80
5. Қыдыру. Айына бір рет отбасымен бір жерге баруды қолға алған
жөн. Ол жер тек балалар үшін емес, ересектерге де қызық болуы тиіс.
Мысалы: бассейн, коньки тебу, кинотеатр, театр және т.б.
6. Ойдан шығарылған мерекелер. Отбасы істей алатын ерекше нәрсе
нің
бірі – өзінің жеке мерекесін ойлап табу. Мысалы, бір күні ата-ана мен
балалар өз орнымен ауысып көруге болады. Сол кезде бала жақынына қамқор
болуды үйренеді. Бір күнді ата-ана барлығына келісім беретін күн етуге
болады. Ол ата-ананы балаларына сенуге үйретсе, балаларды сенімді теріс
пайдаланбауға, шекті білуге үйретеді. Егер балаларыңыз әлі кішкентай болса,
«Ертегі түнін» жасаңыз. Өздеріңіздің жеке мерекеңізді ойлап тауып, оны жыл
сайын атап өтуге тырысыңыз.
7. Сыйлық. Балаларыңызды тек сыйлық алуға емес, сонымен қатар он
ы
сыйлауды да үйретіңіз. Оларға құттықтау хатын жасатыңыз, безендіруді
үйретіңіз. Бала өзінің қолынан жасалған заттары арқылы жақындарына деген
махаббатын, қамқорлығын көрсете алуы керек.
8. Ерекше мәзір. Отбасыны нығайта түсетін тағы бір әдіс – қандай да
бір мерекеде міндетті түрде бір тамақ түрін дайындау. Ол барлық отбасы
мүшелері бірдей жақсы көретін тамағы болуы мүмкін. Сонымен қатар,
тосынсыйы бар ас дайындау. Отырыс қызықты болу үшін әзіл қосу.
Отбасындағы жағымды климат үздіксіз еңбекті қажет етеді. Алайда бұл
жұмыс шаршатпайды, керісінше жағымды эмоциялар ғана сыйлайды.
Достарыңызбен бөлісу: