Отбасы тәрбиесін зерттеуде қосалқы әдістер де қолданылады: бала
күнін бекіту, берілген тақырыпқа балалар суреттері мен әңгімелерін талдау,
ата-аналардың сұрақтарына жауап жазу және т.б.
Әдістердің басқа тобы отбасы тәрбиесінің кең тәжірибесіндегі
мәселенің жағдайы туралы жаппай материал жинауда пайдаланылады. Бұл
әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық әдістер:
сауалнама, сұрақ-жауап, сұхбат, әңгімелесу және т.б.Сауалнама -ақпарат алу
әдісі, оның бір түрі - сұхбат. Сауалнама қатаң бекітілген тәртіпті, сұрақтар
мазмұны мен нысанын, жауап беру тәсілін айқын көрсетеді. Бұл әдіс отбасы
құрамын, тәрбиелеудің оң тәжірибесін, отбасы тәрбиесіндегі типтік
қателіктерді, баланың оқу мекемесіне қатынасын, білімге қажеттілігін
зерттейді. Әңгімелесу - сауалнаманың бір түрі. Әңгімелесу әдісі еркіндігімен
ерекшеленеді және жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының
жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгереді. Құжаттарды зерттеу немесе
талдау– бұл отбасы мүшелерінің қызметтік, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға
арналған жалпы зерттеудің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық
және сандық болып екіге бөлінеді. Сапалық талдау баяндалған мәтіндік
ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, одан әрі математикалық-
статистикалық өңдеуге түседі. Сандық әдіске отбасы мүшелерінің саны,
олардың жасы, туған жылы, айы, күні, жұмыс өтілі және жалпы
дерекнамалары енеді. Өмірнамалық әдіс – тұлғаны зерттеуде көп
қолданылады. Бұл әдіс жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар,
өмір жолы, дамуындағы дағдарыс кезеңдері, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер
анықталады. Адамның күнделікті өміріндегі оқиғалар талданып, болашақта
кездесетін жағдайлар болжастырылады және өмірлік кестесі түзіледі,
каузометриясы жасалады. Каузометрия (латынша «causa-себеп», грекше
«metro – өлшем») – бұл оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік
салдары, тұлғаның психологиялық мерзім–кезеңдері талдауға беріледі,
оқиғаларға қатысты жағдайлар анықталады, тұлғаның дамуындағы тоқырау
кезеңдерінің басты оқиғалары айқындалады [6] (1.2 -сурет).
1.2 – сурет. Отбасының жекеленген бағыттары бойынша зерттеу әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |