С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
А. Ж. Темербаева
Инженерлік сызбаны модульдік технология арқылы оқыту
Оқу әдістемелік құрал
Павлодар
ӘОК 744 (075)
ҚБК 30.11
Т 75
С Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
Рецензентер:
Бейсембаев М.К. - т.ғ.к., доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректорының орынбасары.
Жумабаева З.Е. - п.ғ.к., С Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Т 75 Темербаева Ж.А.
Инженерлік сызбаны модульдік технология арқылы оқыту: оқу әдістемелік құрал. – Павлодар: «Кереку», 2008. – 85 б.
ISBN
Графикалық пәндерді инновациялық технологиямен оқыту – қазіргі жоғары оқу орнындарында басты орын алады. Автор заманға бейімдеу мақсатында оқу-әдістемелік құралын модульдік технология қағидасымен құрастырған. Бұл беріліп отырған ғылыми еңбек Қазақстанның білімдендіру кеңістігінде бәсекелестікте жеңетін, жан-жақты дамыған жаңа форматтың тұлғасын тәрбиелеуге және оқытуға көмегін тигізетін нұсқаулар. Басты мақсаты – графикалық пәндерді оқыту үдерісін жеңілдету жолы.
ӘОК 744 (075)
ISBN ҚБК 30.11
© Темербаева Ж.А., 2008
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008
Алғы сөз
Оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды заман талабына сай енгізу білім берушілердің парызы болып саналады. Осыған орай, студентерді кредиттік оқу жүйесіндегі модульдік технология арқылы оқыту дидактикасын жасаудың маңызы өте зор. Білімденуде дидактиканы жетік меңгерген жеке тұлғаның ой-санасы қоғамдық талаптар деңгейінде іс-қимыл көрсетіп, қиындықтар мен бөгеттерден өтуде біліктілік пен табандылықтың үлгісін танытады.
Мемлекет көздеген тактика мен стратегиясына инновациялық технологиямен білім беру мазмұны мен оқыту жолын айқындайтын, ұтымды нәтижеге жедел қол жеткізетін тиімді әдістеме түбегейлі, толыққанды зерттелмеген, жоқтын қасы. Сондықтан «Студенттерді кредиттік оқу жүйесіндегі модульдік технология арқылы оқытудың дидактикасы» деп алынуы еңбектің мәртебелі тұсы.
Инженерлік сызбаны оқыту мәселелерін зерттеу отандық педагогиканың оқыту әдістемелік жүйесін дамытады. Инженерлік сызбаны инновациялық технологиямен оқыту, оны дамыту мен шындық оқыту жүйесінің салиқалы, салмақты болуына айтарлықтай нәр болып, түлғаны тәрбиелейді. Осы тұрғыдан автордың «Студенттерді кредиттік оқу жүйесіндегі модульдік технология арқылы оқытудың дидактикасы» атты монографиялық жұмысы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне арналған. Әдістеме ұғымына жан-жақты анықтама беріп, бұл зерртеу жұмысына дейінгі бағыттағы еңбек еткен ғалымдардың тұжырым-түйіндері зерделегені аңғарылады.
Инженерлік сызбаны оқытудың әдістемелік тұжырымдамасының жасалуы-зерделенген нысанның көрсеткіші.
XXI ғасырда білім берудің мазмұнды болуына толық мүмкіндіктер ұдайы жасалып келеді. Оқыту үдерісінің сапалы мәні әр студент білімнің ғылыми негізін даралық қабілетте қабылдауынан байқалады. Педагогикалық білім берудің мазмұнында (жоғағы оқу орнында) бейнеленген педагогикалық зерттеулердің нәтижесі парадигманың, яғни оқыту іс-әрекетінің жаңа көзқараста білімдік жинақталған ұстанымдарында стандартқа сай студенттер сұранымына, білім беру қызметінің сапасына байланысты нәтижені бағдарлайды.
Осындай парасатты іс-әрекетті тәжірибеде нәтижелі бағдарлауға нұсқа болатын монографияда қамтылған ғылыми-теориялық негіздер студенттердің ғылыми-біліми еңбегін оңтайлы ұйымдастырда пәрменді іс-әрекет құру бейіміне көңіл бөлініп, оқыту қызметінің шарықтау шегі көрсетілген.
Зерттеу барысында берілген нәтижелер зерттеу мәселесін әдістемелік тұрғыда дәйектеумен, ең өнімді де ұтымды тәсілмен орнымен қолданумен, тәжірибеде негізделген жаңалығымен бекітілген жұмыстың негізгі нысанасы.
Автор көп жылдан бері сабақ беріп жұрген ұстаз. Бұл қызметінен зерттеуші республикалық-халықаралық конференцияларда, педагогикалық оқуларда әдістемелік нұсқаулықтары мен құралдарын кқпшілік оқытушы-профессор қауымына ұсынған.
Қорыта айтқанда, «Инженерлік сызба пәнің модульдік технология арқылы оқыту» тақырыбына жазылған еңбек әдістімелік, теориялық, тәжірибелік тұрғыда қойылатын талаптарға сай деген ойымызды білдіреміз.
Жұматаева Е.
Кіріспе
Білім мен ғылымды меңгерген тұлғаның өмір сүргіштік қорғанысы, заманның өзгерісті кезеңдерінде төзімділігі мен табандылығы, қоғамдағы мүдделерге ілесуі, өзінің әрдайым өнімді іске бағдарлауы секілді көрсеткіштері басымдықта болып келеді.
Осындай сүбелі істердің қарқынды тұрғыда жүзеге асуы мақсатында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халқына Жолдауында айтылған Қазақстанды әлемдік озық 50 елдің қатарына жеткізу ұстанымына сай жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау, ұлттық мәдени өрісінде халықаралық және Еуропалық тенденция негізіндегі оқыту жүйесіне көшуге бағдарлап отыр [2]. Бұл мақсатқа жетудің сара жолы отандық, әлемдік озық ойлы, жаңашыл, ілгерішіл ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, кәсіби құзыретті мамандары бірыңғай инновациялық білім кеңістігін жасау және оның мәселесі ең көкейкесті де, қиындық тудыратын да шара деп есептейміз.
Жоғары оқу орындарында «Инженерлік сызба», пәнін оқытудың бүгінгі күні маңызы ерекше. Бірақ, өкінішке орай, жоғары оқу орындарында оқыту іс-әрекетіне қатысты білімденудің инновациялық технологияларын ұтымды қолдану мүмкіндігі әлі де болсын төмен екенін мойындаған орынды. ХХІ ғасырда білім және ғылым саласындағы болып жатқан өзгерістер болашақ мамандарды даярлауда оқытушы-профессор құрамына жаңа міндеттер қойып отыр. Соның бір дәлелі – оқыту үдерісін кредиттік технологиямен құру. Кредиттік технологиямен жоғары оқу орындарында сабақ беру іс-әрекеті кейінгі жылдары тәжірибеде сыннан өтуде.
Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісіндегі бүгінгі күн талабын қанағаттындыру тұрғысында зерделеп қарасақ, бөлінген сағаттың тек 10 пайызына: бірінші, теориялық материалдарды сыйымды ету, ірілендіру тек оқытушы-профессорлардың асқан шеберлігінің ұшқырлығымен орындалады. Екінші, студенттер мен оқытушы-профессорлардың үйлестірушілік және кеңесшілік жұмысына жалпы жұмыс сағатының 20 пайызы жұмсалады. Ал үшінші студенттердің өздігінен жеке жұмысына жалпы сағаттың 70 пайызы пайдаланады. Нәтижесінде оқытушы-профессор құрамы өтілуге тиісті стандарт шегіндегі оқулықтың үлкен тарауларын модельге, үлгіге салып, оның бір үлгіге жататынын ой елегінен тұтастай өткізу арқылы сабақтың тұтас жүйесінің заңдылығын сақтауға және оның ішкі бірліктерінің ұштастығына студенттердің көзін жеткізеді. Аталған бір оқулық материалын бір үлгі деп есептесек, үлгінің әрбір тармағының кіші құрамдарға жіктелуі модульдік түзілімдер құрауға мүмкіндік туғызады.
Сөйтіп үлгіден модульдер туындап, әрбір жеке-жеке тақырыптардың туыс, түбірлестерінің жеке даралық сапа көрсеткіштерінің жіктемелері шығады. Зерттеу жұмысымыздың ең маңызды тұсы да осы модельге және модульге мемлекеттік стандарт шегінде ұсынылған типтік бағдарлама нысанында құралған жұмыс бағдарламасын аталған талапқа сәйкестендіру болып табылады.
Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу – қалай оқығаныңа қарай», «өзін-өзі дамыту», «өмір бойына оқу» болып өзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, студенттің өз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады. Жоғары оқу орнының жұмысының нәтижесі – білім алушылардың кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша білімдерінің сапасы, ал мамандарды даярлаудың сапасының өлшемі – мемлекеттік білім беру стандартындағы біліктілік талаптарға сәйкес анықталған теориялық дайындық деңгейі арқылы бағаланатын маманның кәсіби құзіреттілігі. Жоғары кәсіби білім берудің мақсаты еңбек нарқы қажетіне сай мамандарды даярлау болғандықтан, бұл Болон үдерісінің негізінде жатқан қағидалармен, оның ішінде оның басты қағидаларының бірі білім беру сапасын бақылаумен үйлеседі. Әрі сапаны бақылау оқыту мерзімі мен оқыту мазмұнына емес, маманның кез келген еуропалық мемлекетте жұмыс істеуге даярлығына негізделеді.
Білім беру жоғары оқу орындарында оқу үдерісіндегі оқытушы мен студенттің өзара танымдық қызметінің деңгейлігіне бағынады. Оқытушы типтік бағдарламаның мамандандырылған мінездемедегі көрінісімен біріктіріп, өзінің жұмыс бағдарламасын құрастырады. Дидактикалық нысанның оқу жоспары нақтыланып, блоктарға, модульге жіктеліп, оның пәніне орай баспадан жарық көрген оқулықтар мен оқу құралдарының бағдарламадағы көрінісін тәжірибеде қолдануға қозғаушы күш рөлін атқарады.
Студенттерді оқытуда «Инженерлік сызба» пәні бойынша білімді қалыптастыру бүгінгі жоғары оқу орнының студенттері – болашақта мамандардың жалпы мәдениетін қалпына келтіруді көзделеді.
Кредиттік оқыту жүйедегі оқытуға тиісті «Инженерлік сызба» пәнінен оқулықтар бүгінгі жаңа технологияның талап-мүддесін қанағаттандыра алмайды.
Осы тұжырымдамызды нақтылау үшін жаңа технология қағидасымен құрылған оқулықты беруді орынды деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |