А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет118/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

СҮЙІСПЕНШІІЛК ТҮРЛЕРІ
өзімшіл сүйіспеншілік
өзара сүйіспеншілік
риясыз сүйіспеншілік


75
үшін бар асылын құрбан етеді. Махаббат бұл – отбасының іргетасын құру 
кезінде  қыз  бен  жігіттің  бірін-бірі  бір  тұтас  адамдай  сезініп,  қандай  сынақ 
болса  да  бөлінбейтіндей  ететін  сезім.  Ата-ананың  арасындағы  қатынас 
махаббат  пен  өзара  сыйластыққа  негізделсе,  ол  әрдайым  үйлесімді 
болады.Махаббатың  керемет  қуаты  бар.  Ғашықтар  өздерінің  таңдаған 
адамдарының  «жақсысын  асыруға» бейім.  Мұндайда  айналадағылар  ғашық 
жандар  махаббаттан  көзі  қарайып,  сүйгенінің  шын  келбетін  көре  алмайтын 
болған деп санайды. Дұрысында ғашықтарды көрсоқыр емес, көреген деген 
жөн,  яғни  олар  сүйіктісінің  бойынан  басқаларға  байқалмайтын  жақсы 
қасиеттерді көре алады. Жай қараған кісінің көзіне олар көріне бермейді, ал 
сүйген адам анық көреді, мұның өзі ғашығының асыл қасиеті екеніне сенеді. 
Махаббатттың арқасында біз өзімізге қымбат адамның қандай бола алатынын 
көреміз.  М.М.Пришвин:  «Менің  бойымнан  сен  тапқан  қасиеттердің  көбі 
менде  болмас  та,  мен  дәл  сен  ойлағандай  мінсіз  емеспін.  Бірақ  сен сүйсең, 
мен қазіргіден жақсы болуға тырысамын» - деп текке айтпаған. 
Адамның  дене,  жан  саулығының  қолдаушысы,  амандығының  қайнар 
көзі  және  кепілі – ата-ана махаббатыСол  себепті  бала  тәрбиесінің 
алғашқы  және  негізгі  міндеті  – балаға оны  жақсы көретіндігін,  қамқор
екендігінің  сенімін  құру.  Бала  ешуақытта  да  ата-ана  махаббатынакүмәнді 
болмауы  тиіс.  Ата-ана махаббаты – адамның  амандығын,  дене  және  жан 
саулығын  тілейтін  періштесі  және кепілі.  Сол  себепті  бала  тәрбиесінің 
алғашқы және негізгі міндеттерінің бірі, балада оны жақсы көретін және оған 
қамқор  болатын  сенімді  құру.  Ешқашан,  қандай  жағдай  болмасын,  ата-
ананың  махаббатына  бала  күмәнданбауы  тиіс.  Ата-аналардың  барлық 
міндеттерінің  ең  табиғы  және  ең  қажеттісі  – кез  келген  жаста  балаға 
махаббатпен  және  түсіністікпен  қарау. Көптеген  ата-аналардың  ойынша, 
қандай  жағдай  болмасын  балаға  деген  махаббатты  көрсетуге  болмайды, 
ойларынша,  жақсы  көретінін  бала  білсе,  бұл  – бетімен  кеткендікке, 
өзімшілдікке,  менмендікке  апарары  сөзсіз.  Бұл  пікірді  үзілді-кесілді 
қабылдамауымыз  қажет.  Барлық  осы  жағымсыз  тұлғалық  ерекшеліктері 
махаббаттың жетіспеушілігінен, белгісіз әсердің тапшылығынан, өзгермейтін 
ата-аналық  жаны  жақындықтың  тірегінен  айрылған  балада  пайда  болады. 
Балаға  ата-ана  оны  жақсы  көретіндігін  сендіру  және  оның  қамын  ойлау 
уақытқа  да,  бала  үйде  немесе  ерте  жастан  бөбекжайда,  не  болмаса 
балабақшада  тәрбиеленетіне  бағынышты  емес.  Ұрпағына қай  жас  кезеңінде 
болмасын  әрқашан  мейіріммен,  ілтипатпен  және  ізгілікпен  қарау  – ата-
ананың міндеті. Баланың бақытты болуы ең алдымен ата-ананың арасындағы 
махаббатқа,  бір-бірінің  жан  дүниесiн  танып,  сырласып,  сыйласып  өмір 
сүруінде.  Отбасындағы  жағымды  қарым-қатынас  балада  жауапкершілік, 
ынтымақтастық, бірлік сияқты қасиеттерге негіз болса, керісінше жағдайдағы 
қарым-қатынас  (ұрыс-керіс,  қақтығысушылық)  баланың  көңіл-күйіне, 
еңбекке  қабілеттілігіне  үлкен  зиян  келтіреді.Отбасында  сүйіспеншілікте 
тәрбиеленіп,  адамгершілік  қасиеттері  қалыптасқан  тұлға  белгілері:
басқалаға жанашырлық білдіру; өзге адамға жақсылық тілеу; көмек көрсету; 
оны  жүзеге  асыру;  өмір  туралы  мәселелер  жөнінде  толғану;  өмірдің  мәнін 


76
іздеу;  өзін-өзі  дамыту;  жетілу  арқылы  бүкіл  дүниені  жетілдіру.  Бала  үшін 
отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы, екінші жағынан – тәрбиелік орта.
Балаларды  дамытудың  тиімді  шарты  – жақсы  көретін  отбасының
болуы.  Жақсы  көретін  отбасы  – бұл  балалармен  үйлесімді  және  өзара 
түсіністікке  қол  жеткізетін  отбасы,  бұл  жерде  балалармен  қарым-қатынас 
жасау – үлкен қуаныш, мұнда оң және жақсылыққа негізделген эмоционалды 
мәдениет  басым.  Саналы  махаббат  баланы  қабылдаумен,  оған  деген  оң 
эмоционалды қарым-қатынаспен сипатталып, саналы талаптар және біріккен 
ісәрекетпен анықталады. Ата-ананың балаға қатынасының барлығына, мейлі 
ол  маңызды  емес  мәселелер  болсын,  қызығушылығының  шынайы  болуы,
бала өмірінде не болып жатқандығын біліп отыру – міне осыдан ата-ананың 
балаға  деген  махаббатынан  көрінеді.  Махаббаттың  негізінде  адамгершілік 
мәдениетті тәрбиелеуге болады, тек махаббат қана жақсы көруге үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет