А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


 Экономикалық  қызмет  немесе  шаруашылық-тұтынушылық



Pdf көрінісі
бет34/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

4. Экономикалық  қызмет  немесе  шаруашылық-тұтынушылық
қызмет.Экономикалық  не  шаруашылық-тұрмыстық  қызмет  патриархалдық 
отбасында,  негізгі  болмасада,  орасан  зор  рөл  атқарады  (көбіне  ауылдық 
жерде, қалада сирек). Отбасының экономикалық қызметі отбасылық қарым-
қатынастың әртүрлі аспектісін қамтиды: үй шаруашылығын жүргізу, отбасын 
басқару, отбасы қаражатын үнемдеп ұстау, кооперативтік іске қатысу, отбасы 
шаруашылығын, қосалқы шаруашылықты дамыту.
5. Отбасының  бос  уақытты  және  демалысты  ұйымдастыру
қызметі едәуір  көбейді.  Бос  уақыт  деп  – адамның  өзінің  қалауынша 
жұмсайтын  жұмыстан  тыс  уақыты.  Бос  уақыт  өте  маңызды  әлеуметтік 
құндылықтың  бірі,  адамның  дене  және  рухани  күшін  қалпына  келтіретін, 


28
таптырмайтын  құралы.  Бос  уақыт  қызметі  мынадай  тармақтарға  бөлінеді: 
жыл  сайынғы  демалысты  өткізу;  қала  сыртына,  саяхатқа  және  жорыққа 
шығу;  ата-анамен  туысқандарға  бару;  достары, жақындары, таныстарымен 
кездесу;  мейрамхана,  дәмханаға  бару;  театр,  кинотеатр,  сауық  залына  бару; 
спортпен айналысу; мерекелерді ұйымдастыру және өткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет