А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет121/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

өзі  қызмет  көрсету.  Демек,  ортаңғы  сыныптардан  бастап  мектептің  оқу 
бағдарламасына  сәйкес  пәндерге біртіндеп енгізу  және  іс  жүзінде 
оқушылардың  мектепішілік  және  мектептен  тыс  істерінде  алған  білімдерін 
бекіту  керек.  Адамгершілік  және  мәдениет  негіздері  «Өзін-өзі  тану»  пәні 
сабақтарында  қалыптасады,  практикалық,  атап  айтқанда  қайырымдылық 
істерде бекітіледі.
3.7. Бақытты отбасын құру баспалдағы
Бақытты  отбасы  - психология  тұрғысынан  алғанда  өмірлік 
белсенділік  принциптері  мен  өмірлік  заңдары  сақталатын  функционалдық 
отбасы. Адам сияқты өмір сүру – бұл өз денеңді түсіну, бағалау және дамыту, 
оны  әдемі  және  пайдалы  деп  санау,  өзіңді  және  басқаларды  дұрыс  бағалай 
білу, тәуекелге барудан қорықпау, өз қабілеттеріңді көрсету және жағдайды 
өзіңе ыңғайлы етіп өзгерте алу, жаңа жағдайларға бейімделе білу, пайдалыны 
сақтай  отырып,  керексіздерін  алып  тастау.  Өз  аяғыңа  нық  тұра  алатын, 
шынымен  сүйетін  және  шынымен  күресе  алатын,  өзінің  нәзіктігі  мен 
тығыздығын біріктіре алатын, олардың арасындағы айырмашылықты білетін 
адам  өз  мақсаттарына  қол  жеткізеді.  Отбасы  - мұндай  адамды 
қалыптастыратын «зауыт» (А.Я.Варга).
Бақытты  отбасын  құру  үшін  жас  адамдар  екінші  жартысын  дұрыс
таңдай білуі керек. Өмірлік махаббатын табуда жас адамдар рухани жағынан 
әзір болуы керек. Ең алдымен олардың өздері махаббатқа лайық болуы керек. 
Махаббатпен жолығысуға даяр тұру – адамның жан сұлулығы, рухани күші 
неде екенін анық түсіну деген сөз. Махаббаттың шабыт берер қуат-күші зор, 
ол  – ғажап  ұстаз,  кейде  ұстаздардың  ішінен  ең  тамашасы  да.  Көптеген 
адамдар  газет-журнал  беттерінен  бүгінгі  отбасы,  махаббат  туралы  пікір 
таластарын  оқыған  болар.  Екі  жыныс  өкілдерінің  хаттарында  үйленгенге 
дейін  барлығы  жақсы  еді,  онан  кейін  бәрі  өзгеріп  сала  берді  деген  реніш 
тудыратын  кездер  көп-ақ.  Мұнан  әрі  тойдан  кейін,  өкінішке  орай,  нелер 
өзгергені  тізіліп  айтыла  бастайды.  Ойлап  қарасақ  неге  бұлай  болады  деген 
сұрақ  келеді?  Тойға  дейін  бірін-бірі  аз  білгенліктен  бе?  Бірақ  талай  жыл 
таныс  болғандар  да  қателеісп  жатады.  Мұның  бір  себебі  жастардың  өзара 
әңгімесінде  бір-бірінен  болашақта  не  күтетіні  туралы  аз  айтатыңдығында 
сияқты:  серігінің  мінез-құлқында  не  ұнап,  не  ұнамайтыны,  келешктегі 
күнделікті  өмірін  көзге  қалай  елестетіні  туралы  әңгіме  аз  қозғалады. 
Дұрысында,  мұндай  әңгімелер  адамдардың  бір-бірін  жақынырақ  танып,  өз 
сезімдерін бағалай білуіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет