64
жүгенсіз балалық тілектер, еркеліктер, қисынсыз талаптарға жол береді.
Кейде ата-аналар шамалы қарсылық білдіріп көреді, бірақ ол кештік етеді.
11. Сатып алу беделі. Тіл алғыштық сыйлықтармен немесе уәделермен
сатып алынса, бұл беделдің ең арсыз түріне жатады. Ата-аналар қысылып-
қымтырылмай-ақ былай дейді: «тыңдайтын болсаң, саған ойыншық ат сатып
әперемін», «Тыңдайтын болсаң, циркке барамыз...». Өздеріне сенімсіз ата-ана
балаларының алдында беделін жоғалтады. Бала отбасы мүшелері арасындағы
жарасымды, үйлесімді, әділетті қарым-қатынастарды игеріп, үлгі-өнеге
алады. Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар - намыс
сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Беделді болуы үшін 3.4 кесте
көрсетілген беделді болудың жолдарын басшылыққа алу керек.
3.4-кесте
Бүгінде ата-ана беделі әкелер мен аналардың жеке басының жан-жақты
рухани, адамгершілік қасиеттерін, ұлдары мен қыздарының адамгершілік
қасиеттерін аяққа баспай, оларды ойдағыдай тәрбиелей білу құрметіне
негізделген. Өзіне сенімсіз ата-ана баласының алдында беделін жоғалтады.
Отбасылық тәрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл
тәрбие қоғамдық тәрбиемен бірлескенде ғана нығая түседі. Отбасы-
балаларының әлеуметтік құндылықтар кешенін, қоршаған ортаға көзқарасын,
бағдарын, қажеттілігін, қызығушылығы мен әдеттерін қалыптастыратын
басты институт болғандықтан, адамның беделі тек қана өзіне байланысты
болады, себебі адамның беделі оның іс-қылығы мен тәртібінің негізінде
қалыптасады. Адам өзінің беделін қаншалықты бағалайтыны, оның жасаған
іс-әрекеттерінен байқауға болады. Адам ісімен, жасаған еңбегімен ғана
беделді бола алады, осыған байланысты іскерлік бедел деген мағына
туындайды.Ата-ана беделі баланың үйлесімді тұлғасын дамытудағы тиімді,
әрі жақсы тәрбиелеу әдісі.
Отбасында адамдар белгілі бір рөлді атқарады.
Адамның рөлі – оның
мінез-құлқының белгілі бір моделін, тұлғааралық қарым-қатынас және өзара
іс-қимыл тәсілдерін білдіреді. Мәртебе – бұл социум деңгейі.Бастық немесе
бағынышты - бұл мәртебе, ал әйелі, күйеуі, анасы немесе әкесі - бұл рөл.
Отбасы толыққанды болуы және балалардың дұрыс мінез-құлқының үлгісін
беруі үшін, онда рөлдерді дұрыс бөлу, өйткені отбасындағы рөлдердің
бұрмалануы мен бұзылуы жиі қақтығыстар мен жанжалдар, отбасының
ыдырауына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: