73
тікелей араласу үшін жүргізілді. Мұндай араласудың тиімділігі баламен
қатынаста «сенімділік» жағдайын туғыза білуге байланысты.
2. «Уайымды бөлісу» жағдайы. Бұл жағдайға жан толғанысын бастан
кешкізетін әсерленудің тиімділігі негіз болады. Бала оқуда үлгермесе,
қиналса оған көңіл аудару және көмектесу, оның мұқтаждығын елеп ескеру
керек. «Уайым бөлісу» жағдайында балалар адамның терең сезімді
қайғыруын көре білу, түсіну, оған үн қосу, өзгенің қайғысымен бөлісу. Бұл
жағдай адамгершілік рухани қарым-қатынастарды жеделдетіп, еркін
қатынастың мазмұнына ықпал жасайды, жағымды күй кештіртеді.
3. «Ерікті мәжбүрлік» жағдайы. Жағдайдың бұл түрін қолдан
уда
қоғамның адамгершілік рухани тәжірибесін тек баланың бойында дамыту
арқылы дұрыс мінез бітістерін қалыптастыру. Бұл процесті басқара отырып
баланың алдына айналасындағылар жөнінде белгілі бір моральдық көзқарас
ұстау, белгілі бір сипатта өзінше бағалау қажеттілігі міндетін қою керек.
4. «Еркін таңдау жағдайы» адамның айналасындағы ақиқат
құбылыстарға таңдап араласуы. Адамның өмірінде шешім қабылдаудың көп
жағдайларда оның қылығының рухани адамгершілік жағы көрініс табады.
Сондықтанда еркін таңдау жағы баланың нақтылы жағдайлардағы мінез-
құлқын бейнелейтін белгілеріне байланысты.
5. «Моральдық шығармашылық» жағдайы «моральдық таңдау»
жағдайымен тығыз ұштасады. Қандай да бір нақтылы жағдайда қалай
әрекет ету, қандай нақты таңдау жасау, дәл сол жағдайдың өзіне
шығармашылықпен қарауға байланысты.Ұлы педагог А.С.Макаренко «Бес
жасқа дейін дұрыс тәрбие көрмеген баланы кейін қайта тәрбиелеуге тура
келеді, бірақ қиын болады» дегендей, бала ең алдымен өз ошақ басына қарап
өседі. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Отбасы мүшелерінің барлық
қылықтары, іс-әрекеті балаға бұлжымас заң тәріздес әсер етеді (3.3-сурет).
3.3 – сурет. Отбасында баланы адамгершілікке тәрбиелеу жолдары
Достарыңызбен бөлісу: