«Эстафеталық кітапша» - ата-аналар бала тәрбиесінде кездесіп жүрген
қиыншылықтарымен бөлісетін арнайы кітапша. Бұл сұрақтарға ата-аналар да,
тәрбиешілер де өз ойларын жазып білдірулері мүмкін. Жұмыстың бұл түрі
отбасымен тығыз қарым-қатынас, достық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру бойынша балалар
мен педагогтар бірге қатысатын форманы қолдануға болады. Бұл бірлескен
мерекелер, спорттық іс-шаралар, спектакльдер, концерттер, абаттандыру
бойынша еңбек және т.б. Білім беру мекемесінде ата-аналардың өз бетімен
білім алу процесін ынталандыру үшін отбасылық тәрбие мәселелері бойынша
әдебиеттерді білу керек. Ата-аналардың педагогикалық әдебиетке деген
қызығушылығын оятуда жұмыстың әр түрлі формалары көмектеседі: жаңа
әдебиеттер көрмесі, ата-аналар жиналысындағы жаңалықтарға шолу, жеке
кітаптар мен жариялымдар және т.б. талқылаулар.