А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Ертедегі Греция  және  Римдегі  отбасы  тәрбиесінің  жүйесі



Pdf көрінісі
бет7/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Ертедегі Греция  және  Римдегі  отбасы  тәрбиесінің  жүйесі. Қоғам 
мен  табиғат  жөнiндегi  барша  бiлiмдер  секiлдi  отбасы тәрбиесінің бiлiмі 
философия  аясында  нақтыланып,  зерттелдi.  Бұл  жағдай  ежелгi  грек 
дүниесiнен басталып, қазіргі уақытта өз жалғасын табуда. Біздің дәуірімізге 
дейін  VII-V  ғасырларда  Афинада  тәрбие  және  білім  жүйесінде  отбасы 
тәрбиесі  мен  білім беру басты  орында  болған.  Спартандық  тәрбие  жүйесі 
мемлекеттік саналып, оның Афинадағы тәрбие жүйесінен айырмашылығы 7 
жасқа  дейінгі  балалар  отбасында  тәрбиеленген.  Әйелдерге  қатысты 
ережелерге  байланысты  құл  иеленуші  қоғамда  қыздар  тек  қана  отбасы 
тәрбиесінде болған. Онда қыз балаларды дәстүрлі сауаттылыққа (оқу, жазу, 
санау)  үйретумен  бірге  музыкалық  аспаптардың  біреуінде  ойнауды,  үй 
шаруашылығына  қарау,  қол  өнер,  тігін  тігуді  үйреткен.  Спартандық және 
афиналық  тәрбие  мен  білім  ұстанымдары  кейін  Римде  дамыды  (б.д.д  VI 
ғасыр).  7  жасқа  дейінгі  ұл  балалар,  ал  қыз  балалар  7  және  одан  да  үлкен 
жасқа  дейін  Афинадағыдай  аналарының  тәрбиесінде  не балалар  тәрбиесін 
тапсыратын  үлкен  жасқа  келген  туыс  әйелдердің  бақылауында  болса, 7
жастан  кейін  ұл  балалар  көбіне  әкелерінің  тәрбиесінде  болған.  Оқыту 
практикалық  мақсатта  болды:  баланы  қоғамдық,  әскери  және  отбасының 
әлеуметтік  жағдайына  қарай  шаруашылық  жұмысқа  дайындады.  Шаруа 
немесе  қолөнершінің  балалары,  оқу,  жазу  және  санаудан  басқа  әкесінің 
шаруашылығында  жұмыс  істеуге  дайындалды,  ал  ақсүйектердің  балалары 
қару  ұстау,  жүзу,  атқа  отыруға  үйреніп,  ежелгі  Рим  мемлекетінің 
құрылымымен  танысып,  әкесінің  меншігіндегі  шаруашылық  жұмыстарын 
басқаруға  үйренді.  Рим  тәрбиесі  мен  білім  беру  жүйесінің  ең  басты 
ерекшелігі - азаматтық сипаты. Басты мақсаты - қоғамның белсенді мүшесін, 
мемлекетімен әулеті үшін  жанын  қиюға  қабілетті,  қайсар  жауынгер,  өнерлі 
саясаткер, есепті жер иеленушілерді даярлау. Ғасырлар өте келе осы жүйенің 
кейбірі өзгерді:  балаларды  тәрбиелеумен  құлдар  айналысып,  ал  білім 
берумен арнайы шақыртылған мұғалімдер ғана шұғылданды.
Отбасында адам  өмірге  келеді,  тәй-тәй  басып,  бірінші  қуаныш  пен 
қиындықты кездестіреді, өседі, өнеді, үлкен өмірге аттанады. Сонда отбасы 
деген не? Отбасының қоғамдағы рөлі қандай? Отбасы адамға не береді? Осы 
сұрақтарды  жан-жақты  қарастырып,  шешуде  көптеген  ойшылдар  мен 
ғалымдар  ат  салысқан.  Мысалы:  ежелгі  грек  ойшылы  Платон  «Адамдар 
отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, 
оның ата-анасы мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет», ал Аристотель болса, 
«Отбасы  - адамдардың  қарым-қатынастарының  ең  бірінші  түрі  және 
мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» - деген. Неміс философы Кант отбасы 
мәселесін қарастырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл 
бөлген. Яғни, отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың 
және басқа отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі.
Ертедегі  грек  философы,  ғұлама  ғалым,  материалист,  атомистік 
теорияның  негізін  салушы  Демокриттің  тәрбие  туралы  ойлары 
педагогикалық  ой-пікірлер тарихында ерекше  мәні  зор.  Демокрит  ортаға, 
үлкендердің үлгі-өнегесіне  («Әкенің  жағымды  ойы-балаларға  ең  жақсы 


10
өсиет»),  сөздік  әсеріне,  сендірумен  тәрбиелеуге,  еңбекке  үйретуге  ерекше 
мән берді. Оның бізге жеткен еңбектерінің үзінділерінде балаларға кішкентай 
кезінен бастап талаптар қою туралы айтылған.
Сократ  – философия  ғылымы  бастауында  тұрған  жанның  бірі.  Ол 
«ізгілік  - басты  құндылық»  деген  пікірді  ұстанды.  Ешқандай  сыртқы  себеп 
адамды  ізгіліктен  айыра  алмайды.  «Құндылық»,  «әділет»,  «ақиқат»  және 
«әдемілік»  сияқты  ұғымдардың  ақиқаттық  мәнін  сұрақ-жауап  әдісінің
көмегімен  табуға  тырысты.  Сократ  адамның  дұрыс  әрекетінің  негізін 
қалайтын  білім  ғана, адамның  жақсы  өмірі  ненің  дұрыстығын және  ненің 
бұрыстығын
білуге  байланысты  деді.  Сократ  интеллектуалдық 
мұқияттылықтың, ақиқатқа адалдықтың үлгісі болды.
Сократтың  шәкірті  Платон
грек  философы,  идеалист.  Оның 
пайымдауынша, тәрбиені мемлекет ұйымдастырып, өзінің мақсаты, мазмұны, 
әдістемесі бойынша  үстем  таптың  мүддесіне  толықтай  сәйкес  келуі  керек 
деген.  Платон:  «Тәрбие  деп  - үлкендердің  балаларға  әсер  етуі,  балаларда 
адамгершілік, қайырымдылықты қалыптастыру негізі. Кішкентай балалардың 
ішкі негізі - эмоциялары. Баланың сезімі мен эмоциясына жағымды әсер ету 
арқылы адами құндылықтарды қалыптастыруға болады». Ол тәрбие құралы 
ретінде  ойындар  мен  әдеби  шығармалар,  мифтерді  балаларға  оқу,  айтып 
беруге ерекше мән берді. Платон мектепке дейінгі тәрбие туралы, тәрбиенің 
бірізді  мемлекеттік  жүйесі  туралы,  жағымды  үлгі-өнеге  арқылы  тәрбиелеу 
талаптарын және т.б. өзінің еңбектерінде ұсынды. «Ұлды тәрбиелей отырып,
жердің  иесін  тәрбиелейміз.  Қызды  тәрбиелей  отырып,  ұлттың  иесін 
тәрбиелейміз»  - деген  Платонның  даналық  пікірі  адамзаттың  арманындай, 
ұранындай. Яғни, бала тәрбиесі ұлт тәрбиесіне негізделеді [3].
Ертедегі Грецияның ғұлама ғалымы Аристотель: «Тәрбиенің мақсаты -
табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту, 
баланың  табиғатына  сәйкес  дене,  адамгершілік,  ақыл-ой  тәрбиесін 
ұйымдастыру  және  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп  тәрбиелеу»,  -
деген.  Аристотель  алғаш  рет  балаларды  жас  кезеңдерге  бөлуді  ұсынды:1) 
туғаннан бастап, 7 жасқа дейін; 2) 7 жастан 14 жасқа дейін; 3) 14 жастан 28 
жасқа дейін. Аристотель бұл жас кезеңдерін олардың табиғатына сай келеді 
деп санаған. Аристотель отбасы тәрбиесіне ерекше мән беріп, 7 жасқа дейін 
балалар отбасында  тәрбиеленуі  тиіс  деп,  өзінің  табиғатқа  сәйкес  тәрбиелеу 
қағидасын уағыздады. Ал, 7 жастан бастап балалар мемлекеттік мектептерге 
барады (ерлер сияқты әйелдерге білім берудің қажеттілігі жоқ деп санады). 
Оның  пікірінше,  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеу адамгершілік  мінез-
құлық  жаттығуларына  негізделеді,  қажетті  әрекеттерді  жиі  қайталау 
адамгершілік мінез-құлықты қалыптастырады деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет