Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар
|
Бекітемін Булеубаева А
|
Күні:15.11
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сейдахметова Л
|
Сынып: 6 «а»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Рационал сандарды көбейту
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.2.15
Рационал сандарды көбейтуді орындау;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
- рационал сандарды көбейтуді орындайды;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
1)Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру.
|
Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру
«Сұрақты қағып ал» әдісі
- Екі теріс санды қалай қосады?
- Таңбалары әр түрлі, екі санды қосу үшін не істейміз?
- Қарама-қарсы екі санның қосындысы неге тең?
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, біз осыған дейін рационал сандарды қосуды, азайтуды үйрендік.
- Сіздер бүгін сабақта не үйренгілеріңіз келеді?
Оқушылардың мүмкін жауабы: Рационал сандарды көбейтуді. (немесе оқушылардың жаубын нақтыланып, мұғалім көмегімен осы жауапқа келеді).
- Рационал сандарды көбейту ережесін қолданып есептер шығару.
Ал, ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымызды топ болып өзіміз талдап көрейік.
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа материалды баяндау.
Видео арқылы жаңа материалды түсіндіру
Екі көбейткіштің таңбалары әртүрлі: біреуі теріс, екіншісі оң болса, екі көбейткіштің көбейтіндісі теріс болады.
(
Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі – модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең теріс сан болады.
Мысалы:
Екі көбейткіштің таңбалары бірдей болса, көбейтіндісі оң болады.
Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі – модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең оң сан болады.
Мысалы:
Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады.
Кез келген санды 1-ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады.
Мысалы:
Кез келген санды – 1 – ге көбейткенде, көбейтінді сол санға қарама – қарсы санға тең.
Мысалы:
|
|