А лматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, «М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебі», Математика пәнінің мұғалімі Ширкитбаева Айымторы Абдухалыковна
Тақырып: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы. Сабақтың мақсаты:а) білімділік: санның арифметикалық ортасын, өзгеріс ауқымын, модасын таба білуге үйрету; ә) дамытушылық: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын аттыру, есептеу дағдыларын қалыптастыру; б) тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, қорытынды шығаруға, тазалыққа, белсенділігін арттыру, ізденуге дағдыландыру. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,карточка Әдісі: түсіндіру Түрі: жаңа сабақ Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру б) оқушы зейінін сабаққа аудару II. Үй тапсырмасын сұрау: №1186, №1187 III. Жан – жақты білімдерін тексеру: Санды дөңгелектегенде, сан қандай мәніне ие болады?
Санды бүтінге дейін дөңгелектеу дегеніміз не?
Сандарды дөңгелектеу ережесі қалай тұжырымдалады?
Натурал сандарды мыңдықтар разрядтарына дейін дөңгелектегенде, неше нөлмен аяқталады?
Ондық бөлшекті қандай разрядқа дейін дөңгелектегенде, үтірден кейін бір цифр ғана жазылады?
V. Жаңа сабақ:Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамыдығының және т.с.с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Статистикалақ сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері:арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы.