А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет68/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Ата-аналар конференциясы – түрлі жағдаяттарды модельдеу арқылы 
ата-аналарға мектептің тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік береді. Ата-
аналар  конференциясының  міндеті  - отбасылық  тәрбие  туралы  тәжірибе 
алмасу,  білімдерін  жетілдіру.  Ата-аналар  комитетінің  мүшелері  педагогпен 
бірге  конференцияда сөйлейтін  баяндама  дайындайды.  Түрлері:  ғылыми-
практикалық, шығармашылық, тәжірибе алмасу және т.б.
Заманауи  кезеңдегі  тағы  бір  қызықты  формалардың  бірі  – түрлі 
сайыстар,  сұрақтар  мен  жауаптар  кештерін өткізу.  Бұл  форма  өзінің 
педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты 
білуге, бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді 
талқылауға  мүмкіндік  береді.  Сұрақтар  мен  жауаптар  кештері  әр  түрлі 
педагогикалық тақырыптар бойынша ақпарат жинауды білдіреді. Сұрақтарға 
жауаптар пікірталас сипатында болады, жиі мүдделі талқылауға өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет