Бекіту сұрақтары:
1. Баланың күнделікті іс әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін не істеу
қажет?
2. Отбасындағы бала тәрбиесінде ата – ана беделінің маңызды қандай?
3. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
Тапсырмалар:
1. Баланың жас санаты бойынша отбасы, отбасы тәрбиесі туралы мақал-
мәтелдерді таңдап, оларды қалай түсінетініңізді анықтаңыз. Педагогикалық
жағдаят ойлап табыңыз (балалармен әңгімелесу, тұрмыстық тақырыптағы
ойындар, сахналап көрсету, иллюстрациялық материалдарды қарау, көркем
шығарманы оқу және т.б.), онда тиісті мақал-мәтелдерді қолданып, талдаңыз.
2. Жапондардың «Обасутэ тауы» даналық әңгімесімен танысып, өз
әсерлеріңізбен бөлісіңіздер.
3. Тату отбасы туралы аңыз жазып, бақытты отбасының моделін
құрыңыз. Ол үшін төмендегі сөздерді пайдаланыңыз: сүйіспеншілік;
адалдық; шынайылық, төзімділік; әділеттілік; кешіру; шаруашылықты
бірлесіп басқару; материалдық байлық; басқаның мүддесін құрметтеу;
балалардың болуы; мейірімділік, нәзіктік және т.б..Отбасы бақытты болады,
егер ...
4. Кестені толтырыңыз.
|