ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
А массиві және N өлшемі берілген. Оң элементтердің санын шығарыңыз.
A = [3, -2, 0, 7, -1, 4]
count_positive = 0
for num in A:
if num > 0:
count_positive += 1
print("Оң сандар: ", count_positive)
Бұл жерде A деген массив берілген. Және біз count_positive деген айнымалы құрып аламыз (ол айнымалы бізде алдағы уақытта массивтегі оң элементтер санын есептейтін болады). Келесі for num in A: деген цикл арқылы массивтың ішіндегі әр элементті тексереміз. if num > 0: бұл оператор егер num деген айнымалы 0-ден үлкен болса ғана оның блогы жұмыс жасайды. Егер num айнымалысы 0-ден үлкен болса онда келесі жол яғни count_positive += 1 орындалады. Бұл дегеніміз count_positive деген айнымалымыз (Санаушы - счетчик) 1-ге артады. Осылайша циклымыз массивтың әр элементін 0-мен салыстырып шығады. Соңында print("Оң сандар: ", count_positive) деп массивта қанша оң сан бар екенін консольға шығарамыз.
А массиві және N өлшемі берілген. Бағдарлама барлық жұп массив элементтерінің арифметикалық ортасын шығаруы керек. (0 саны да жұп элемент)Екі бүтін
A = [3, 5, 8, 2, 10, 4]
sum_even = 0
count_even = 0
for num in A:
if num % 2 == 0:
sum_even += num
count_even += 1
if count_even > 0:
average_even = sum_even / count_even
print("жұп массив элементтерінің арифметикалық ортасы:", average_even)
else:
print("Массивте жұп элементтер жоқ.")
-А деген массивіміз бар. sum_even = 0 деген айнымалы құрып аламыз (бұл айнымалы алдағы уақытта барлық массив элементтерінің жұп сандарының қосындысын есептейтін болады). Содан кейін count_even = 0 деген айнымалы құрып аламыз (Бұл айнымалы алдағы уақытта барлық массив элементтерінің жұп сандарының санын есептейтін болады). Одан кейін for num in A: деп массивтың әр элементін тексереміз. if num % 2 == 0:
деп жазып num санының жұп сан екендігіне тексереміз (Санды 2-ге бөлгендегі қалдығы 0 ге тек болса яғни жұп сан болса). Егер сан жұп болса sum_even += num деп жазған себебіміз sum_even айнымалысын жұп сандардың қосындысына теңестіргеніміз. Ал біздің count_even += 1 дегеніміз жұп сандардың қаншау екенін есептеу үшін.
Келесі if count_even > 0:
average_even = sum_even / count_even
print("жұп массив элементтерінің арифметикалық ортасы:", average_even)
Осы блокты қарасақ бұл жерде шартты оператор тұр. Ол егер count_even(жұп сандардың саны) 0-ден үлкен болса ғана:
average_even = sum_even / count_even
print("жұп массив элементтерінің арифметикалық ортасы:", average_even)
Осыны орындайды. Бұл жерде average_even = sum_even / count_even дегеніміз орташа мәнді табатын формула, яғни Жұп сандардың қосындыларын жұп сандардың санына бөлеміз. Одан кейін print("жұп массив элементтерінің арифметикалық ортасы:", average_even) – осылайша орташа мәнімізді консольға шығарамыз.
Келесі else:
print("Массивте жұп элементтер жоқ.")
Бұл жерде егер массивте жұп элементтер жоқ болған жағдайда консольға шығарады.
А массиві және N өлшемі берілген. Бағдарлама максималды және минималды мәндерді қоспағанда, қосынды мен орташа мәнді шығаруы керек.
A = [3, 8, 2, 10, 4]
min_val = min(A)
max_val = max(A)
summa_bez_extremuma = sum(A) - min_val - max_val
avg = summa_bez_extremuma / (len(A) - 2)
print("Kosyndy: ", summa_bez_extremuma)
print("Orta: ", avg)
-Бұл жерде А деген массивті жазып аламыз. Сосын біз массивтың минимум және максимумын тауып алуымыз керек. Сол үшін min_val және max_val деген екі айнымалы құрамыз. Және олардың мәнін min() және max() функциялары арқылы тауып аламыз. Экстремумдарсыз (яғни минимум және максимумдарсыз) summa_bez_extremuma деген айнымалы құрып, оның мәнін sum(A) яғни массив элементтерінің суммасынан минимум мен максимумды алып тастаймыз. Және орташа мәнін табу үшін summa_bez_extremuma айнымалысын массивтың ұзындығынан 2 элементті алып тастаған мәніне бөлеміз. Себебі бізде минимум мен максимумды алып тастаған едік. Енді оларды тек print функциясы арқылы консольға шығарамыз.
А массиві және N өлшемі берілген.
Программа запрашивает число n. Далее, мы вводим n чисел и сохраняем все введенные числа в массив. Программа должна вывести сумму всех чисел которые находятся между нулями.
A = [3, 0, 4, 7, 0, 2, 6] #Массив құрып аламыз
sum_between = 0 # Бұл айнымалы екі 0 сандардың арасындағы сандардың суммасын емесптейді
zero_count = 0 # Бұл айнымалы 0 сандарды санайды
for num in A: # Массивтің әр элементін тексереміз
if num == 0: # Егер элемент 0-ге тең болса
zero_count += 1 # айнымалыны 1-ге арттырамыз. Бұл біздің бірінші 0 яғни суммасын есептеп бастайтынымызды білдіреді.
elif zero_count == 1: # Егер айнымалы 1-ге тең болса ғана суммасын есептейді, яғни егер айнымалы 2-ге тең болып кетсе яғни 2-нші нөл саны болса жұмыс жасамаймыз.
sum_between += num # Суммасын есептейміз
print("Summa:", sum_between) # Консолбға шығарамыз
Достарыңызбен бөлісу: |