айналым бірлігі болған күміс монета қалай аталады?

А. Пара.

Б. Ардеб.

В. Рибат.

Г. Акче.


  1. «Мамлюк» сөзі сөзбе-сөз аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

А. «құл»

Б. «басшы»

В. «ізбасар»

Г. «данышпан»



  1. Мұхаммед Али қай жерді «Египет көліне» айналдыру ұмтылысын ұстанды?

А. Шығыс Жерорта теңізін.

Б. Корсика аралын.

В. Сицилия аралын.

Г. Қара теңіз жағалауларын.



  1. Тарихи әдебиеттерде Испаниядағы халифатты қалай атаған?

А. Кордова.

Б. Магриб.

В. Омейяд.

Г. Аббасид.



  1. БҰҰ Бас Ассамблиясы Палестинаға британ мандатын жою және екі мемлекетті – Араб және Израиль мемлекетін құру туралы шешімді қашан қабылдады?

А. 1947 ж.

Б. 1948 ж.

В. 1945 ж.

Г. 1949 ж.



  1. 1968 ж. 16 шілдедегі Ирактағы революциялық төңкеріс нәтижесінде қандай партия елге басшылық жасау ісін қолға алды?

А. Баас партиясы.

Б. Коммунистік партия.

В. Социалистік партия

Г. Демократиялық партия



  1. «Шөлдегі боран» деген не?

А. БҰҰ-ның көпұлтты күштерінің Ирактың Кувейтке басып кіруіне қарсы әрекеті.

  1. Египет пен Израиль арасындағы соғысты тоқтатқан Кэмп-Дэвид келісіміне қашан қол қойылды?

А. 1978 ж.

Б. 1980 ж.

В. 1975 ж.

Г. 1973 ж.



  1. Израиль парламенті қалай аталады?

А. Кнессет

Б. Рада.


В. Дума

Г. Парламент



  1. Ислам конференциясы ұйымы 2000 ж. Неше мемлекетті біріктірді?

А. 56.

Б. 59.


В. 43.

Г. 38.


  1. Ислам конференциясы ұйымында бас хатшы қызметін 1975-1979 ж.ж. қай ел өкілі иеленді?

А. Сенегал.

Б. Малайзия.

В. Тунис.

Г. Египет

Е. Пакистан.


  1. Ара (Парсы) шығанағынан Оңтүстік-Батыс Азия және Солтүстік Африка аудандары арқылы Атлант мұхитына дейін созылған алып кеңістікте қанша араб мемлекеті орналасқан?

А. 19.

Б. 15.


В. 9.

Г. 23.


  1. Солтүстік Африка аймағына жататын елдерді атаңыз:

А. Египет, Ливия, Алжир, Тунис, Марокко.

Б. Алжир, Судан, Нигер, Буркино-Фасо, Египет.

В. Мали, Мавритания, Ливия, Нигерия, Марокко.

Г. Тунис, Алжир, Марокко, Ливия, Мали.



  1. Фашод дағдарысы қашан болды?

А. 1898 ж. қыркүйек.

Б. 1888 ж. қазан.

В. 1896 ж. маусым.

Г. 1889 ж. шілде.



  1. 1897 ж. басында Александрияда құрылған құпия саяси қоғам қалай аталды?

А. «Жас Египет».

Б. «Жас офицерлер».

В. «Жас түріктер».

Г. «Жаңа османдар».



  1. Египетте Араби-паша бастаған көтеріліс қашан басталды?

А. 1881 ж.

Б. 1871 ж.

В. 1879 ж.

Г. 1883 ж.



  1. Абд аль-Кадир мемлекеті қай жылы өмір сүруін тоқтатты?

А. 1847 ж.

Б. 1886 ж.

В. 1854 ж.

Г. 1862 ж.



  1. Сенуситтер ілімі қандай ілімге жақын болды?

А. Ваххабиттік

Б. Сунниттік.

В. Шииттік.

Г. хариджиттік.



  1. Сенусизмнің негізгі базасы - . . .

А. Ливия.

Б. Египет.

В. Тунис.

Г. Алжир.



  1. Европалық державалар мен АҚШ ХҮІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басында қандай сылтаумен Магриб елдеріне қарсы агрессиялық саясат жүргізді?

А. Қарақшылармен күрес.

Б. Экономикалық көмек көрсету.

В. Аграрлық реформалар жүргізу.

Г. саяси тәуелсіздікті қалпына келтіру.



Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар:Тест
5 апта

Тақырып: Араб мәдениетінің негізгі өкілдері.

Мақсаты: Араб мәдениетінің негізгі өкілдерінің қызметін сипаттау.

Өткізу формасы: Экскурсия

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Араб мәдениетінің негізгі өкілдерінен кімдерді атай аласыз?

2. Араб мәдениетінің негізгі өкілдерінің қызметіне шағын баяндама дайындау.

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар:

Тарихи тұлға мінездемесінің ескертпе-жоспары


  1. Тұлғаның өмірі мен қызметінің тарихи шарттары, оның дүние танымының қалыптасуының қайнар көздері.

  2. Тарихи қайраткерлердің өз алдына қойған мақсаттары, бұл мақсаттарға жетудің әдістері.

  3. Ол қандай топ өкілі.

  4. Оның тұлғалық қасиетінің мәні (санасы, ерік-жігері, дүниеге көзқарасы).

  5. Түлғаның қызметіне баға беру (прогрессивтік, реакцияшыл, біркелкі емес, бұл қалай көрінді және неге?)


6 апта

Тақырып: Бейбарыс сұлтан

Мақсаты: Бейбарыс сұлтанның тарихи тұлғалық бейнесін қалыптастыру.

Өткізу формасы: баспасөз конфренциясы

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Студенттер топтарға бөліну Бейбарыс сұлтанның өмірі және қызметі туралы баяндама даярлау.

2.Бейбарыс сұлтанның саяси портреті (сипаттама).

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: топтық жұмыс, баяндама дайындау.
7 апта

Тақырып: №1 Аралық білім бақылауы.

Мақсаты: 1-7 апталарда өткен тақырыптар бойынша студенттер білімін тексеру.

Өткізу формасы: ауызша жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

11 бөлімде көретілген 1-7 апталардағы тапсырмалар бойынша билет түрінде білімдерін тексеру.



Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: билет, ауызша-жауап.
8 апта

Тақырып: Вахаббиттік ілім.

Мақсаты: Ваххабиттік ілімнің қызметін сипаттау.

Өткізу формасы: сұрақ-жауап, ауызша жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Вахаббиттік ілімнің негізін салушы кім?

2. Вахаббиттік ілімнің негізгі ұстанымдары қандай?



Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар:

Ауызша жауаптың ескертпе –жоспары

  1. Вахаббиттік ілімнің пайда болу уақытын көрсетіңіз (қашан?)

  2. Ілімнің қалыптасуының тарихи орнын көрсетіңіз (қайда?)

  3. Ілімнің мазмұнын көрсетіңіз?

а) әлеуметтік-экономикалық және саяси себептері неде?

ә) негізгі ұстанымдары қандай?

б) жинақтау: қоғамның дамуындағы тарихи маңызы.

4. Осы мәселеге байланысты өзіңіздің бағытыңызды немесе тарихшылардың бағытын түсіндіріңіз.


9 апта

Тақырып:. Ортағасырлық араб мемлекеттері.

Мақсаты: ортағасырлық араб мемлекеттерінің территориясын анықтау.

Өткізу формасы: топтық.

Тапсырмалар мен сұрақтар: Контур картамен жұмыс. Картаға ортағасырлық араб мемлекеттерінің территорияларын түсіру.

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: контур карта.
10 апта

Тақырып: ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. басындағы Азияның Араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

Мақсаты: аталған аймақ елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін айқындау.

Өткізу формасы: топтық.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ. басындағы Азияның Араб елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының салыстырмалы кестесін құру.



Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: аталған аймақ елдері бойынша кесте құрастыру.
11 апта.

Тақырып: XVII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Марокко

Мақсаты: салыстырмалы талдау жасауға үйрету, негізгі оқиғалардың мемлекет дамуына әсерінің бағыттарын айқындау дағдыларын қалыптастыру.

Өткізу формасы: ауызша жауап.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Елдің әлемметтік-экономикалық және саяси дамуы бойынша кесте құру.

2.Елдің дамуына өз үлестерін қосқан саяси қайраткерлердің портретін жасау.

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: баяндама жасау.
12 апта

Тақырып: Канаданың 2-дүниежүзілік соғысқа кіруі

Мақсаты: Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы маңызды мәселе ретіндегі ІІ майдан мәселесін талдауға үйрету.

Өткізу формасы: Конференция

Тапсырмалар мен сұрақтар: ІІ майдан дегеніміз не?

Оның соғыс барысындағы қажеттілігі неде болды?

Нелікиен ол белгіленген уақытта ашылмады?

Бұл мәселедегі мемлекеттердің көзқарасы қандай болды?

Ф.Рузвель саясатына сипаттама

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар:

Конференцияны өткізу талаптарын сақтай отырып, әртүрлі елдер өкілдері ретінде және тәуелсіз сарапшылар ретінде талдама беру.


13 апта

Тақырып: Египет экономикасындағы шетел капиталаның үстемдігі.

Мақсаты: Мемлекеттің дамуына жан-жақты сипаттама беру арқылы толық мәлімет жасауға үйрету.

Өткізу формасы: сыни тұрғыдан талдау

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Египет экономикасында қай елдердің капиталының үстем екендігін анықтау.

  2. Экономикалық даму ерекшелігін көрсету

  3. Саяси ұстанымдарын анықтау

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар:

Мозаика, топтау, эссе әдістерін қолдану.


14 апта

Тақырып: Араб-израиль соғыстары.

Мақсаты: Араб-израиль соғысының себептерін, жүру барысын, қорытындыларын анықтау.

Өткізу формасы: Ғылыми симпозиум

Тапсырмалар мен сұрақтар: Араб-израиль соғыстарын бір-бірімен салыстыру.

  1. Араб-израиль соғысының жылдары.

  2. Себептері.

  3. Жүру барысы.

  4. Нәтижелері.

Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: Бірнеше араб-израиль соғыстары бойынша кесте құру.
15 апта

Тақырып: Тарихи терминдер және даталармен жұмыс формалары. Сөзжұмбақ құрастыру.

Мақсаты: Курс бойынша негізгі терминдер және даталармен жұмыс.

Өткізу формасы: жеке жұмыс.

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1. курс бойынша глоссарий құрастыру.

2.негізгі даталармен жұмыс.

3. сөзжұмбақ құрастыру.



Әдістемелік ұсыныстар, үлестірмелі материалдар: Сөздікпен және сөзжұмбақпен жұмыс
8. Курстық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар курс бойынша жоспарланбаған.

9.Студенттердің өз бетімен жұмыстануына арналған материалдар.

Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары:

  1. Ежелгі араб мемлекеттеріндегі әлеуметтік-эономикалық құрылыс және оның даму жолдары.

  2. Ежелгі арабтардың шаруашылығы.

  3. Ислам дінінің шығуы және оның мәні.

  4. Дамаск халифатындағы жер қатынастарының дамуы.

  5. Дамаск халифатындағы араб әдебиетінің дамуы.

  6. Бағдат халифатындағы құрылыс.

  7. Арабтардың басқа шығыс елдермен байланыстары.

  8. Араб Испаниясының саяси өмірі.

  9. Кордова халифатындағы қолөнер кәсібінің дамуы.

  10. Арабтар туралы тарихнама.

  11. Арабтардың Орта Азияны жаулауы.

  12. Араб елдеріндегі ғылымдардың дамуы.

  13. Мұхаммед Әли билігі езіндегі араб елдері.

  14. XIX ғасырдың ортасындағы Азиялық араб елдері.

  15. Аравия түбегіндегі Англия позициясының нығаюы

  16. Таяу Шығыс мәселесі.

  17. 1967және 1973 жылдардағы араб-израиль соғыстары.

  18. Халықаралық қатынастардағы Араб елдерінің рөлі мен орны.

  19. Кеңес Одағы және Араб елдері.

  20. Тәуелсіз Қазақстан мен Араб елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуы.

  21. Палестин-израиль шиеленісін реттеу перспективалары.

  22. АҚШ пен Ирак соғысына кім кінәлі?!

  23. Терроризм – ХХІ ғ. адамзат қаупі.

  24. Саддам Хусейн.

  25. Дүниежүзілік саясаттағы Ислам факторы.

  26. Империализмнің отаршылдық жүйесінің күйреуі.

  27. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Шығыстағы жаңа тәуелсіз мемлекеттер.

  28. ХХІ ғ. басындағы ғаламдық проблемалар.

  29. Дүниежүзілік саясаттағы ислам мәселесі.

  30. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.

  31. АҚШ-тың Иракқа қарсы агрессиясы.

  32. 11 – қыркүйектен АҚЩ-тағы террорлық актіден кейінгі әлем.

  33. Дүниежүзілік саясаттағы ислам мәселесі.

  34. Аятолла Хомейни.

  35. ХХІ ғ. басындағы ғаламдық проблемалар.

  36. Египетте европалық қаржы бақылауының орнатылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет