А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


 Отбасы тәрбиесі туралы қазақ ойшылдарының ой-пікірлері



Pdf көрінісі
бет10/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

1.3. Отбасы тәрбиесі туралы қазақ ойшылдарының ой-пікірлері
Қазақ  халқы  бала  тәрбиесіне  үлкен  мән  беріп,  оған  ерекше  көңіл 
бөлген.  Себебі,  ол  баланы  отбасының  және  өмірдің  жалғасы  мен  болашағы 
деп  санаған.  Осыған  орай, отбасындағы  бала  тәрбиесі  мәселесін,  өткен 
ғасырлардан  бастап  көптеген  ғұлама  ойшылдар,  ақын  жыраулар,  көрнекті 
ғалымдар  өздерінің  шығармалары  мен  ғылыми  еңбектерінде  жан-жақты 
қарастырған.  Қазақстандағы  отбасы тәрбиесі мәселесіне  байланысты  бұрын 
жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен 
монографиялық еңбектер, әдептік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз 
әдебиеті фольклор деректері көптеп табылады. 
Отбасы тәрбиесі ерте кезден-ақ ақын-жыраулар шығармаларына арқау 
болған.  ХVІІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  өмір  сүрген  Жиембет 
Бортоғашұлы жырау жалпы достықты, сыйласымды өмірді дәріптеген, оның 
нышаны  отбасынан  басталады  деп  ұққан.  Адамгершілік  қасиет 
отбасындағылардың  бірін-бірі  қадірлеуінен,  әсіресе  баланың  қартайған  әке-
шешелеріне  ерекше  құрмет  көрсетуінен  көрінбек.  Бұл  халық 
педагогикасының  ежелгі  қалыптасқан  дәстүрлі  көзқарасы.  Осыны  ойға 
қазық, тілге тиек ете отырып, көпті көрген көне жырау [2]:
Меккені іздеп нетесің,
Меккеге қашан жетесің,
Әзір Мекке алдыңда
Пейіліңмен сыйласаң 
Атаң  менен  анаңды!  – деп  ата-анаңа  көрсеткен  сый  құрметтің  құдай 
жолын  қуып,  Меккеге  барумен  пара-пар  деген  ойды  қорытады.  ХVІІ-ХVІІІ 
ғасырларда  өмір  сүрген  ақын-жыраулардың  ішіндегі  биік  тұлғаның  бірі  -
Бұқар  Қалқаманұлы.  Оның  көптеген  жырлары  отбасылық  қарым-қатынас, 
адамгершілікке арналған. Отбасының сәні сыйластық деп түйген жырау ерлі-
зайыптының  тату-тәтті  өмір  сүруін  қалайды.  Ақын-жыраулардың  отбасы 
тәрбиесі жайлы айтылған сөз тіркестерінен халқымыздың ой арманы мен ар -
намысын қастерлеген аталық ақыл өсиет сарындары сезіледі. 
Қазақ халқының  отбасында бала  тәрбиелеу  дәстүрлері туралы  ойлар 
Қорқыт,  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  Қашқари,  Кейкаус,  Қ.Иассауи 
еңбектерінен бастау  алады  деп  айтсақ  қателеспейміз.  Отбасы  тәрбиесі 
мәселесін  қазақтың  алдыңғы  қатарлы  ағартушылары  Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов  және 
т.б. көрнекті ғалымдары жан-жақты қарастырып, құнды пікірлер айтты. 
Ұлы  Абай  жастарды  тәрбиелеуде  күнделікті  отбасы  тәрбиесіне,  ата-
ананың  жауапкершілігіне  ерекше  мән  берді.  Баланың  болашағына 
жауапкершілік  алдымен  әкеге  жүктелетінін  ескертіп,  әкенің  ақылы  мен 
ықпалы  болмай  адал  еңбекке,  мағыналы  өмірге  дұрыс  баулу,  жас 
жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес 
екенін атап көрсетті. Сондықтан, баланы ұлағатты азамат - «толық адам» етіп 
тәрбиелеу үшін, ата-аналарының өздерінің сол дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі 
болуын талап етті. Ойшыл ақын әкенің ізгі қасиеттері - оның адамгершілігі, 
еңбексүйгіштігі, отбасы, жарына адал болуы деп есептеді. Әкенің отбасына, 


15
жарына деген сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырып тұрса, ері ақылды, 
жары  мінезді  болып,  тату  болса,  бала  жақсы  мінезге,  асыл  қасиетке 
тәрбиелене алатынын атап өтті. Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы - әке 
деп білумен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады. Өз 
анасы  Ұлжан  мен  әжесі  Зеренің  құшағында  болып,  қос  мейірім  бұлағынан 
сусындап  өсуі  оның  ана  қасиетін  биік  тұғырдан  тануына  игі  әсер  етті. 
Аналық  мейіріммен  берілетін  нәзік  те, пәк  адамгершілік  қасиетті  ерекше 
қастерледі.  Ананы  өз  баласының  алғашқы,  ең  аяулы тәрбиешісі  деп  білді. 
Қыз бала тәрбиесіндегі ана тәлімінің ықпалына Абай атамыз педагогикалық 
тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. 
Балаға  қайырымдылық,  қаталдық,  кішіпейілділік,  күйгелектілік, 
шыншылдық, өтірікшілікті беретін кім? Ол әрине, ата-ана тәрбиесі. Баланың 
бойына сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. «Сүтпен сіңген мінез 
сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді...» - деп, 
Ж.Аймауытов  өз  еңбегінде  бала  мінезін  қалыптастырудағы  отбасы 
мүшелерінің ықпалын айқын ашып берді. Яғни, бала ата-анадан үйренсе, ата-
ана да баласы арқылы рухани өсуі керектігін алға тартады. Ол бала мінезін 
жас шыбыққа теңейді. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық 
ағаш  сияқты  болып  өсетінін,  отбасында  теріс тәрбиеленген  баланы  қайта 
тәрбиелеудің  үлкен  қиындық  келтіретінін  айтады. «Ата-аналар  баланы 
тәрбиелегенде  дәл  өзіндей  етіп  тәрбиелеуге  тырыспау  керек,  олар  баланы 
өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының 
өмір  сүріп  отырған заманына  қарағанда  анағұрлым  күрделі,  талабы  жоғары 
болатынын  ұмытпаған  жөн» –деп  М.Жұмабаев көрсеткендей  заманға  сай 
отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. 
Қазақ отбасының тарихы туралы жан – жақты зерттеген тұңғыш еңбек 
– тарихшы,  этнограф  Х.  Арғынбаевтың  1973  жылы  шығарған  «Қазақ
халқындағы  семья  және  неке»  атты  кітабы.  Ол  1996  жылы  толықтырып,
өңделіп «Қазақ отбасы» деген атпен қайта жарық көрді. Бұл еңбектерде қазақ
отбасының  дамуындағы  ерекшеліктеріне  тарихи-этнографиялық  тұрғыдан
шолу  жасалынды.  Сонымен  қатар  қазақ  отбасының  өткені  мен  бүгінгісі,
халқымыздың оған байланысты бай салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары
терең  қамтылған.  Сондай  - ақ,  отбасындағы  тәрбие  мәселелері  қазақтың
тұңғыш  журналист  қызы  Н.Құлжанова  тарапынан  біршама  қарастырылған.
Ол  баланы  мектеп  жасына  дейін  тәрбиелеу  саласында  ата-аналарға  арнап
көптеген  әдістемелік  нұсқаулар  мен  ғылыми  еңбектер  ұсынған.  Адамзат
қауымының отбасы құру шежіресі мәселесін қарастырған ғалымдардың бірі
С.Ғаббасов.  Ол  өзінің  «Педагогика  мен  психология  негіздері»  деген
еңбегінде отбасы тарихының адамзаттық сипаты, ұрпақ тазалығының мәнін
түсіну, ата–ана арасындағы сыйластық, ана құрсағындағы тәрбиенің түрлері,
ерлі  – зайыптылырдың  арасындағы  қатынас  мәселелеріне  терең  талдау
жасайды. Қазақ халқының өміріндегі қай кезең болмасын, негізгі тәрбие көзі
– отбасы  болғанын  ғалым  Е.  Сағындықұлының:  «Отбасы- адамның  туған
ошағы,  кімге  болса  да  қымбат  ұғым.  Отбасы - ғасырлар  бойы  қалыптасқан
адам  баласының  ең  жақын  топтарының  бірлесіп  өмір  сүретін  мекені.  Онда


16
адам  баласы  алғашқы  тәрбиені  қабылдап,  алғаш  рет  өмір  туралы,  ұжым 
туралы ұғым қалыптасады. Отбасы- адам үшін ең жақын әлеуметтік орта» -
деп көрсеткен пікірі дәлелдей түседі [2].
XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  отбасына  деген  тарихи 
көзқарастарды ғылыми көзқарастар толықтыра түсті. Бүгінде отбасы тәрбиесі 
мәселелері қазақстандық ғалымдар М. Ғабдуллин, Х. Арғынбаев, С.Ғаббасов, 
Қ.Жақыпов,  Қ.Р.  Қоянбаев,  А.Жүнісов,  Қ.Толыбаев,  С.  Қалиев,  Е. 
Сағындықұлы,  С.  Кенжеахметұлы, Қ.Т.  Атемова  және  тағы  басқалар 
тарапынан  зерттеліп  келеді.  Қазақ  халқының  отбасылық  тәрбиесін  зерттеу 
қажеттігін ең алғаш көтерген академик М. Ғабдуллин. Ол өзінің 1966 жылы 
жарыққа  шыққан  «Ата  – аналарға  тәрбие  туралы  кеңес»  атты  еңбегінде 
«...қазақ  халқының  өмірінен  орын  алған  тәрбиенің  тарихын  жан  – жақты 
түрде  қарастыру  - өз  алдына  зерттелетін  мәселе»  деп  атап  кеткен. 
К.Оразбекованың  «Иман  және  инабат»  атты  оқу  құралында  әдеп  және 
тұрмыс-салт психологиясы  ұлттық  мазмұнда  жазылған.  Оқу  құралында 
отбасы – адамзат  өмірі  өз  жалғасын  табатын,  болашақ  ұрпақ  өсіп  - өрбіп 
ұшатын  ұя  екендігі,  әдептілік,  сыпайылық,  ізеттілік,  адамгершілік  сияқты 
асыл  қасиеттерге  баулу  отбасынан  бастау  алатындығы  көрсетіледі, 
сондықтан отбасының міндеті – жас ұрпақты инабаттылық пен имандылыққа 
тәрбиелеу деп көрсеткен. Отбасы мәселесін тарихи тұрғыда зерттеп жүрген 
ғалымдардың бірі – Қ.Т. Атемова. Оның 2009 жылы жарыққа шыққан «Түркі 
халықтарындағы  отбасы  тәрбиесі  дәстүрлерінің  қалыптасуы»  атты 
монографиясы  «Түркі  ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі 
идеяларының  қалыптасуы  мен  дамуын  зерттеудің  әдіснамалық  негіздері», 
«Түркі  ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі  идеяларының 
қалыптасуы мен  дамуын  зерттеудің  әдіснамалық  негіздері»,  «Түркі 
ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі  идеяларының  бүгінгі  отбасы 
тәрбиесіндегі  сабақтастығы»  атты  үш  тараудан  тұрады.  Қазақ  отбасындағы 
қыз  бала  тәрбиесінің  әртүрлі  бағыттары  ертеден  жан-жақты  қарастырылып, 
тәрбие  жүйесі  анықталған. Қыз  бала  тәрбиесіне  байланысты  әр  ата-ананың 
өзіндік  ережесі  қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жазылмаған  заң  тәрізді 
ауызша  жалғасын  тауып  отырған.  Бұл  жөнінде  ғалым  Ж.Т.Сарыбекованың 
«Қыз тәрбиесі» атты монографиясы қыз баланы отбасына тәрбиелеуге деген 
көзқарастар, ондағы  ерекшеліктерді  кеңінен  қарастырып,  онда  қыз
баласының  кескін  келбетіне  қарап,  оның  мінез-құлқы  мен  қабілетін,  қыз 
балаға тән болатын қасиеттерін зерттеген[4]. 
Соңғы  жылдары  отбасы  тәрбиесінің  әр  түрлі  мәселелеріне  қатысты 
қазақстандық  ғалымдар  Ш.Ж.  Арзымбетова  («Роль  школы,  семьи  и 
внешкольных  учереждений  в  экологическом  воспитании  младших 
школьников  в  работе  по  месту  жительства»  1999),  К.К.Тусубекова 
(«Становление,  развития  народной  педагогикой  и  пути  решения  ее 
современных  задач  по  воспитанию  детей  в  семье средствами  народных 
сказок,  пословиц  и  поговорок»  1999),  И.Б.  Юсупова («Взаимодействие 
школы,  семьи  и  общественности  в  воспитании  учащихся  РК  1950-1990»
2005), Ш.А. Алтынбай («Отбасында ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын 


17
арттырудың педагогикалық шарттары» 2004), А.А. Жұмадуллаева («Жоғары 
сынып  оқушыларын  отбасы  – некелік  өмірге  даярлаудың  педагогикалық 
негіздері»  2006),  Б.К.Момынбаев  («Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасылық 
қарым – қатынас некелік өмірге даярлау» 2008), С.С. Қоңырбаева («Жоғары 
сынып оқушыларын отбасылық өмірге этно – мәдени құндылықтар негізінде 
даярлаудың  педагогикалық  шарттары»  2008),  Қ.Оразбекұлы  («Қазақ 
этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесінің педагогикалық шарттары» 2009), 
Қ.Т.Ахметова  («Түркі  ғұламалары  мұраларындағы  отбасы  тәрбиесі 
идеяларының  қалыптасуы  мен  дамуы  (IX-XII  ғ.ғ.)»  2009)  сияқты  ғалымдар 
диссертациялық жұмыстарын қорғады [4].
З.Ахметова: «Қарағым  биік  тауға  қара-көңілің  өседі,  көңілің  өссе  -
немереңнің өресі биік болады, жазық далаға қара-жан сарайың кеңиді, сонда 
немерең кең пейілді болады, жайқалған гүлге қара-сәбиің шырайлы болады, 
бұлақтың  көзін  аш-бала  қайырымды  болады»  деген секілді  ұлағатты  дәріс 
беріп,  аналарымыз  жас  келіншектерді  таным-талғамын  ұштап  баулыған. 
Міне, бұл ұлттық ұғымның ұлағаты.
Абай  атамыздың  баланың  өмірді  танып-білуі,  оның  бойында 
қалыптасар  барлық  қасиеттеріне  жауапты  адам  ата-ана  дей  келе:  «Балаға, 
көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі –
ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы 
көрсе сонысы жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр.
Қазіргі
кезде  отбасы  тәрбиесі  мәселесі  әлемдік  деңгейде 
қарастырылуда  «Балалар  құқығы  туралы  конвенция»  (1995ж),  ал  елімізде 
Қазақстан Республикасының  «Балалар  құқығы  туралы  заңы»  (2002  ж), 
«Отбасы және неке туралы» Заң сияқты құжаттар осының дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет